Философия және саясаттану факультеті



бет5/12
Дата15.02.2024
өлшемі155 Kb.
#491898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәрістер тезисі саяси режим және жүйе2012

Дәріс 6. Қазіргі заманғы авторитаризм. Дәстүрлі абсолютті монархиялар, олигархиялық және әскери режим
1. Авторитарлық саяси режим даму негіздері.
Авторитарлық (латын тілінен autoritas – билік, ықпал) режим бұл қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы, оның негізін қандай да бір топтың, бір адамның немесе институттың билікке деген монополиясы құрайды.
Авторитарлық саяси режим - тарихта кеңінен таралған құбылыс және ол алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Қазіргі әлемде авторитарлық режим Азия, Африка, Таяу және Орта Шығыс пен Латын Америкасы елдерінде неғұрлым кеңінен таралған.
2. Авторитарлық саяси режимдердің ортақ ерекшеліктері мен белгілері.
Авторитарлық саяси режимдердің ортақ ерекшелікті белгілеріне төмендегілер жатады:
1) Халықтың биліктен шеттетілуі. Бір ғана адам немесе бір топ, не болмаса мемлекеттің бір ғана органы билікті алып жүруші б.т. Бұл харизматикалық көшбасшы, монарх, әскери хунта, диктаторлар, популистік көшбасшылар және т.б. болуы мүмкін. Халық пен билік арасында үлкен алшақтық туындайды. Заңдар тұлғаның мүдделерін емес, мемлекеттің мүдделерін қорғайды.
2) бірыңғай міндетті идеология болмаса да, мемлекеттік идеология басымдық етеді. Авторитарлық көшбасшылар үлкен мақсаттарға жетудегі, мысалы, әлемдегі қайта құрулар сияқты ұмтылыстарға деген өздерінің іс-әрекеттерін дәлелдемейді.
3) биліктің айқын бөлінуі болмайды. Мемлекеттік саясатқа бақылау жасауда парламенттің ролін және сот билігіне атқарушы биліктің ықпалын шектей отырып атқарушы билік және ішінара заң шығарушы билік мемлекет басшысының қолына айтарлықтай шоғырланады.
4) бағынбайтындарды көндіруге мәжбүрлеу үшін қажетті күшке сүйену. Бірақ тоталитаризмдегі сияқты жаппай-қуғын-сүргін мен террорға ұмтылмайды. Ол белсенділігі оң нәтижелерге жеткізіп таңқалдыратындай болса, көпшілікке танымал болу ісін де пайдаланады.
5) саясаттың манаполиялануы. Барлық саяси іс-әрекет саяси биліктің ерекше қызметіне айналады. Барлық саясат субъектіліерінң ымырасыздығына: ашық-агрессияшыл саяси оппазицияға, белсенді күшті саяси партиялар мен басқа да қоғамдықұйымдарға тыйым салынады.
6) қоғамға толық, жаппай бақылау орнатудан бас тарту. Экономика, мәдениет, дін, жеке бастың өмірі мемлекеттік бақылаудан тысқары қалады.
7) басқарушы элитаның қалыптасуы демократиялық жолмен емес, жоғарыдан тағайындау арқылы жүреді. Авторитарлық көшбасшының айналасындағылар жеке ұнамдылық пен көсемге берілгендік негізінде іріктеледі, ал олардың іскерлік сапасы мен қабілеті ескерілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет