\
1- апта.
Қазақ халқының шешендік өнері туралы жалпы түсінік.
Жоспар:
-
Шешендік өнер тарихы.
-
Шешендік өнердің мәні.
-
Шешендік сөздер.
Қазақ шешендік өнерін көнелендіру, оның тарихын сонау ежелгі сақ, ғұндарға қатысты әңгімелерден, Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерінен бастау тенденциясын көтеру. Орхон, Енисей, талас, оның бер жағында орта ғасыр түркі жазба ескерткіштерінің бәрі-біз үшін ортақ дүние.
Қазақ халқының шешендік өнерінің тарихы сол халықтың әдеби тіліне қатысты болуы мүмкін екендігі. Бұл қатыстылық ең алдымен шешендіктің әдеби тіл арқылы жүзеге асатындығынан туындауы қажет.
Тарихымызда әдеби тілдегі шешендік ауыз әдебиетіміз, сон дай-ақ авторы белгілі жазба мұраларымыз, билер сөзі, ақын-жырау шығармалары арқылы көрінеді. Сондықтан шешендіктің тарихын зерттеу барысында әдебиеттану ғылымы мен тарих ғылымын ұштастырып зертттеу қажеттігі туындайды. Өйткені қазақ шешендік өнеріміздің жеткен шыңы мен басып өткен жолының қыр – сырларын тек әдеби тілдің тарихын сөз ете отырып тарихи тұрғыдан қарастырғанда ғана дұрыс тани аламыз.
Шешендік өнер сол тіл де сөйлеуші халықтың тарихымен, экономиканың саяси әлеуметтік жағдайларымен тікелей байланысты. Шешендік өнердің қптасу жолын тарих кешінен іздегенімізде, әдебиет туралы айтқан ғылымдардың пікірін келтіріп отырамыз. Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын доп басып айту қиын.
Себебі қазақ шендік сөздері қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келді. Бізге жеткен дерктерге сүйне отырып қақаз
шешендерінің атасы - Жиренше деп атауға болады.
Қазақ шешендік өнерінің тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
-
XI – XIII ғасырлар аралығы (Майқы би, Аяз би)
-
XIV – XVI ғасырлар аралығы (Асан қайғы, Жиренше)
-
XVIII ғасыр ( Төле, Әйтеке, Қазыбек билер ).
Шешендік сөздер қара сөзбенде, поэзия түрінде де келе береді. Шешендік сөздердің өзіне тән тілдік – көркемдік белгілері болады, сол белгілер көпшілікке қарата айтылған сөздерді ойға түрткі , сезімге қозғау салатындай көрікті де әсерлі етеді. Халықтың шешендік дәстүрі ежелгі дәуірлерден қолданылып келе жатқан аңыз- әңгімелерден көрінеді. Аңыз - әңгімелердің негізінде келіп дамыған халық ауыз әдебетінде: тұрмыс- салт жырларында, ертегілер мен эпостық, лиро-эпостық жырларда, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда шешен сөйлеу үлгілері сақталып қалған. Шешендік сөз дегеніміз – тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып , ой түсіретін даналық сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті де, әсерлі сөз, бұра тартпас дәлелімен тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір- білімді сөз, өтіп кеткен не өтіп ажтақн оқиғаны жанды суреттей көз алдыңа алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін терең мағыналы түйінді сөз.
Қазақ шешендік өнерін шыңдап зерттеу әйгілі Қазан төңкерісінен кейін басталады. Рас, халықтың шешендік қасиеті, кейбір шешен билері жайында саяхатшылар, шығысты зерттеушілер төңкерістен бұрын да жазған болатын.
Қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтекелер би болған. Сөз өнерін жеткі меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғар бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да, қай қоғам да үлкен сый – құрметке ие болып отырған.
1- апта. 3балл
ТЕСТ Риторика. Шешендік өнер ғылымы. 1.Қазақ шешендік өнердің тариқын неше кезеңге бөліп қарастыруға болады?
А)5 Б)4 В)3 2. Аралығында қай шешендер өмір сүрді? А)Аяз би, Майқы би Б)Жиренше,Асан Қайғы. В)Әйтеке, Төле, Қазыбек. 3Төле, Қазыбек, Әйтеке билер қай ғасырда өмір сүрді? А) ХІ- ХІІІ Б) ХІV-ХVІ В) ХVІІІ 4Қазақтың би-шешендерін ата: А)Әйтеке, Төле, Қазыбек. Б)Домесфен,Цецерон. В)Коменский, Ушинский, Макаренко. 5 Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде не деп айтады? А)шешендік өнер Б)риторйка В)лингвистикалық сөздер 6 Риторика ғылымының негізін қалаған кім? А)Жиренше Б)Протагор В)Занков 7 Грек софисті алберлік Протагор қай жылдары өмір сүрген? А)б.д.д. 444 Б)б.д.б 444 В)б.д,д.200 8 Протогордан кйінгі шешендік өнерді жалғастырушылар кімдер болды?
А) Демосфен, Цецерон. Б)Әйтек Төле, Қазыбек. В)Гогрий, Офразимоқ, Пеппи. 9 Риторика қай ғылымдармен тығыз байланыты? А)Қазахстан тариқы, қимия. Б)Логика, Псиихлогия, Филасофия. В)педагогика,кибернетика, Физоиолгия
10) Шешендік өнердің негізінде неше түрі бар? А) 4 Б) 3 В) 5 11) Шешендік өнердің түрлерін ата: А) кеңес сөз, бйлік сөз,салтанаты сөз. Б) кіріспе, баяндау, қортынды. В) ақыл сөз, құрмет сөз, шешендік сөз. 12) Шешендік сөздің құрылымын ата: А) кеңес сөз, билік сөз, салтанаты сөз. Б) кіріспе, баянда, қорытынды. В )ақыл сөз, құрмет сөз, шешендік сөз. 13) Қазіргі шешендік сөз мақсаты мен мазмұнына қатай неше топқа бөлінеді?
А) 4 Б) 5 В) 6 14) Қазақ шешендерінің атасы кім? А) Асан қайғы Б) Жәнібек В) Жиренше 15) Әлуметік – тұрымыстық шешендік сөздер дегеніміз- А) Оған уағыз, иман сөздер жатады. Б) меритоиларда, салтанатты жерлерде айтылатын сөздер жатады. В) жоғары оқу орындарында оқылатын лекциалар, ғлыми баяндамалар, хабарлар, шолул ар қраиды.
2-апта.
Шешендік өнер ғылымы, риторика.
Жоспар:
1.Шешендік өнердің қалыптасуы.
2.Қазақтың ұлттық шешендік өнері.
3.Қазіргі шешендік сөздердің түрлері.
Шешендік өнер қай қоғамда болса да халыққа, қалық көпшілікке әсер ететін, оның сапасын, сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген ол өнер күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ. Демек, халық алдында баяндама жасап, дәріс оқитын ғылым, жазушы, жалпы әрбір білімді, мәдениетті адам үшін шешендік өнер туралы білімнің тарихымен танысу әсте артық емес.
Шешендік өнердің тууы, қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен адам қоғамының пайда болуымен байланысты. Өйткені әрбір қоғамның өзіне лайықты қарым-қытынасы болатыны даусыз, алайда жүйелі ойлау, шебер сөйлеу сөз өнері ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан көп бұрын шығып қалыптасқан.
Шешендік өнер туралы ғылымды-халықаралық тілде риторика дейді.
Риторика ғылымының негізін салған грек, софист абдерлік Протагор (біздің дәуірімізге дейінгі 444 жылы туған) деп есептеледі.
Классикалық дәір кезіндегі Грецияда Протагордан кейінгі шешендік өнерді жалғастырушылар монтилік Георгий (483-375) халкедондық Офразимах, Пеппи болды.
Софистердің анықтамасы бойынша, шешендік өнер-риторика дегеніміз-сендерге білу яғни тыңдаушының санасына сезіміне және еркіне әсер ету, ықпал жасау деген сөз. Риторика логика, психология, әсіресе философия ғылымдарымен тығыз байланысты.
Шешендік сөздер негізінде үш түрлі болады; кеңес сөз, билік сөз, салтанатты сөз. Шешендік сөздің құрылысы үш бөлімнен тұрады:
кіріспе, баяндау және қорытынды шешендік өнердің шығуы, қалыптасуы және дамуы белгілі шешендердің есімдерімен, олардың мазмұнды маңызды сөздерімен белгіленеді.
Шешендік өнер, әдетте, халықтық-демократиялық қоғамдарда ақыл-ойға, сөзге еркіндік бар жерде дамиды.
Шешендік өнердің туып, қалыптасуы қоғамның пайда болуымен байланысты деген пікірді қазақ шешендік өнерінің даму тарихы да дәлелдейді. Тарихи аңыз-әңгімелерге, кейбір жазба деректерге қарағанда қазақтың шешендік өнері алғашқы хандықтарды құрасқан Майқы би, Аяз билермен (ХІІ-ХІІІ ғасырлар).
Асан қайғы жиренше шешендермен (ХІV-XVІІІ ғасырлар) шешендік өнер өзінің даму дәуіріне жеткен.
Қазақ шешендік өнерін шындап зерттеу әйгілі Қазан төңкерісінен кейін басталады. Рас халықтың шешендік қасиеті, кейбір шешен билері жайында саяхатшылар, шығысты зерттеушілер төңкерістен бұрын да жазған болатын. Бірақ олардың жазғандары жол-жөнекей байқағандары мен пайымдаулары еді.
Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын доп басып айтуға киын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келді.
Бізге жеткен деректерге сүйене отырып қазақ шешендерінің атасы-жиренше деп айтуға болады. Аңыздарда жиренше әз Жәнібек хан мен Асан қайғының (ХІV-XV ғ) тұстасы ретінде айтылады. « Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майды би» дейтін сөз бар.
Абай сол Майқыны « Шыңғыс ханның он екі биінің бірі» деп айтады. (А. Құнанбаев, шығармалар жинағы. Алматы 1965ж 315 бет). Бұл деректерге қарасақ, шешендік сөз тарихы әрі қарай тереңдей түседі.
Майқыби, Аяз би (ХІІ-ХІІІ ғ) жиренше шешен. Асан қайғы (ХІV-XV ғ) есімімен бізге жеткен өсиет, нақыл сөздерде жоқшылықтың, шапқыншылықтың азабын кешкен қазақ халқының бейбіт өмірді, көксеген қиялшыл арманы, тілек талабы бейнеленген.
Қазақ шешендік өнерінің кеңірек дамып, биіктеген кезеңі ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына, патша өкіметінің озбырлығына қарсы тұрып өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы аламан күрес жүргізген жылдары еді. Тап осы кезеңде билермен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандыруға рөлі мен беделі арта түсті. Әлемдік тарихи сахнаға қарасақ, шынайы шешендердің көрінетін орны Сот залдары, Парламент сарайлары, көпшілік және жекелеген адамдар қатысуымен болатын дау-жанжалдар шешілер жер екені белгілі. Жоғарыда аты аталған Демосфен, Цицирон, т.б адвокат әрі Парламент мүшелері болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері –Төле, Қазыбек, Әйтекекер би болыпты. Сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый құрметке не болып отырған.
Шешендік сөздердің кейде билер сөзі деп айтылуының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да, шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған.
Би-халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы. Биді байлық тағ барлық та жасай алмаған. Би өз тұғырынан топты жарып, таразы басын тең ұстап, қара қылды қақ жаратын әділ төрелігімен, асқан. Кеменгерлігімен, данышпандылығымен, салиқалы сабырлығымен жеткен. Би-табиғи дарын, асылтекті ақын, алыстағыны көре білген көсем, қызыл тілінен бал тамған шешен.
Көшпелі елдің тіршілік жағдайы да шешендіктің дамуының тағы бір факторы болып саналады. Қазақтың мал шаруашылығына байланысты тұрмыс қажеттері шешендіктің қалыптасуында, дамуында үлкен роль атқарады. Мал мен дәулет, жер, барышта нәтижелері айтыс пен тартыссыз, дау-таластың айықпал көзі болған.
Қазақ даласында шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне себеп болған фактор халықтың сөз бостандығына ерік беріп,еркіндікке жол ашқаны «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, сөзге тиым қоймаған.
Шоқанның пайымдауынша, шешендік сөздер әз-Жәнібек хандығының кезінде туып дамыған да, үш жуздің басын қосқан әз-Тәукенің тұсында, Хан Ордасы-Түркістан қаласында жанданған. Талай ғасырлардан бері ауыздан-ауызға көшіп, халық жадында жасап келе жатқан әдет-ғұрып, қарым-қатынас ережелерін жинақтап қалыптастыратын белгілі «Жеті жарғы» әдет- ғұрып заңы да Түркістанда жасалған.Ердің құлын ескі ауыз сөзбен бітіретін даңқты дала сөз зергерлері Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендердің атақ-даңқтары да сол кезде шыққан.
Шешендік сөздердің дамуына үлес қосқан Бұхар,Мұрат, Дулат, Шөже, Маханбет,Шернияз, Шом, Қазтуған сынды ақын-жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі:
1.ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында(Майқы би, Аяз би )
2.ХІV-XVІ ғ. Аралығы(Асан қайғы,Жиренше шешен)
3.ХVІІІ ғ.(Төле, Қазыбек,Әйтеке билер)
Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай бес топқа бөлінеді.
1.Әлеуметтік –саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптарға жасалатын баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, сьезд, сессияларда айтылатын сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шамулар жатады.
2. Академиялық шешендік. Бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар құрайды.
3. Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздерге прокурордың айыптау сөзі, әлеуметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың сөзі; айыпкердің қорғану сөзі.
4.Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге мерей тойларда, салтанатты дастархан басында қабір басында көпшілік алдында айтылатын сөздер жатады.
5.Діни қызметте жұмсалатын шешендік (нағыз). Бұл топтағы шешендік сөздер қазақ топырағында енді-енді дәстүрге айналып келеді.Оған уағыз иман сөздері жатады.
Шешендік сөздер айтушы мен тыңдаушыны жалғастыратын құралдар сан алуан. Шешендік сөздер мен машендік өнер қазақтың мәдени дүниесінде дәстүрі мол, болашығы зор әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Шешендік сөздердің кез-келгенінде жалпылама қолданылатын сөздердің үлесі мол, сондықтан олардағы стильдік нормалар да қатып қалған жүйеде көрінбейді, керісінше, олар араласып та келеді.Дегенмен, шешендік сөздердің әр түрінің негізін құрайтын тілдік сипаттар болады.
Шешендік сөздердің арасында өзара тығыз байланыстылық бар, олардың шекаралары да қозғалмалы сипатта келеді. Мысалы, академиялық шешендік пен әлеуметтік саяси шешендіктің арасында көбінде тақырыптық ортақтық жиі кездеседі. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағдайы ресми баяндамаға да , лекцияға да өзек бола алады.
Таным мен білімнің рухани дүниені дамыту мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың, адамзатты ізгілікке, қайырымдылыққа үндеудің, тәрбиелеудің құралы ретінде қызмет ететін шешендік сөздердің шынайы үлгілері қашан да біздің тарихымыздың, қоғам мен мәдениетіміздің дамуының айнасы іспетті болып қала бермек.
2-апта. 3балл
Бақылау сұрақтары:
Ауыз әдебиетіндегі шешендіктің үлгілері.
1. Қазақ эпосы бір кезде батырлар жыры түрінде көрінсе, кейіннен қай эпосқа көшті? 2. З. Қабдолов «Сөз өнері» еңбегінде не жайына сөз етті? 3. Лиро – эпостық жырларды неше топқа бөліп қарастыруға болады? 4. Ел арасында көп тараған әйгілі шығармаларға сипаттама: 5. Халыққа ауызша жетсе де, жарық көре алмай келген шығармаларға сипатама: 6. Шығыс елінен ауысқан хикая дастандар. 7. М.Әуезов аса көрнекті ғылым қазақ ауыз әдебиетінің көпеген түрлерін зеріттеумен бірге лиро – эпостық жырлардың тамаша екі нұсқасына арнаулы еңбектер жазды.Ол қандай еңбектер? 8. Лиро – эпос жөнінде Қазақ төңкерілісінен бұрын азды – көпті еңбек сіңірген ғалымдар: 9. Поэма туралы түсінік бер. 10. Лиро – эпос жырынан қандай жыр, дастандарды білесіндер?
3-апта.
Ұлттық шешендік өнер.
Жоспар.
-
Ұлттық шешендік өнердің түрлері.
-
Шешендік сөз, шешендік сөз сапалары.
-
Шешенге қойылатын талаптар.
Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынып дөп басып айту қиын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей ауызша айтылып халық жадында сақталып келді. Бізе деректерге сүйене отырып қазақ шешендерінің атасы – жиренше деп. айтуға болады. Аңыздарда жиренше әз – Жәнібек ханмен Асан қайғының XIV - XV ғ тұтасы ретінде айтылады. “Түгел сөздің түбі бір түп атасы Мойқы би” дейтін сөз бар. Абай сол Мойқыны “Шыңғыс ханның он екі биінің бірі ” деп айтады. Бұл дерекке қарасақ, шешендік сөз тарихи әрі қарай тереңдей түсуі. Мойқы би “XII-XIII” ғасыр Жиренше шешен, Асан қайғы есімімен Бізе жеткен өсиет, нақыл сөздерде жоқшылықтың, молшылықты көксеген қияшыл арманы, тілек –талабы бейнеленген. Қазақ шешендік өнерінің кейінрек дамып биіктеген кезеңі XVII-XVIII ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басшыларына, патша үкіметінің озбырлығына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жайындағы олармен күрес жүргізген жылдары еді. Тап осы кезеңде билермен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандырудағы рөлі мен беделі арта түсті. Әлемдік тарифи сақынаға қарасақ, шынайы шешендерден көрінетін орны сот залдары, парламент сарайлары, көпшілік және жекелеген адамдар қатысуыен де болатын заң жолдар шешілер жер екені белгілі. Жоғары аты аталатын Демосфен, Цицерон т.б. адвокат әрі парламент мүшелері болған. Ал, қазақтың аты аңызға айналған шешендері- Төле, Қазыбек, Әйтекелер би болыпты . Сөз өнерін же тік меңгерген адамдар сирек дарын ертінде жоғары бағаланып, қай замандад да, қай қоғамда да, алкен сый-құрметке ие болып отырған. Шешендік сөздердің кейде билер сөзі атауының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да, шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған.
Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы. Биді байлық та, барлық та, жасай алмаған. Би өз тұрғысына топты жарып, тарзы тең Остап қара қылды қақ жаратын әділ төрілігімен асқан тең ұстап кемеңгерлігімен, данышпандылығымен, салиқалы сабырлығымен жеткен. Би-табиғи дарын, асыл текті ақыл, алысьтағы көре білген көсем қызыл тілінен бал тамған шешен.
Көшпелі елдің тіршілік жағдайы да шешендіктің дамуының тағы бір деректері болып саналады. Қазақтың мол шаруашылығына байланысты тұрмыс қажеттері шешендіктің қалыптасуында дамуында алкен роль атқарды. Мал. Мен дәулет, жер барымта нәтиелері айтыспен тартыстың, дау таластың айықпас көзі болван.
Қазақ даласында шешендік өнердің өсіп өркендеуіне себеп болған фактор халықтың сөз бостандығына ерік беріп, еркіндікке жол ашқан. “Бас кеспек болсада тіл кесепк жоқ” – сөзге тим салмаған, сынға ешқандай шек қоймаған.
Шоқанның пайымдауынша шешендік сөздер әз- Жәнібек хандығының кезеңінде туып дамығанда, үш жүздің басон қосқан әз Тәукенің тұсында хан ордасы Түркістан қаласында жолданған. Та плай ғасырлардан бері ауыздан ауызға көшіп халық жадында жасап келе жатқан әдеть ғұрып, қарым қатынас ережелерін жинақтап қалыптастыратын белгілі “Жеті жарғы ” әдет ғұрып заңы да Түркістанда жасалған. Ердің құнын екі ауыз сөз бен бітіретін данықты даңықты дала сөз зергерлері Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендердің атақ даңықтары да сол кезде шыққан. Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат, Шөже, Махам бет, Шернияз, Шал, Қазтуған сынды ақын жыраулардың шығармаларында кестелі сөз оралымды ой мол кездеседі.
Сонымен, қазақ шешендік өнерінің тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
-
XI-XIII ғасырлар аралығы (Мойқы би Аяз би )
-
XIV-XVI ғасырлар арлығы (Асан қайға Жиренше шешен)
-
XVIII ғасыр (Төле, Қазыбек, Әйтеке билер )
Қазақтың шешендік өнері туралы піків айтқан Шоқан Уалиханов,Абай Құнанбаевтар болды. Шшендік сөздің табиғаты туралы А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ә.Мәметова, М.Ғабдулин, Б. Кенжебаевтердің еңбектерінде жан – жақты сөз болды. Ал, соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп танытуға үлес қосқан ғалымдар – Б.Аданбаев, С.Содырбаев, С.Қосқабаев, Ш.Ыбырайов, С.Негімов т.б. еңбектері ерекше.
Шернияз, Шал, Қазтуған сынды ақын жыраулардың шығармаларында кестелі сөз оралымды ой мо кездеседі.
Сонымен, қазақ шешендік өнерінің тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
-
XI-XIII ғасырлар аралығы (Мойқы би Аяз би )
-
XIV-XVI ғасырлар арлығы (Асан қайға Жиренше шешен)
-
XVIII ғасыр (Төле, Қазыбек, Әйтеке билер )
Қазақтың шешендік өнері туралы піків айтқан Шоқан Уалиханов,Абай Құнанбаевтар болды. Шшендік сөздің табиғаты туралы А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ә.Мәметова, М.Ғабдулин, Б. Кенжебаевтердің еңбектерінде жан – жақты сөз болды. Ал, соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп танытуға үлес қосқан ғалымдар – Б.Аданбаев, С.Содырбаев, С.Қосқабаев, Ш.Ыбырайов, С.Негімов т.б. еңбектері ерекше.
3-апта. 3 балл
Бақылау сұрақтары: Білім беру процесінде субъектінің өзіндік еркшелігі.
1.Білім беру процеснде субъектінің өзіндегі ерекшелігі қандай? 2. Көне заманда білім беру процесі қалай жүзеге асты? 3. Қазіргі заман мен бұрынғы заманның білім беру процесін салыстыр: 4. Көне заманда білім берудің артықшылылығ мен кемшілігі: 5. Қазіргі замандағы білім берудің артықшылығ мен кемшілігі: 6. Білім берудің негізін қалаған- 7. Өзің білім беру процесін қалай ұйымдастырған болар едің? 8. Қазақстанда білім беру қалай жүзеге асып жатыр? 9. Білім туралы заң- 10. Білім - өмір шырағы-
4-апта.
Мақалдар мен мәтелдер.
Жоспары :
1.Мақал – мәтелдердің жанрлық белгілері.
2.Классификациялаудың принциптері.
3.Мәтелдің мақалдан айырмашылығы.
Халық мақалдарының тақырыбы өте көп солардың ішінде ең күрделі бір саласы адам баласының еңбек ету жайына арналған.
Еңбек адамды мақсат – мұратқа жеткізіп абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді. Еңбегі бардың өнбегі бар, Еңбек түбі мереке деп халық адал еңбекті ардақтады. Еңбек етпеген адамды жатып ішер жалқауды халық өзінің мақалы арқылы сынап шенейді. Бұған еңбегі аздың өнбегі аз, еріншектің ертеңі таусылмас деген мақалдар келтіруге болады. Еңбек мақалының тақырыбына арналған қай – қайсысы болса да, ақыл өсиет түрінде айтылады. Бейнетсіз рахат жоқ, Әрекет болмай берекет бол. Түлік төлден өседі дей отырып сол түліктерді өсіру үшін қажырлы еңбек керектігін ескертеді. Жатқанға жан жуымас, жалқауға мал жуымас, Ат шаппайды, бап шабады. Мал жисаң қоныс тап, Бақпасаң мал кетеді деп ақыл айтады. Адал еңбекті сүйген халық мал басын өсіру үшін аянбай жұмыс істе, ерінбей еңбек ет, сонда ғана мал құралады дейді. Ал еңбек етпей, ұрлық немесе барымта жолымен мал жинап баюды көздеуші адамды халық қатты сынға алады, шенейді, Ұрыға мал қатаймас, ұрлық түбі –қорлық, деп сипаттайды. Халық мақалараның қоғамдық мәні бар тақырыптарын 1- ші оқу білім, тазалық тәрбие, мінез құлық, әдет ғұрып жайлары бұлар жөнінде халықтың ой, көз қарасы, шығарар қортындысы, айтар ақылы қандай екені байқалады. Жақсы нәрсені үлгі ету жаманнан жиеркеніш тауып бездіру, аталған тақырыптағы басты мәселесі оқу білім, ғылым жайын сөз қылғанда халық мақалыың, адам баласына тигізетін пайдасы көп екендігінен басталады. Қазақ мақалдарына жоғарыда жасалған қысқаша шолу ауыз әдебиетінің бұл түрі мазмұны жағынан болсын тақырыбы жағынан болсын орасан көп дүние екендігін көрсетеді.
Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері. Қазақ мақалдарынын өзіне тән негізгі бірінші ерекшелігі аз сөзбен көп мағына беретінінде аз сөз алтын- көп сөз көмір - дей отырып халық өзінің мақалдарында мазмұнды әңгіменің тобықтай түйінін береді. Ой пікірін көз қарасын әрі терең әрі ашық айтады. Мақалдың сөз саралауы, олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинала келеді. Ішкі құрылысы жағынан алғанда мақалдар екі түрлі біріншісі айтайын деген ойын ашық етіп, бірден турасынан білдіреді. Жауды алған жаралы қалады, Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ, т.б.
Екіншісі негізгі ойды астарлап айтады. Ғибрат білдіретін мақалдар. Қазақ мақалдарының біразы осы соңғы түрге енеді. Бұған мысалы: жығылсаң нардан жығыл, Сырын білмеген аттың артынан жүрме деген мақалдарды жатқызуға болады.
Жығылсаң нардан жығыл дегенде, нардан жығылып құлауды айтып тұрған жоқ, нардан үлкенге ұмтыл, мақсатыңа жете алмасаң, ол айып емес деген ойды білдіреді. Сырын білмегеннен аттың сыртынан жүрме дегенде тура маған болумен қатар, астарлап айтылған жанама мағана бар. Ол сырлас болмаған сырын білмеген адаммен бір ден ашша-жай болудың қолайсыз жағдайға душар еткенін аңғартады.
Мәтел. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ бұлардың өзара айырмашылығы бар. Басты айырмашылық бұлардың мазмұнында. Мақалды алсақ оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға , әңгімелер жатады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей жанама түрінде , әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Кейбір сөзді тыңдаушы өзі аңғарып түсінер деген оймен әдейі қалдырып кетеді. Бұл мәтелдің өзіне тән ерекешелігі болып табылады.
4-апта. 3 балл
Коллоквиум:
Мақал – мәтелдер олардың тілдік ерекшеліктері.
1. Еңбек түбі – берке- 2. Мақал- 3. Мәтел- 4. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады- 5. Ұрлық түбі – қорлық- 6. Бейнетсіз рақат жоқ- 7. Оқу инемен құдық қазғандай- 8. Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер- 9. Ұрыға мал қатаймас- 10. Жақсының алдымен жүр, жаманың артымен жүр-
5-апта.
Орта ғасырлардағы шешендік өнердің дамуы.
Жоспар:
-
“Оғыз-нама” дастаннындағы шешендік сөздер
-
“Оғыз – наменнің” нұсқалары. Зерттелуі.
-
Мазмұны
-
Шығарманың тілі. Көркемдеу әдістері.
“Оғыз-нама ”- түркі тек тес халықтардың ежелгі шежіресін генелогиялық аңыздар негізінде көркем тімен баяндайтын эпостық шығарма. “Оғыз-наме” -әрі көркем, әрі –тарихи туынды деуге болады.
“Оғыз-наме ” – де негізінен оғыз қағанның әскерри жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ер лік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеасы – елді ауыз бірлікке, ерлікке адамгершілікке үндеу халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. Оғыз қаған немесе Оғыз хан туралы сан қилы аыздар түркі халықтарының арасында ерте кежден –ақ кең тараған. Ежелгі аңыз ертегілерді Оғыз- түркі халықтарының теңдесі жоқ алып батыры, Әскери қол басшысы, өз Еліні қамқоршысы ретінде бейнеленеді. Бұл көркем туындыны ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінрек байта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі – ұйғыр әріпімен көшіріліп жазылған. “Оғыз-наме ” –жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасында (қорында) сақталып келеді. Екіншісі- араб әріпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы – атақтықты тарихшы, белгілі әскери қол басшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин араб Мұхамммед хан (1603-1663).
“Оғыз-наменің ”-біз атап кеткен екі нұсқасынан басқада бір қатар вариантары бар. Мәселен, Оғыз жөніндегі деректер атақты тарихшы Хондамердің (1475-1535) “Хуласат ал -ахбар” (тарифи мәліметтер жинағы) атты еңбегінде де бар. Ал, енді Стамбул нұсқасында “Оғыз-наме ”-аңызы “Қорқыт ата ” кітабы мен біріктіріліп берілген.
Шынында да “Оғыз-наме” мен “Қорқыт ата” –кітабюының кейбір тұстары өзара үндесіп жатады.
“Олғыз-наменің” ұйғыр әріпемен көшірілген нұсқасы тарихи шежіреден гөрі көркем шығармағы жақын.
“Оғыз-наме” аңызының Париж ұлттық кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі жағынан онша үлкен емес. Қол жаба небәрі 21 – парақ немесе 42-бет болып келеді. Әр бір бетке 9- Жолдак ғана жазылған. “Оғыз-наме ” өзінің композийиялық құрлысы жағынан “Күлтегін” жырына өте –мөте ұқсас друге болады. Оғыз батыр жөніндегі прозалық хикаяда композициялық құрылысы жағынан Күлтегін жырына ұқсас. “Оғыз –наме ” – 40- тан астам цикл – хикаяда тұрады. Әр бір циклда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады.Сон дай-ақ әрбір циклдың өзі үш элементі қамтиды, олар 1. Оқиғаның басталуы. 2. Оқиға желісінің ұлғайып, өрістеуі.
-
Оқиғаның түйіні, қорытынды.
Бірінші цикада Ай –қаған атты анадан ғажайып сұлу бір ұл бала туылғаны туралы айтылады.
Екінші цикада сол баланың қырық Конде өсіп, ер жете бастағаны әңгіме болады.
Үшінші, төрттінші циклда Оғыз батырдың аң аулауға шықаны, марал, аю, қаршыға атып алшғаны, соның бәрін жеп қойған жалғыз мүйізді үрейлі жыртқышпен арпалысып, ақыры жеңіп шықаны- қазақ ертегілердегідей сарынмен қызықты етіп баяндалады. Бұдан кейінгі бірнеше цикл-хикая Оғыз батырдың үйленгенін бір інші әйелінен Күң, Ай, жұлдыз екінші әйелінен Көк аспан, тау , теңіз атты балалары баяндалады.
Шығармада Оғыз бюатырдың өзінен бастап, оның ұрпақтарымен айналасындағы адамдардың толық қанды көркем образы жасалған. Автор эпитет, теңдеу метафора гипербола сияқты көріктеу әдістерін зор шеберлікпен қолданады.
“Оғыз-наме ”- генелогиялықө аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілес халықтардың ежелгі тарихынан едәуір мағлұмат беретін, көркемлдік дәрежесі биік, эпостық туынды.
5-апта. 3 балл
Реферат
Тақырыбы:
1. Ақындық поэзиядағы талантты тапқырлық. М.Өтемісұлы.
2. М.Өтемісұлының жорықтары. 3. М.Өтемісұлының жырлары.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1. С. Негенов. Шешендік өнер. А., 1997.
2. Б. Адамбаев. Халық даналығы. А., 1976.
3. Н. Төреқұлов. М. Қазыбеков. Қазақтың би шешендері. А., 1993.
4. Б. Адамбаев. Шешендік өнер. А., 1992.
5. Б. Шканова. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі.
6. Н. Уалиев. Сөз мәдениеті. А., 1985.
6-апта.
Қазтуған жарау (XV ғасыр).
Жоспары :
1.Қазтуған-қазақ әдебиеті төлбасыларының бірі.
2.Ол - жорықшы, жауынгер жырау.
3.Жыраудың шынайы қырын танытатын толғауы – Туған жермен қоштасу жыры.
Қазтуған -- Алтын Орда заманындағы ноғайлы-қазақ дәуірі әдебиетінің ірі өкілі. Ноғайлы атанып, артынан бір-бірінен бөлініп кеткен түбі бір, тілі бір түркі тектес тайпалардың, шынтуайтқа келгенде, сол кезде жеке халық болып қалыптасқан қазақтардың бай әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясының бастауында тұрған үлкен эпик. Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, көбі мүлде ұмыт қалса, қолда бары, баспа бетін көріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-көпті мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың өлеңдері алғаш рет Ғабдолла Мұштақ құрастырған “Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары” жинағында (Орынбор, 1912) жарияланса, кейіннен “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971), “XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1984), “Ұлы арман” (1990), Ленинградтан тұңғыш рет орыс тілінде жарық көрген “Поэты Казахстана” (1978), “Поэтя пяты веков” (Алматы, 1994) жинақтарында, “Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет” хрестоматиясында (1993) басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы азды-көпті болсын С. Сейфуллин, М. Мағауин, Ә. Дербісәлин, Қ. Сыдықов, Х. Сүйіншәлиев, Ж. Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы-ғалымдар қалам тербеді.
Қазтуған XV ғасырда өмір сүрген ноғайлы батыры, би әрі ақын-жырауы екені анық. Алайда, ол туралы деректер өте жұтаң.
Жау жағадан алып, қысылтаяң кез туған шақта Қазтуған елін аман сақтап қалу мақсатында жұртты бастап Еділ, Жайықтан Қазақстанның күншығыс жағына ауған деседі. Оның басты себебі-талай құтты қоныс болған туған жердің жайсыз мекенге айналып, ел бірлігінің қожырай бастауынан болса керек. Ел қамын ойлап, халық мұңын жоқтаған Қазтуғандай жаужүрек батыр, қол бастаған басшы жұртын соңына ерте білді, елінің болашағын тереңнен толғанып, оны аман-есен сақтай алуды перзенттік парыз деп білді.
Қазтуғанның ақындық қуатын танып, жыраулық жыр жолдарын биікке көтерген шығармалары санаулы ғана. “Алаң да алаң, алаң жұрт”, “Бұдырайған екі шекелі”, ”Белгілі биік көк сеңгір” деп басталып, бүгінгі ұрпаққа сақталып жеткен үш жырының өзі оның үлкен эпик ақын болғанын дәлелдейді.
Қазтуған жырларындағы шоқтығы биік шығарма-оның туған жермен қоштасу жыры.
Осы қоштасу өлеңі оның XV ғасырдың екінші жартысында өз қарамағындағы руларды бастап Еділден еріксіз ауып, Қазақ мемлекеті құрамына өткенінен сыр шертеді.
Қазтуған жырларында оның ақындық ерлігі мен шырқау биігін көрсетер тұс-ол жырды кім шығарғанын нақтылы дәлелдейтін:
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан
Сүйіншіұлы Қазтуған, -
деген жолдар арқылы қазақтың ноғайлы дәуіріндегі төл әдебиеттің жаңа белесінің бір қырын аңғартады.
Қазтуған-ноғайлы дәуірінен тілі де, ділі де, ұлттық салт-дәстүрлері де бір болып келген қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарына ортақ тұлға. Сол себепті де Қазтуғанды бауырлас осы үш ұлттың төл әдебиетінің бастауында тұрған ортақ ақын-жырау ретінде бағаласақ, ақылға сыяды.
”Бұдырайған екі шекелі...” деп басталатын толғау-өлең-жыраудың өзіне дейінгі ақындық сөз өнерінен алған үлгі-өнеге негізінде өмірге келген жыр. Көлемі жағынан аз ғана осы жыр үзіндісінің өзі Қазтуғаннан кейінгі ақындар мен жыраулар шығармашылығына үлкен ықпал етті, нақыл, тақпақ, мақал-мәтел үлгісіндегі жыраудың терең толғанысты ой үрдістері қазақ поэзиясына үлкен таусылмас қазына болды.
Қорыта айтқанда, Қазтуған Сүйінішұлы Сыпыра жырау негізін салған көнеден келе жатқан толғау жанрының дамуына үлкен үлес қосты, жауынгер ақынның дала поэзиясына тән өр рухты, дауылпаз үнді, асқақ қанатты сөздерге толы, көркем текстерге бай жырлары қазақ әдебиеті тарихында өшпестей із қалдырды.
6-апта. 3 балл
Тест
Қазтуған жырау
1. Қазтуған кім болды?
А) шешен;
Б) жорықшы, жауынгер, жырау;
В) ақын, қобзшы, шешен;
2. Қазтуған қай заманда өмір сүрген?
А) Б.д.д 17-18ғ;
Б) Ақ орда. 15ғ;
В) Б.д.д 11-13ғ;
3. Қазтуған жыраудың өлеңдерін алғаш рет құрастырған кім?
А) С.Сеейфуллин;
Б) Ғ.Мұштақ:
В) Ш.Уалиханов;
4. «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары » өлеңдер жинағы қай жылы жарық көрді?
А) 1956;
Б) 1863;
В) 1912;
5. Қазтуғанның биік шығармаларының бірі:
А) «Бес ғасыр»;
Б) «Ұлы арман»;
В) «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары»;
6. Қазтуғанның бізге жеткен жыраулық жыр шығармалары қанша?
А) 4;
Б) 3;
В) 5;
7. Қазтуғанның ақындық қуатын танытып, жыраулық жыр жолдарын биікке көтерген шығармаларын ата:
А)»Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір», «Бұдырайған екі шекелі»;
Б) «Ұлы арман», «Бес ғасыр»;
В) «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары»;
8. Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан.
Мұсылман мен кәпірдің,
Арасын бұзып дінді ашқан
Сүйінішұлы Қазтуған -деген өлең жолдары қай өлеңіне тиісті?
А) «Алаң да, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір», «Бұдырайған екі шекелі»;
Б) «Туған елімен қоштасу»;
В) «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары»;
9. Қандай кітаптарда Қазтуған Сүйінішұлы Сыпыра жыраудың жырлары жарық көрді?
А) «Алаң да, алаң жұрт»;
Б) «Белгілі биік көк шеңгір» «Бұдырайған екі шекелі»;
В) «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары», «Ұлы арман», «Бес, ғасыр»;
7-апта.
Асан Қайғының шешендік сөздері.
Жоспары :
1.Асан Қайғы туралы ақиқат пен аңыз.
2.Асан Қайғы-“Көшпенділер философы”, халық тілегінің
жоқтаушысы.
3.Жырау толғауларының әлеуметтік мәні, тарихи сипаты.
Аты аңызға айналып, ғасырлар бойы өз халқымен рухани бірге жасап келе жатқан тұлғалардың бірі- Асан қайғы. Бұған оның атына байланысты туып, ел жадында сақталып қыруар аңыз, әңгімелер мен жер-қоныс аттары туралы айтылып келген сан қилы сын-сарап бағалары, сондай-ақ замана жайын толғаған әр алуан өлең, жырлары толық айғақ. Бұлардың бәрінде дерлік Асан өз халқының бақытты болашағын ойлаған ел мұңшысы, жұрттың көкейкесті арманын арқалаған ардагер азаматы кейпінде сипатталады. Сондықтан Асан есімі әр кез “қайғы” деген сөзбен қатар аталып, ел қамын жеген кемеңгер, ойшыл адамның жиынтық бейнесіне айналып кеткен.
Асан тарихта болған адам, алайда оның өмірі туралы нақты тарихи деректер сақтала қоймаған. Халық аңыздарында Асан қайғыны қазақтың бірінші ханы Әз-Жәнібектің тұсында өмір сүрген адам еді дейді. Тарихи деректер бойынша, Жәнібек XV ғасырда хандық құрған кісі. Бұл туралы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи Рашиди” атты әйгілі еңбегінде жазады. Тарихи деректер негізінде қазақтың бірінші ханы Жәнібектің хандық құрған кезеңін 1465-1466-1480 жылдар аралығы еді деп белгілесек, Жәнібек пен аты қатар аталатын Асан қайғы ел аңыздарында Жәнібек таққа отырғанда, жасы келген қарт кісі еді деп баяндалады. Мұның үстіне ол сол Жәнібек ханнан көп кейін қайтыс болған адам деп сипатталады.
Асан қайғы қай ортадан шығып, қай дәуірде, қандай өмір кешкен еді, көп жасаған өмірінде қандай қызмет атқарды, кімдермен істес, замандас болып еді деген сұрақтарға жауап беретіндей бізде нақты тарихи деректер жоқтың қасы. Бұл тұста Асан қайғының өз толғауларында айтылатын мәліметтер мен сол тұстағы кейбір жырларда келтірілген қосалқы дерек-түсініктерді, Асан туралы сақталған кейбір аңыз, әңгімелерді ғана негіз етеміз.Қалай дегенде де ол әр қилы аумалы-төкпелі тарихи дәуірлерді бастан өткеріп, талай-талай хандардың қысылғанда ақыл сұрайтын кемеңгер кеңесшісі, болжағыш та білгір биі болғанға ұқсайды.
Қ. Халидұғлы аталған еңбегінде Асан атаның бір кезде Хасен аталғанын әңгімелей келіп, жоғарыдағы Құдабай ақын айтқан өлеңге орай өз ойын білдіреді: “Асан қайғы асылы ноғай еміш (бұл сөз “еді”, “екен”, “делінеді” деген ұғымдарды береді-М.Ж.). Шыңғыс ханның тұстасы ұлан Майқы бидің алтыншы немересі”, -деп көрсетеді. Бұл “Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” деген көне мәтелдегі Ұлы жүздің әйгілі Майқы биі болып шығады.
Шыңжандық тарихшы ғалым Н. Мыңжани өзінің “Қазақтың қысқаша тарихы” атты еңбегінде Асан қайғыны Алтын орданың 1445 жылы қайтыс болған ақырғы ханы Ұлығ Мұхаммедтің (Ормамбет) қасындағы ықпалды билерінің бірі, Сарай және Қазан қалаларында билік басында болған әйгілі жырау және философ, ол Алтын орда ыдыраған соң, қазақ ханы Әз-Жәнібектің қасында болғандығы мәлім (Аталған кітап. Алматы, 1993. 205-206 –бб.) деп жазады. Ормамбет ханның қазақ тарихына қатысын кезінде ұлы Шоқан да атап көрсеткен еді.
Асан қайғы туралы аңыздар мен жыраудың өз жырлары кеңестік дәуірде ғана үздіксіз жарық көріп, жүйелі түрде зерттеле бастады. Бұл істе әйгілі жазушымыз С. Сейфуллин жинап бастырған “Қазақ әдебиеті” жинағының алатын орны ерекше.
Сондай-ақ Сабыржан Шәкіржанның “Асан қайғы” атты мақаласын да атауға болар еді.
Асанды тану және зерттеу саласындағы елеулі еңбек деп М. Мағауиннің “Қобыз сарыны” атты монографиясы мен “Алдаспан” жинағын бөліп атаған жөн.
Асан атына байланысты туған қолдағы бар аңыз, әңгімелерді өзінің тақырып-мазмұны жағынан : Асан өмірін әкесі Сәбиттің ерлік істерімен жалғастыра баяндайтын; бірыңғай Асан қайғының өз өмірін қамтитын; Асанның ұлы Әбет, қызы Жұпардың тапқырлық істерін әңгімелейтін аңыздар деп үш топқа бөліп қарастыруға болар еді.
Асан қайғы жайындағы аңыздардың бір алуаны оның аңшылық, саятшылығы туралы болып келеді. Осы аңшылық жолы оның өзіне лайықты жар табуына да, кейінірек ел-жұртына қоныс, құтты мекен іздеуіне де себеп болады.
Асан қайғы ел қиялындағы осындай аңыз кейіпкері ғана емес, сан алуан жыр-толғаулар тудырған белгілі жырау да еді. Ол өз толғауларында белгілі бір тарихи кезеңдегі ел-жұрттың көкейкесті ой-арманы мен мұң-мүддесін өзекті тақырып етіп жырлап, соны нақты іске асыруға да өз үлесін қосты. Халық бақыты ел басшысының іс-әрекетіне тікелей байланысты деп санаған жырау көптеген толғауларын Жәнібек ханға арнады. Оны дұрыс жолға салып, бұқара тұрмысын жақсартуға болады деп сенді. Мастанған ханды батыл сынап, кемшіліктерін бетіне басты.
Әй, хан, мен айтпасам білмейсің...-
деп, біржолата ат құйрығын кесуге дайын екенін танытады.
Асан толғауларының саяси-әлеуметтік сипаты оның жоғарыда сөз еткен “Әй, хан, мен айтпасам білмейсің” атты жырымен қатар, “Қырында киік жайлаған”, “Алты атанға қос артып” тәрізді жырларында да үшталып, тереңдей түскен дей аламыз. Әсіресе, “Қырында киік жайлаған” атты толғауы елдің Шу бойына көтеріле көшкен кезеңін бейнелейді.
Жыраулық поэзияда, оның ішінде Асан толғауларында үлгі-өсиеттік, насихаттық, тағылымдық ойларға ерекше мән беріледі. Мұның бәрі айтылар ойдың ұтымдығы мен әсерлігіне орай қайталаулар мен дыбыс үндестігіне (аллитерация, ассонанс) құрылып отырады.
Асан қайғы көп жағдайда өзі көзбен көріп кейбір мәнді де құнды кіші-гірім оқиғалардан үлкен түйіндеу, жинақтаулар жасауға да шебер. Бұл, сөз жоқ, жыраудың алғырлығы мен дарындылық қуатының шама-шарқына байланысты көрініп отырады. Мәселен, оның:
Ердің құны сөз емес,
Есебін тапқан сабазға.
Төрден орын тимейді,
Патша болсын малы азға, -
деп келетін жолдарын осының айқын айғағы дер едік.
Қорыта келгенде, әңгіме, аңызға қарағанда, Асан қайғы XV ғасырдағы қазақтың тұңғыш ханы Әз-Жәнібектің тұсында жасаған белгілі тұлға болып саналады. Ол өмірінің соңғы кезеңдерінде туған халқының алғаш рет өз алдына шаңырақ көтеріп, ұлт болып қалыптасу кезеңін көзбен көрсе де, патша өкіметінің отаршылдық саясатынан сақтану қажеттігін, бұл үшін “Жер ұйыққа” көшудің тиімділігін өз жырларына арқау етті. Жыраудың ел жүрегіне ұялаған толғаулары, жер, қоныс туралы айтқан сын, бағалары халқымен әлі күнге дейін бірге жасап келеді.
7-апта. 3 балл
Бақылау сұрақтары:
Қазақтың әйгілі би -шешендерінің бірі Доспамбет жырау.
1. Доспамбет қай елдің биі?
2. Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы:
3. Доспамбет жырлары неге байланысты жазылған?
4. Доспамбет поэзиясына тән ерекшелік:
5. Доспамбет шығармалары мәңгілік екендігі:
6. Доспамбет тарихи тұлға екендігін ата:
7. Жырау нешінші ғасырда өмір сүрген?
8. Жырау толғауларының идеялық мазмұны:
9. Доспамбет кім болды?
10. Доспамбет жыраудың ізін жалғастырушылар:
7-апта. 2 балл
Тест
Қазақтың әйгілі би -шешендерінің бірі Доспамбет жырау.
1. Доспамбет жырау қай ғасырда өмір сүрген? А) ХҮ ғ ; Б) ХҮІІ ғ-ХҮІІІғ ; В) ХҮІғ ;
2. Жырау қай елдің биі болған?
А)Ноғайлы; Б) Ақ орда; В) Алтын орда; 3. Доспамбет жыраудың толғауларының идеялы мазмұны қандай? А) Шешендік сөзждер ; Б) Батыр, ерлік; В)Лиро-эпостық; 4. Жыраудың бізге жеткен мұрасы: А)Алаң да, алаң жұрт; Белгілі биік көк сеңгір; Бұдырыиған екі шекелі ; Б)160 жолы ; В) Шаиыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары; Ұлы арман; Бес ғасыр; 5. Доспамбет жыраудың поэзиясын тән ерекшелік - А)Мақал-Мәтелдермен астасып,қоғамдық құбылыс жөнінде нақтылы сөз өнерімен берілген ; Б) Аумалы төкпелі кезеңді әшкерелеген; В) Бай шонжар мен болыстарды әшкерлеген; 6. Доспамбет жыраудың ізін жалғастырушылар: А) Қазыбек, Майқы би ; Б)Ақтам берді, Махамбет; В)Жиренше, Аяз би; 7. Доспамбет кім болды? А) Ақын, Жазушы ; Б) Батыр, Жорықшы жырау; В) Шешен, би;
Екінші аралық бақылау
№
|
Тақырыптар
|
Апта саны
|
Бақылау түрі
|
Ұпай
|
1.
|
Қазақтың әйгілі би шешендерінің бірі Доспамбет жырау.
|
апта
|
|
|
2.
|
Қаздауысты Қазыбек би.
|
|
Тест
|
3,0 балл
|
3.
| Бұқар жырау Қалқаманұлы. |
апта
|
|
|
4.
| Бұқар жырау Қалқаманұлы.
|
|
Глоссарий
|
3,0 балл
|
5.
| Сырым Датұлының шешендік өнері.
|
апта
|
|
|
6.
|
Айтыс. Айтыстағы тапқырлық сөздер.
|
|
Реферат
|
3,0 балл
|
7.
|
Айтыс. Айтыстағы тапқырлық сөздер.
|
апта
|
|
|
8.
|
Шал ақын.
|
|
Бақылау
|
3,0 балл
|
9.
|
Орта ғасырлардағы шешендік өнер. Диуани луғат ат түрк дастаны.
|
апта
|
|
|
10.
|
Орта ғасырлардағы шешендік өнер. Диуани луғат ат түрк дастаны.
|
|
Коллоквиум
|
3,0 балл
|
11.
|
Оғыз дәуіріндегі әдебиет.
|
апта
|
|
|
12.
|
Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастаны.
|
|
Тест
|
3,0 балл
|
13.
|
Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастаны.
|
апта
|
|
|
14.
|
Абайдың шешенді өнері.
|
|
Глоссарий
Коллоквиум
|
3,0 балл
2,0 балл
|
15.
|
Шешендік сөщдер және оны зерттеу.
|
|
|
|
16.
|
Шешендік сөщдер және оны зерттеу.
|
|
|
|
І –Аралық бақылау (23+7) 30 балл
|
Достарыңызбен бөлісу: |