Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз ә



бет7/12
Дата23.11.2023
өлшемі96.31 Kb.
#484196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ôèëîñîôèÿ ï?í³íåí åìòèõàí áèëåò³í³? ñ?ðà?òàðû

Оның іліміжалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.


  • Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

  • Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады.

57.Әлеуметтік философияның пәні.
«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын., пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.
Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың пайымдауына тоқталайық.
1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі — «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: “ әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді”.
Оның айтуынша әлеуметтік философия – “қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін” зерттеумен айналысатын философиялық таным.
Ал, әлеуметтiк философияның қарастыратың мәселелер келесi:
* әлеуметтiн жалпы даму заңдарың жалпы әлем қалыптасу жүйесiнiң бөлiгi ретiнде
* қоғамдық болмыс және адамдардың рухани дүниесiнiң ерекшелiктерiн, ұжымдық сананы
* әлеуметтiк құбылыстарға адамдардың құндылық қатынастарың, олардыңадамдардың қажеттiлiктерi мен мақсаттарына сәйкестiгiн.
Ендi осы келтiрiлген пiкiрлердi бiрiктiрсек, мұнда шығатыны: әлеуметтiк философия адамның қоғамдық өмiрiнiң барлық «әлемдерiнiң» – тарих, мәдениет, дiн, саясат, құқық, экономика т.б. әлемдерiнiң түпкi, онтологиялық негiздерiн зерттейтiн философиялық бiлiм саласы.
Әлеуметтiк философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары: Бердяев, Ильин, Флоренский, Булгаков. Франк «Қоғамның рухани негiздерi» атты кiтабында әлеуметтiк философияның сұрақтарың анықтайды: 1) Қоғамдық өмiр деген не? 2) Адам өмiрiнде қоғамдық өмiр қандай орн алады және оның шынайы мақсаты неде? 3) адам өзiнiң қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге ұмтылады және неге жету мүмкiн? 4) адамның қоғамдық өмiрi әлемдiк, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмiр болмыстың қандай саласына жатады? Оның айтуынша әлеуметтiк философия- «қоғамдық болмыстың жалпы негiздерiн» зерттеумен айналасатын философиялық таным. «Әлеуметтiк философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығына көруге ұмтылу болып табылады».
Әлеуметтiк философияны әлеуметтiк құбылыстар мен үдерiстердi танудың теориялық-методологиялық мәселелерi, заңдылықтары, социум болмысының логикасы қызықтырады. Және ақырында, С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтiк философияның зерттеу аймағы- қоғамдық өмiрдiң мәнi, оның индивидуалды адам өмiрiмен қатынасы және қоғамдық өмiрдiң құндылық қрларының жалпы өмiрдiң фундаментальды құндылықтарына қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет