Философия кафедрасы



бет1/4
Дата13.03.2023
өлшемі71 Kb.
#470736
түріСабақ
  1   2   3   4
Cеминар. Философия. Балабекұлы-2


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ
мамандығына арналған
«ФИЛОСОФИЯ» пәні бойынша


Cеминар сабақтарының тақырыптары мен сұрақтары және
оларға дайындыққа арналған әдістемелік ұсыныстар


Балабекұлы Досжан
PhD Философия докторы


Алматы, 2023
«ФИЛОСОФИЯ»
ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ
ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА
ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

«Философия» пәні бойынша практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары және оларға дайындыққа арналған әдістемелік нұсқаулар PhD, философия докторы Балабекұлы Досжан осы пән бойынша құрастырған силлабустың негізінде, химия және химиялық технология факультетінің барлық мамандықтары бойынша білім алушы 2 курс студенттеріне арналып дайындалған. Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты – осы пәнде зерттелетін негізгі мәселелерді студенттердің жан-жақты, мүмкіндігінше толық игеруіне ықпал ету, семинар сабақтарына дайындалуына көмектесу.


«Философия» пәнінен семинар сабақтарының мақсаты – пән бойынша дәрістерде алынған білімді бекіту, философияның түйінді мәселелері мен қоғам дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін білу, студенттердің ойлау, өз ойын ауызша жеткізе білу және жинаған білімдерін күнделікті әлеуметтік мәселелерді шешуде қолдана білу қабілетін дамыту. Практикалық-семинар сабақтары студент жұмысының ең басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады, сондықтан студенттен мұқият дайындық, ыждағаттылық және үлкен жауапкершілік талап етіледі. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары, дайындыққа қажетті оқулықтар мен түпнұсқалар тізімін «Философия» пәні бойынша ОӘК-не кіретін силлабустан және осы құжаттан табуға болады. Студент әрбір сұрақ мазмұнын толық, жан-жақты ашуға, терең ұғынуға ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқулықтар мен Интернет материалдарын қолданумен шектелмей, әлемдік философиялық ой өкілдерінің еңбектерімен танысып, талдай білу қажет.
Студент талқыланып отырған сұрақтың мазмұнын ауызша және өзі дайындаған қысқаша конспектілерге сүйеніп баяндай алады. Қысқаша конспектілер тақырыпты есте сақтауға және жақсы ұғынуға көмектеседі. Сұрақ мазмұнын оқулықтан оқып беру жауап болып саналмайды. Семинар сұрағын баяндауда методикалық-техникалық, ІТ құралдарды, схемалар мен слайдтарды қолдану тақырыпты тереңірек ұғынуға көмектеседі және жоғары балл (тақырыптың презентациясы) алуға ықпал етеді. Сабақ айтуға дайындық барысында өз ойын логикалық түрде, мазмұнды, анық, айқын жеткізуге, шешен сөйлеп үйренуге басты назар аударған жөн.
Семинар сабақтарының барлығына ортақ форма студенттердің семинар сабағы тақырыбының сұрақтарын талқылау үрдісіне түгел қатысуы, сабақтың еркін пікір алысу түрінде өтуі. Семинар сабақтарындағы жауаптар 0 баллдан 10 баллға дейін бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет