Философия және саясаттану факультеті



бет10/12
Дата15.02.2024
өлшемі155 Kb.
#491898
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Дәрістер тезисі саяси режим және жүйе2012

Дәріс 13. Әлем саяси жүйесінің негізгі даму үрдістері
Жаһандану қазіргі заман әлемнінде негізгі даму үрдісі ретінде. Жаһандық және аймақтық интеграция жағдайында қазіргі мемлекеттердің әмбебапты және ұлттық-мемлекеттік мүдделердің саяси жүйесі. Әлемнің саяси жүйелеріне заманауи жаһандық қауіп-қатерлер. Әлемнің саяси жүйесі атты ұғымы «әлемдік саясат» атты ұғысымен ұштасады себебі әлемдегі болып жатқан сол немесе басқада саяи ахуалдар, процестер белгілі бір жүйемен реттеліп, жүзеге асырылатыны баршамызға аян.
Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа сая¬си қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Әлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау. Басым державалардың және трансұлттық компаниялардың ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерін ортақ арнаға бұру. Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері өзара байланысып біріне – бірі күшті ықпал жасап отырды. Саяси жүйе сөздің кең мағынасында – белгілі бір қоғамдағы билік қатынастарының іс жүзінде анықталынып, қабылданып, орындалуының тұрақты формасы. Ол – елдегі бүкіл саяси өмір, саяси қатынастардың және саяси институттардың жиынтығы.

Бұл жерде транзиттік, өтпелі қоғамдардағы аса күрделі міндеттерді шешуге, күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге қызмет ететін жаңа саяси жүйені қалыптастыру күр­делі мәселе екенін еске ұстаған жөн. ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында жаһандану, ақпараттық қоғам, халықаралық байланыстардың күшеюі жағдайында саяси жүйе мен оның институттарының функциялары барған сайын күрделеніп, тармақталып, олар қамтитын құбылыстар мен қатынастардың ауқымы кеңейіп, олардың өзара сабақтастығы, өзара байланыстары күрделенген уақыт болатын. Осы жаңа әлемге, оның күрделі саяси-экономикалық, идеологиялық қатынастарының дербес субъектісі ретін­де ұмтылып отырған Қазақстан, алдымен, өзін-өзі мемлекет ретінде анықтап, мемлекеттік-конституциялық құрылысын түбегейлі бекемдеу міндеті тұр­ғаны айдай ақиқат еді.


Бүгінде, жиырма жылдық дербес дамудың биігінен еліміз бұл жауапкершіліктен абыроймен шықты деуге негіз бар. Әлемдегі, әсіресе, демокра­тиялық елдердегі саяси жүйелерді зерттеген, теориялық ой-толғамдарын әлем саясаттанушылары мойындаған Толкотт Парсонс, Дэвид Истон, Габриель Алмонд, Карл Дойч, Дж. Бингем Пауэлл және тағы басқа батыстық оқымыстылардың саяси жүйе және олардың негізгі институттары функциялары туралы іліміне сүйенсек, Қазақстанның саяси жүйесі институттарының конституциялық өріс аясындағы қызметінің де өте күрделі, сан тарапты екендігіне толық көз жеткізуге болады. Аталмыш оқымыстылардың, сондай-ақ, ел ғалымдарының мемлекет құрылысы, саяси жүйе табиғаты мен қызметіне қатысты ғылыми зерттеу­леріне сүйене отырып, қазіргі кезеңде еліміздің саяси жүйесінің қызметіне тән мынадай негізгі функцияларды атап көрсетуге болады:
– Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару;
– қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру;
– қоғам мүшелерін әлеуметтендіру;
– артикуляция –яғни, қоғамдағы әртүрлі таптардың, топтардың мүдделерін анықтау, бейнелеу және оларды саяси жүйе институттары қызметінде еске алуына жетісу және тағы басқалары.
Бүкіл халықтық референдумда 1995 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің саяси жүйесінің жаңа архитектурасын қалыптастырды. Осы жылдан еліміз саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңі басталды. Ал, еліміз­дің осы жылдардағы конституциялық дамуы оның іргелі негіздерінің беріктігін, өміршеңдігін, оны құраушы институттық құрылымдардың міндеттері мен басқару мүмкіндіктерінің дұрыс анықталғандығын дәлелдеді.
Еліміздің саяси жүйесі құрылымындағы жаңаша түбегейлі «анатомиялық» түзілу мен түрленудің мәні мен мазмұнын жиырма жыл деңгейінен жинақтай айтсақ, біздің пікірімізше, негізінен мыналар­ға келіп саяды:
– ең алдымен, еліміздің саяси жүйесінде бұрын болмаған Президенттік институт, қос палаталы, кәсіби негізде жұмыс істейтін Парламент, көппартиялылық, азаматтық қоғам институттары Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрізді принципті жаңа саяси құрылымдардың түзіліп, қалыптасуы және қызмет жасауы;
– қоғамдағы демократия мен сөз бостандығының даму деңгейі мен пәрменділігінің басты көр­сеткіштерінің бірі тәуелсіз, беймемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлеуетті жүйесінің пайда болуы;
– Қазақстанда бұған дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын кеңінен қамтитын жаңа азаматтық институттардың қалыптасып, дамуы және олардың қызметіне қажетті ұйымдық-құ­қықтық негіздердің нығаюы;
– халықаралық танымал демократиялық институттар негізінен біртіндеп мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінің қалыптасуы;
– биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселе­лерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі.
Бұл – қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік топтарды, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарды қамтуының ауқымы, жалпы табиғаты жағынан терең де, көп қырлы, сапалық өзгерістеp. Президент, Парламент институттары, әлсіз де болса, көп­партиялық жүйе осы өзгерістердің ең маңызды да, мәндісі бағалаған жөн.
Сөз жоқ, жаңа тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі ерекше орында, бұрын болмаған жаңа құрылым – Президент институты тұр. Еліміздің мем­­ле­кеттік басқару жүйесінде Президент лауазымы Қазақ ССР-і Конституциясына енгізілген 1990 жылғы 24 сәуірдегі өзгерістерде анықталды. Сол уақыттан бері халқымыз осы ең жоғарғы мем­лекеттік саяси лауазымға Н. Назарбаевты бірнеше мәрте сайлап келеді.
1995 жылы қабылданған Конституция, оған 1998 және 2007 жылдары енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздегі бүкіл билік жүйесінде Президент институтын үнемі нығайту бағытында. Ең алдымен, еліміздегі басқару жүйесі «Прези­денттік басқару нысанында» деп сипатталады. 1995 жылғы Конституцияның жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын басқарған академик Ғ.Сапарғалиевтың пікірінше, бұл белгілі бір деңгейде даулы түсінік [2 ].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет