Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Августин: «Фәни шаһар» және «Бақи» шаһар. Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла



бет10/12
Дата07.02.2024
өлшемі96.22 Kb.
#490995
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Философия

60.Августин: «Фәни шаһар» және «Бақи» шаһар. Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла.

Т. Кампанелла (5 қыркүйек, 1568ж. – 21 мамыр, 1639ж, Париж) — итальяндық философ және жазушы, алғашқы утопиялық социализм өкілдерінің бірі. Ол философия, жаратылыстану мәселелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, Испания монархиясына қарсы күрескен, сол үшін отыз жылдай түрмеде отырған монах.


Философиялық шығармалары: «Күн қаласы», «Галилей апологиясы», «Метафизика», т.б. «Күн қаласында» оның тұрғындары – солярийлер әлеуметтік әділеттілікті орнықтырып, өмір мен мектептің рахатын көреді.
Кампанелла гилозоизм (барлық нәрсенің жаны бар деген түсінік)
идеясын универсумға қолданады: «Әлем – үлкен тірі мақұлық, біз оның
ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз – жердің тері».
Философиялық көзқарастары: «Күн қаласы» еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын баяндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, қазіргі Шри-Ланка) бақытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Бұл аралда адамдар қоғамдастыққа бірігіп, Құдайға емес, адамның ақыл-ойына бағынатын мемлекет құрады. Мұнда жеке меншік жоқ, еңбек жақсы ұйымдастырылған,адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай, кедей болып бөлінбейді.
Мемлекетті басқарушы – Платонның мемлекетіндегідей аристократия,
бірақ философтар емес, маман аристократтар, қабілетті болып жаратылған,
туғаннан жолы болғыш адамдар. Олардың ең ақылдысы – Метафизик немесе Күн деп аталады.
Ол мемлекет басшысы, барлық ғылымдардан жан-жақты хабардар. Оның үш көмекшісі бар: Күш-Қуат – әскери істерді, Даналық – ғылымдарды басқарады, Махаббат – тамақ, бала тәрбиелеумен айналысады. Олардың да көмекшілері бар (Грамматика, Логика, Физика, Саясат, Этика, Экономика, Астролог, Астроном, т.б.)
Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық
жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардың өздері де таланты адамдарға өз орындарын босатуы тиіс. Басшылық әділ жүзеге асырылуы тиіс, ағайыншылық деген болуы керек.
Балалар жеті жасынан бастап ғылымдарды зерттей бастайды және ой
еңбегін дене еңбегімен ұштастырады. Дін философияға, білімге тәуелді, ең
басты дінбасы – Метафизик.
Т.Мор (7 ақпан, 1478ж, Лондон – 6 шілде, 1535ж, Лондон) - ағылшын ойшылы, жазушы. Католик Шіркеуінің әулиесі. Утопистік социализмнің негізін салды. Атақты философ Эразм Роттердамскийдің досы. Латын тілін жақсы меңгерген, заң мектептерінде білім алып, мұғалімдік және адвокаттық қызметтер атқарған. Оның еңбегін бағалаған қоғамдастары оны парламент палатасына сайлады. Батыл саяси көзқарастары үшін 1535 жылдың 6 шілдесінде жазаға тартылды (ел-жұртының алдында басы кесілді).
Философиялық шығармалары: «Утопия» (Утопия – грекше «орны жоқ орын», «Жерұйық» дегенді білдіреді).
Мордың «Утопия» еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. «Утопияның» бірінші бөлімінде Мор Англиядағы
капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін суреттейді: қоғам
мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді және мемлекет атын
жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мемлекеттің сорына
айналады.
Кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады. Бұл бөлімнің мазмұнын Інжілдің, Платонның
«Мемлекет» еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизімінің
әсері сезіледі.
Философиялық көзқарастары:
Қоғамдық өмір – Мор индивидуализмге қарсы, жеке меншік болмауы
тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең.
Мемлекет басшысы – терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам болуы
қажет, «Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам
– қиялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп.
Қоғамда ақша жоқ, алтын тек қажетсіз нәрселерді жасауға ғана, басқа
елдермен қарым-қатынаста және соғыста қолданылады.
Ой еңбегі мен дене еңбегі: Мор дене еңбегін жоғары бағалайды, ол
адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір
мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана
емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін ой. Ой еңбегі
Платондағыдай дәріптелмейді, бірақ онымен айналысатын ең дарынды
адамдар. Утопиялықтар еңбектен шаршап, зорықпайды, қолдары босағанда
өздерін рухани дамытады.

61.Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы.


Жауап: Кайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ілімінің негізін қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретінде де кеңінен танылады. Мемлекет және құқық концепциясы тарихында оның саяси идеялары қарама - қайшылықтар мен жаңа ізденістерге толы болды. Оның мемлекет пен қоғам дамуы туралы көзқарастарын жақтаушылар мен сынаушылардың көптігі олардың бұл мәселедегі даулы айтыстары да Макиавелли еңбегінің қыр-сырын одан әрі анықтай алады.

Макиавеллидiң мемлекет және саясат туралы iлiмiндегi маңызды жаңалығы саясат саласын жеке ғылым ретiнде көрсетуге тырысу идеясы болып табылады. Бұл салада орасан зор тәжiрибе жинақтаған ол саясат қоғамдық өмiрдiң бөлек саласы болып табылады деген қорытынды жасайды. Ол қоғамдық өмiрдi түрлi мақсаттары және оларды iске асырудағы мүмкiндiктерi бiр-бiрiне ұқсамайтын көптеген әлеуметтiк күштер мен әрқилы мүдделердiң қақтығысы ретiнде қарастырады. Оның айтуынша саясат — адам еркiне бағынышты жанды қозғалыс, дауылды стихия, күштер арасындағы күрес, олардың үздiксiз қақтығысы, қайшылықтардың шешiмi, өзгерiстер мен қайта құрулар.


62.Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо). К.Маркс: таптық қоғам. К.Поппер «Ашық қоғам».


Жауап: Жаңа Заман философиясы деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын — капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам — ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, зволюцияның тәжі, демек — дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.

Қазіргі заман философиясы деп, XX ғ. пайда болып және осы күнге дейін негізгі идеялары өнделіп келе жатқан философиялық ілімдердің жиынтығын айтамыз. Бұл кезең саяси — әлеуметтік, ғылыми — техникалық және экономикалық тендесі жоқ даму жағдайлармен ерекше.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет