Философия-Есмұрза Гүлсім



Pdf көрінісі
Дата09.03.2024
өлшемі92.4 Kb.
#494770
Философия-Есмұрза Гүлсім



ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖƏНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕТЕОРОЛОГИЯ ЖƏНЕ ГИДРОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«ФИЛОСОФИЯ» ПƏНІ БОЙЫНША
№1 СОӨЖ /СӨЖ
Тақырыбы:
Герменевтика мен феноменологиядағы таным мəселесін түсіндіріп
беріңіз.
------------------------------------------------------
Орындаған:
Есмұрза Гүлсім
«Метеорология» мамандығының
2 курс студенті
--------------------
Тексерген:
Сулейменов П.М.
Саяси ғылымдарының кандидаты,
доцент
Алматы, 2024
Герменевтика мен феноменологиядағы таным мəселесін түсіндіріп
беріңіз.
Герменевтика мен феноменология философияда үлен орын алатын
ұғымдар. Ең алдымен осы екі ұғымға қысқаша анықтама бере кетсек.


Герменевтика (гр. hermēneutikos - түсіндіру, талқылау) - түсіндірудің
теориясы мен əдістемесі, мəтіндерді түсіндіру өнері. Ол көбіне діни
мəтіндерді,
əдеби
шығармалардағы
даналықтарды,
философиялық
мəтіндерді түсіндіреді. Ал феноменология дегеніміз алғашқы түйсіну
нəтижесін,
сана
танымын
пайымдап
ашудың тəжірибесі, батыс
философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт.
Бұл екі ұғым бір бірімен тығыз байланыста. Бірінші, герменевтика
ұғымына талдау жүргізссек. XX ғасырдың 70-90 жылдарында «сыни
рационализ» ғылым методологиясы, герменевтика интуитивизм жəне басқа
да философиялық мектептер кеңінен тарала бастады. Герменевтикаға өте
ежелі философтар назар аударған, олар мифтерді, философиялық мəтіндер
мен афоризмдерді, рəміздер мен айтылңан сөзденді түсіндірумен
айналысты. Мысалы, неоплатониктер Гомердің Платонның жəне басқа да
ойшылдардың
шығпрмалырын
түсіндірумен
айналысты. Христиан
ойшылдары Библияны түсіндірді. Қайта Өрлеу дəуірінде антикалық
кезеңнің ескерткіштерін түсіндңруге көп көңіл бөлінді.
Философиялық мəселе ретінде герменевтиканы алғаш рет неміс
философтары Ф.Шлегель (1772-1829) жəне Ф.Шлейермахер колданысқа
енгізді.
Оларды
«тіл
философиясы»қызықтырды,
бəрінен
бұрын
поэзиядағы объективтік-сұлулықты керсету мəселесі, сондай-ақ өнердегі
жəне мəдениеттегі алуан түрлі фрагменттердегі көрініс мəселесі болды.
Бұл туралы Ф.Шлегельдің «Поэзия туралы əңгіме», «Грек поззиясын
зерттеу
тураль»
жэне
Ф.Шлейермахердің
-
«Монологтар»
мен
«Диалектикасы» мысал бола алады.
Г.Гадамердің пікірінше, философияның өңбойын «түсіну» мен «түсінуге
күш жұмсау» алып жатыр. Адам өзінің əлемдегі орны мен өзінің маңызын
біле отырып, болмысты шегі бар «мағналық мүмкіндік» ретінде түсінеді.
Түсіну - басқалармен қатар тұрганда таным ерекшелгі емес. Бұл
адамның, өзінің өмір сүру сипаттамасы, оның болмысы. Герменевтиканың


іргелі ақиқаты деп Гадамер мынадай ережені есептеді: «Ақиқатты бір адам
ғана танып,
хабарлай алмайды. Диалогты барынша қолдап, басқаша
ойлайтын адамға сөз беру керек. Оның айтқпн сөзін миға тоқып алу керек
- міне герменевтиканының жаны осында»
Енді біз феноменология терминіне келетін болсақ, феноменология - тарихи
қозғалыс ретінде ХХ ғасырдың бірінші жартысында басталған Эдмунд
Хуссерль, Мартин Хайдеггер, Морис Мерлот-Понти, Жан-Пол Сартр жəне
басқалары, бұл феноменологияны барлық философияның шынайы негізі
пəн ретінде кеңейтті,мысалы — этика,
метафизика немесе эпистемология.
Негізінде, феноменология түрлі тəжірибенің құрылымын зерттейді —
қабылдау, ойлау, есте сақтау, қиял, эмоция, тілек пен ерік-жігерден бастап
дене санасына, іс-əрекетке жəне əлеуметтік белсенділікке, соның ішінде
тілдік белсенділік. «Феноменология» титулы адамның күнделікті тұрмыста
басшылыққа алып отыратын жүріс-тұрыс ережесін білдіреді.
Феноменология жаңа, қатаң философиялық ғылым ретінде яғни таза мəн
күйіндегі əлемді идеалды болмыс ретінде бейнелейтін сана феномені,
сананы жекеленген нақты эмпирикалық мазмұндарынан тазартуға
мүмкіндік беретін өз- өзіне аян логикалық принцип. Бұл көп сатылы
“феноменологиялық
редукция” методының көмегімен жүзеге асып, нəтижесінде керек емесін
тысқары тастап немесе “жақша ішіне алып” барлық қоршаған əлемді,
барлық өмір сүруші көзқарасты, ғылыми теорияларды жəне зерттелудің
пəніне
айналып, отырған өмір сүру жөніндегі сұрақтың өзін қоса
қарастырады.
Осылайша біз реальдылық пен қатынастан босап, өз мазмұнының барлық
байлығын сақтай отырып, сананың сферасындағы заттың өзіне қайта
ораламыз. Бұндай редукция, яғни мəлімет, өзімен бірге негіздеу мен
идеализациялау тəсілін ала жүреді. Демек, осы тұрғыдан қарағанда
феноменология барынша байытылған жəне идеализацияланған ғылыми


фактта бола алады. Гуссерлдің өзі оны дескриптивтік, не болмаса суреттеп
беретін ғылым деп атаған болатын.Феноменология таза, яғни затқа,
таңбаларға дейінгі сананы бөлуге ұмтылады, немесе “субъективтік ағым”,
жəне оның ерекшелігін анықтайды. Оның осылай болу себебі, сананың
əртүрлі функциялармен күрделі қалыптасуында жатыр. “Таза” сананы бөле
отырып, сананың жалпы мəнін түсінуге болады. Сананың басты сипаты
жалпы оның əрдайым затқа деген бағыты, яғни қарқындылығы.
Сонымен қортындылай келе, адамның өмірдегі белсенділігі, заттармен
байланыс іс-əрекеті, табиғи жəне мəдени қатынасы, қашықтағы,
жақындағы адамдардың өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы
образдарды өзінің мінез-құлық бағытында əдіс-тəсілі ретінде пайдалана
білетін сана түсінігіне философиялық тұрғыда түсініктеме берген
герменевтика мен феноменология ұғымдары. Жеті қабат елді мекеннін
сарынын сан соқтырардай жырлап бермесем де, жалпы ойдың
маңыздылығын тұспалдап бердім деген үміттемін. Осы екі ұғымның бір -
бірімен байланысын ашып, түсіндіре алдым деген ойдамын.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет