- Философия ғылымының негізгі әдістері:
- Диалектика -бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.
- Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.
- Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады. - Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.
- Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
- Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.
Философияның негізгі функциялары: Философияның негізгі функциялары: - - дүниеге көзқарастық;
- - методологиялық:
- - теориялық;
- - гносеологиялық;
- - сыншылдық;
- - аксиологиялық;
- - әлеуметтік;
- - тәрбиелік-гуманитарлық;
- - эвристикалық.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: - Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Дүниеге көзқарас дегеніміз не?
2. Философия мен ғылымның арақатынасы қандай? 3. Философия мен тілдің байланысы қандай? 4. Философияның негізгі мәселесі және сұрағы не болып табылады? 5. Философияның қандай қызметтері бар?
Достарыңызбен бөлісу: |