Күрделі сындар деп отырғанымыз екі немесе одан да көп сындық ұғымдардан құралып,сындық ұғымды білдіретін сөздерді айтамыз.
Мысал келтіретін болсақ қара ала,ерке тотай,қыр мұрынды,қызыл ала т.б.Күрделі сындық ұғымдар бір ғана белгіні білдіретін сөздер,яғни бір лексама болып келеді.Олардың сыңарлары көп болса да бір ғана сөздің қызметін атқарады.
Күрделі сын есімдер тек бір ғана белгіні білдіргендіктен,сөйлемде оған
бір ғана сұраққа жауап беріп,бір ғана сөйлем мүшесі бола алады.
Мысалы:Арықша келген,домалақжүзді қыз жүректі тебірентеді.
Алып денесімен,қара бурыл сақал сипалаған Құнанбай бұларға сұстана қарайды.
Бұл жерде сын есімдерге:арықша,домалақ жүз,алып дене,қара бурыл сақал.Бір ғана қандай? деген сұраққа жауап береді.Сонымен қатар сөйлемде анықтауыштық қызмет атқарып тұр.
Күрделі сындардың сыңарлары жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды,себебі бір сөздің ішкі құрылымына жатады.
Тіліміздегі күрделі сындардың дыбыстық құрамы тұрақты.
Күрделі сындар біртұтас сөздерге жатады және олар тұрақты сөз.Сондықтан да олардың орындарын ауыстыруымызға болмайды.Мысалы:көк жасықты адам,ақ жаулықты ана, ақ қанатты құстар деген сияқты т.б.Күрделі сындардың орындарын ауыстыруға болмайтын тағы бір себебі,күрделі сындағы мағыналары оларда жоқ болып келеді.Күрделі сындар белгілі бір құрамда болып келеді яғни олардың сыңарлары тәртіппен орналасқан,сол арқылы мағына қалыптастырылады.
9
Күрделі сындардың сөйлемдегі қызметі басқа сөздермен тіркесуі арқылы бір ғана мүше бола алады.Мысалы:Ол бір үйде сылқым да,сұлу қыздар мен келісті бозбалаларда болды.Жалпы тілімізде күрделі сындар туралы танымал пікір күрделі сындар толық мағыналы сөздердің сыңарларынан жасалынады делінген.Тіл біліміде осы пікірге қарсы келмейді.Себебі,күрделі сындардың мағынасы оның құрамынадағы мағынаға байланысты болып келеді.Сол арқылы күрделі сындық ұғымдар жасалады.
Күрделі сындардың құрамы да күрделі болатынын айттық ендігі мысал келтіретін болсақ,мысалы:ақшылдау орамал,қара ала бәтеңке,қоңыр күрең күз т.б.Бұлардың күрделі сындық ұғым екені түсінікті бірақ,олардың мағынасына үңілетін болсақ олардың сындық белгісі нақты емес,мысалы ақшылдау орамал деген мысалда орамалдың нақты ақ түсті екенін айтып тұрған жоқ,ақшылдау дегені мүмкін ақтан басқа да түстің қосылуы әбден мүмкін.Қара ала бәтеңке мысал да сол сияқты нақты қара түсті бәтеңке емес қара ала бәтеңке яғни қара түстен бөлек басқа түстің болуы мүмкін.
Яғни қорыта айтқанда,мағыналық сыңарлары мағыналарының қосылуынан жасалынған күрделі сындар болып тұр.
Күрделі сындар сөзжасамның ішінде аналитикалық тәсілдің бөлінулерімен қарастырылады яғни олар:сөзқосым,қосарлану және тіркесумен жасалады.
10
Күрделі сындардың түрлері
Біріккен түрдегі күрделі сындар
Тіркесу арқылы жасалған күрделі сындар
Қосарлану арқылы жасалған күрделі сындар.
Күрделі сынның жасалу жолдары:
Қатыстық сынның бір-бірлері арқылы тіркесуі арқылы жасалынады.
Мысалы:тік мінезді,құба сақалды,бота көзді т.б
Сын есімдердің қосарлану арқылы күрделі сындар жасалынады.
Мысалы:биік-биік,алыс-жақын,аппақ т.б
Қатыстық сын есім мен есім сөздің бір-бірімен тіркесуінен жасалады.
Мысалы:қос ішекті,қос етекті,ақ жаулықты т.б
Қатыстық сын мен сапалық сынның бір-бірімен тіркесуі арқылы жасалады.
Мысалы:ақ қанат(құс),
Сапа сындары бір-бірімен тіркесу арқылы жасалады.
Мысалға:қара ала,қара қоңыр,көк ала,қызыл ала,қоңыр күрең т.б деген сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |