Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Қоғам философиялық ұғым ретінде



бет8/12
Дата07.02.2024
өлшемі96.22 Kb.
#490995
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Философия

58.Қоғам философиялық ұғым ретінде.
«Қоғам» термині екі мағынада қолданылуы мүмкін. Кең мағынасында - бұл адам өмірінің тарихи дамып келе жатқан түрін білдіретін материалдық әлемнің табиғаттан оқшауланған бөлігі, ал тар мағынасында - бұл адам тарихының дамуының белгілі бір кезеңі болып табылады. Қоғам бірлескен мүдделер мен шарт негізінде адамдардың үлкен топтарының мақсатты және ақылға қонымды ұйымдасқан бірлескен қызметінің өнімі ретінде түсіндіріледі.Өзінің бастапқы мағынасында «қоғам» термині адамдардың ортақтығын, одағын, ынтымақтастығын білдіреді. Аристотель адамды «саяси жануар» деп атаған, тек адамдар ерікті және саналы түрде қоғамға бірігуге қабілетті бола алады. Алайда қазіргі түсінікте «қауымдастық» және «қоғам» терминдері бірдей қарастырылмайды. Қауымдастық жалпы тілі ортақ, шығу тегі бір, тағдырлары байланысқан адамдардың бірлескен болмысының немесе өзара іс-қимылының нысаны ретінде айқындалады; мысал ретінде отбасы мен халықты алсақ болады. Адамдардың кез келген қоғамдастығы қоғам болып табылмайды, бірақ кез келген қоғам - бұл өзін-өзі басқаратын қауымдастық болып саналады.
«Қоғам» термині үш негізгі мағынада қаралатын адамдардың ұжымдық жеке болмысының ерекше нысаны болып табылады:
- қоғам адамдардан ерекше құрастырылған ұжым ретінде қарастырылады мысалы: Қазақстан қоғамы, ардагерлер қоғамы және т. б. болып қарастырылады.
- қоғам адамдардың ұжымдық болмысының үдерісі ретінде, яғни жануарлар табынына қарағанда адамдардың қоғамдық өміріне басты назар аударады.
- қоғам өзара іс – қимыл жасайтын адамдар мен әлеуметтік топтар арасындағы тұрақты байланыстардың біртұтас жүйесі ,яғни қоғам әр түрлі бөліктердің-саяси, құқықтық, экономикалық салалардың, ғылымның, әлеуметтік топтардың органикалық қосылуы ретінде қарастырылады.
59.Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Политикасының» негзгі тұжырымдамалары. Адам саяси жануар ретінде.
ПЛАТОН (АРИСТОКЛ)(б.д.д.428 немесе 427 ж.ж., Афина (немесе Эгинде) – б.д.д.348 немесе б.д.д. 347 ж.ж.)— көнегрек философы, Сократтың шәкірті, Аристотельдің ұстазы.)
Әлеуметтік-саяси көзқарастарында ақылды жоғары деңгейге көтеретін мемлекеттің моделдерін жасауға тырысты. Мемлекет туралы негізгі идеясында – ізгілік, ақиқат білімге сүйенді, мемлекетті идеалды басқару осыларға байланысты, оның мақсаты адамның ажалсыз жанын құтқару. Оны қызықтырған мәселе мемлекеттің мәні мен формалары, басшының тұлғалық қасиеттері тұрғысынан түсіну болды.
Мемлекет жөніндегі құнды көзқарасы, мемлекеттің жетілген, идеалды және жетілмеген формаларын анықтау. Оны екі топқа жіктеп көрсетуге болады:
Мемлекеттің жетілген, идеалды формалары:
а) Платонның идеалды мемлекеті – басқару формасы әділдікке негізделген
б) Аристократия – тек игі жақсылардан, яғни, дәулет, билік және білімге ие топ басқарған мемлекет (аристократиялық республика).
Жетілмеген, құлдыраушы мемлекеттік формалар:
а) Тимократия – баққұмарлардың билікті өз қолдарына алуы, онда қоғам іштей іріп-шіриді, өйткені билеуші топ тек дүниеге ие болуға, баюға ұмтылады. Бұл әскери күшке негізделген бірнеше адамдардың билігі.
б) Олигархия – (грек «азшылық»), сауда, ысырапқорлыққа негізделген азшылық топтың билігі.
в) Демократия – мемлекеттік құрлыстың ең нашар түрі, көпшілік тобырдың билік жүргізуі, онда кедейлер мен байлар арасында өшпенділік өрши түседі.
г) Тирания – қоғамдық биліктің бір адам қолына көшуі.
- этикасы әрбір қоғамдық топқа тән туа біткен ізгі қасиеттерді сақтау әділеттілікке алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет