«Философия» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)



бет2/14
Дата07.11.2022
өлшемі367 Kb.
#464141
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
«Философия» п ні бойынша о у ба дарламасы ( силлабус)

1.1. Пәннің пререквизиттері: жоқ
1.2 Пәнді оқудың мақсаты: болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарын қалыптастыруға көмектесу; студенттерді философиялық білімнің тарихымен таныстыру; философияның дүниетанымдық, гуманитарлық, экзистенциалдық, даналық және түсінік функцияларын паш ету; студенттердің жаңа заман талаптарына сай болып, жаңа Қазақстанды құрып, жетілдіретін тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу мен қалыптастыру.
Философияны оқып-үйрену процесінде студенттер білуге тиіс:
- философияның негізгі анықтамаларын және атқарып келген, атқаратын қызметтерін;
- философияның мәдениет аясындағы алатын орнын, қоғамдық сананың басқа формаларымен арақатынасын;
- философияның тарихи даму кезеңдерін және олардың ерекшеліктерін;
- философия негіздеген және алға тартатын құндылықтарын түсіну;
- дүние, адам, қоғам, тарих, мәдениет, таным жайлы негізгі философиялық тұғырнамаларды;
- мәдениет аясындағы және өмірдегі дүниетанымдық сауалдарды шешудің негізгі философиялық тәсілдерін;
- философияны оқып-үйрену үрдісінде алған білімдерді нақты пайдалану.
1.3 Міндеттер:
- Философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау;
- Болашақ мамандардың философиялық дүниетанымдық және әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру;
- Пән мазмұнын студенттердің оған деген қызығушылығын тойтаратын бұрынғы идеологиялық жүктемеден азат ету.
1.4 Пәннің қысқаша мазмұны
Философия – бұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері, адамның табиғатқа қатынасының негізгі мәндік сипаттамалары мен қоғам мен рухани өмірдің барлық тұрғыдағы көріністері туралы білімдер жүйесін қалыптастыратын дүние танудың ерекше формасы. Философия дүниені практикалық және рухани игерудің нәтижелерін, қоғамдық өмірдің мәдени-әлеуметтік дамуының, мәдени сәйкестікті анықтау мен іздеудің мүмкін болар стратегиялары мен таңдау жолдарын ұсына отырып синтездейді және жалпылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет