География ғылымының методологиясы



жүктеу 89.93 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі89.93 Kb.
География ғылымының методологиясы
Географиядағы жалпы өзара байланыстар принципі

Кешенді географияның әдістеме және геожүйелік концепция

Кейбір жалпы ғылымдық концепциялардың географияға тигізетін әсері

Географиядағы заңдар мен теориялар

 

ГЕОГРАФИЯДАҒЫ ЖАЛПЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАР ПРИНЦИПІ
Географияның негізгі әдістемелеріне көшпей түрып оның ғылым есебіндегі негізгі сипаттарын анықтаймыз:

1)  география - дамушы территориялық объектілердің кеңістіктегі арақатынасы туралы ғылым;

2)  география - екі ғылыми байланыс сферасында (табиғи жәнеқоғамдық) дамитын ғылым;

3)  география - географиялық қүбылыстардың өзара байланысы, өзара әрекеті туралы ғылым.

4)  географиядағы жалпы өзара байланыстар принципі материалистік диалектикадан бастау алады.

Географиялық қабьіқ, ландшафтық сфера, қоршаған орта, өндірістік-территориялық комплекс және басқа географиялық объектілер өзара ішкі байланыстар арқылы уйымдасады. Ондай байланы-стар вертикальды және горизонталды байланыстар болып бөлінеді. Вертикальдық байланыстар - бір объектінің компонеттерінің арасын-дағы байланыс (мысалы: жер бедері, климат, өсімдік тағы басқа).

Горизонтальды байланыстарға - географиялық кешендердің бір-бірімен байланысуын жатқызуға болады.

Табиғатта жане географияльщ қабықта кездейсоқ байланыстар жоқ, барлық байланыстар бір заңдылықтарға бағынады.

Өзара байланыстарға талдау жасау - зерттелетін табиғат объ-ектілерін анықтауда пайдаланылады. Осыған байланысты физикалық-географиялық аудандастырудың мәні зор. Оның мәні - табиғаттағы табиғи-территориялық кешендерді анықтау және бөлу. Кешенді физи-калық-географиялық аудандастыру мәселесінің үлкен методологиялық маңызы бар. Уақыт өткен сайын географиялық қабықтың диффе-ренциациясы күрделеніп, табиғат кешендерінің саны ұлғая түседі.

Сонымен қатар, қоғамдағы өзара қарым-қатынастардың да маңызы зор.

Экономика саяси, құкықтьщ мекемелерді идеологияны қамтамасыз етеді. Қоғамдық - экономикалық формацияларға талдау жасау - дамыған қоғамдағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы әлеуметтік сферада территорияға байланысты квптеген нақты өзара байланыстар бар. Мысалы: шаруашылық пен халықтың таралып орналасуы, ёлді мекендердің территорияларда таралып ор-наласуы тағы басқа.

Адамзат пайда болып қоғам қалыптасқан уақытпен байланысты өзара байланыстың жаңа түрі - адамзат - ңоеам - табиәат байланы-сы пайда болды. Адамзат өз қызметі арқылы ҒТР-дәуірінде табиғат компоненттеріне өсерін тигізуші күшті факторға айналды және өз тіршілігі барысында адамзат өз санасынан тыс өмір сүретін табиғат заңдарын пайдаланады.

Осы табиғат пен қоғам арасындағы байланыс көптеген қоғамдық ғылымдар арқылы зерттеледі. Мәселенің географиялық аспектілері қоғам мен табиғаттың нақты ерекшеліктерінің арасындағы өзара байланыспен аяқталады.

Адамзаттың саналы ақыл ойы арқылы өзгерген табиғатты акаде-мик В.И.Вернадский ноосфера деп атағаны белгілі.

Ноосфералық концепция қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланысты ақыл -оймен ғылыми әдістемелермен уйымдастыру ке-рек екендігін дәлелдейді.

 

КЕШЕНДІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ЖӘНЕ ГЕОЖҮЙЕЛІК КОНЦЕПЦИЯ

Кешенді әдістеменің география тарихында үлкен орын бар. Та-биғат туралы біртұтас кешенді ұғымдарды қалыптастырған В.Докучаев, Л.С.Берг, А.И.Войейков т.б. Әсіресе бул әдістемені қолдануда Докучаев мектебінің мәні зор. Сонымен бірге табиғат -қоғам өзара байланысын зерттеуде кешенді әдістемені қолданушылар - Н.Н.Баранский мен Ю.Г.Саушкин.

Жүйелік әдістеме ғылымда 40-жылдардың аяғынан бастап дами бастады. Оның негізін жасаушы Л.Берталанфи, ол мынандай анықтама берді: «Жүйе дегеніміз - өзара байланысқан компоненттер кешені»

Жүйе теориясындағы негізгі ұғымдарға: біртұтастьщ, құрылым, қызмет ету, өзін - өзі реттеу, беріктік тағы басқалар жатады.

Жер бетіндегі кез-келген обьект: өсімдіктер, жануарлар, адамзат, жер бедері, топырақ, өндіріс тағы басқаларын кешендік позициямен қарастыруға болады.

Жүйелік әдістеме зерттелетін обьектіні тек қана жаңаша ғана қарастырмай, оған сандық сипаттама беріп, сызбалық жобасын жасауға мүмкіндік береді. Жүйелік әдістеменің негізгі тәжірибелік мәні осында.

Географиядағы жүйелік әдістеме акад. В.Б.Сочаваның есімімен тығыз байланысты. («Геожүйе туралы ілімге кіріспе», 1978 ж).

Геожүйелік концепция туралы бірнеше көзқарастар бар В.Б.Сочава, А.Г.Исаченко және басқалары жүйе ретінде табиғат жүйелерін түсінеді. Кейде бул терминді жер бетінде қалыптасқан кез келген табиғат кешен ушін қолдануға болады деген пікірлер айтылады. (В.М.Гохман, А.А.Минц, В.С.Преображенский).

Геожүйелерді сипаттайтын түсініктер екі топқа бөлінеді:

1)  оның ішкі құрылымын сипаттайтын  түсініктер  («компонент»,«байланыс», «арақатынас», «орта», «біртұтастық», «құрылым», «ұйымдасу»);

2)  оның қызметіне байланысты түсініктер: «функция», «беріктік»,«тепе-теңдік», «реттеу», «кері байланыс» тағы басқалар.

Геожүйенің элементі - дегеніміз оның ең кіші құрамдас бөлігі не-месе басқаша айтқанда - оның бөліну шегі. Ол геожүйе атомы.

Ал, геожүйенің біртұтастығы - оның ішкі бірлігі, автономия-лығы, қоршаған орта жағдайларынан белгілі бір тәуелділігі.

Кейбір ғалымдар біртутастық дегеніміздің өзі жүйе, яғни бул екі түсінікті бөлек қарауға болмайды деген пікір айтады.

Ал біртұтастық геожүйенің құрылымы арқылы анықталады.Құрылым дегеніміз - жүйенің ұйымдасуының құрылысы және ішкі формасы. Геожүйеге қатысты алғанда құрылым оның ішкі компонен-ттерінің және жекелеген қурылымдық бөліктерінің өзара байланысын көрсетеді.

Геожүйе құрылымы сыртқы әсерлерге тұрақтылығы арқылы сипатталады. Ол инварианттылық қасиетіне байланысты. Бұл түсінікматематика мен физикада да қолданылады. Табиғи геожүйелерде ин-варианттық қасиеттер литогендік негіздің климатпен байланысы арқылы қалыптасады.

Геожүйенің динамикасы дегеніміз - қурылымды қайта қуруға әкеліп соқпайтын барлық өзгерістер (Мысалы: қумды қайраңдарға өсімдік шығуы немесе кесілген орманның қайта қалпына келуі тағы басқа). Динамикадан геожүйенің өмір сүруін айыра білу шарт, оларға тәуліктік, айлық немесе жылдық ырғақтар тән (Мысалы, топырақтың жібуі немесе тоң қатуы тағы басқа).

Жердің қазіргі кеңістіктегі құрылымы - оның дамуының нәтижесі.



Өзін-өзі реттеу геожүйенің ең маңызды қасиеті. Ол оның қалыпты жағдайын сақтауын білдіреді.

Осыған байланысты біз геожүйенің иілгіштігін, яғни сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан өзінің негізгі қасиеттерін сақтауға тырысуын анықтаймыз.

Геожүйелердегі байланыстардың атқаратын рөлі үлкен, өйткені олар геожүйенің біртутастығы мен тұрақтылығын анықтайды. Көптеген байланыстардың ішінен үш топты бөліп қарастыруға болады: өзара әрекеттесу байланысы, генетикалық және даму байланыстары.

Өзара әсер ету немесе әрекеттесу байланысы географиялық объектілер арасында қалыптасады, мысалы: өсімдік — жануар, өсімдік - су, тағы басқалар.

Генетикалық байланыстың географияда өзіндік ерекшелігі бар. Әр түрлі факторлардың әсерінен бурынғы геожүйенің орнын басқа бір геожүйенің басуын айтуға болады. Мысалы, ұсақ көлдерді су өсімдіктері басуына орай бул жер біртіндеп батпаққа айналады, яғни көл геожүйесі батпақ геожүйесімен ауысады.

Даму байланысын эволюцияның жалпы бағыттары анықтайды.

 


КЕЙБІР ЖАЛПЫ ҒЫЛЫМДЫҚ КОНЦЕПЦИЯЛАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯҒА ТИІЗЕТІН ӘСЕРІ

Географияның жаратылыстық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдардың жүйесінде орналасуы - оның теорияларында әр түрлі концепциялардың қолданылуына себебін тигізеді жэне бүл концеп-циялардың әсерлі уақыт өткен сайын өзгеріп отырады.

Географияның алғашқы қалыптасқан уақытында оған ғылыми ретінде геологияның, биология, статистика ғылымдарының улкен әсері болды. Одан кейінгі уақыттарда физика мен математиканың әсері күшейді. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық ғылымдармен -философиямен, саяси экономиямен, әлеуметтанумен байланыстар кеңіп, нығая түсті.

География ғылымының дамуына биологиядағы эволюциялық ілімнің пайда болуы көп әсерін тигізді.

Ұлы жаратылыстанушының (Ч.Дарвин) ғылыми зерттеулері «Бигль» кемесімен 1831-1836 жылдарда жасалған дүниежүзін айналып шығу саяхатынан басталғаны белгілі. Соңынан ол түрлердің өзгерісі мен олардың қоршаған ортаның жағдайына бейімделуін жаппай табиғи сурыпталу жағдайы арқылы жасалғанын айтқан болатын. Ол түрлердің морфологиялық өзгерісі мен қоршаған ортаның өзгерісі арасындағы байланыстарды анықтады.

Ресейдегі ғалым эволюционистердің ішінен еңбектері географияға тікелей қатысы бар К.Ф.Рулье мен И.А.Северцовты атауға болады. К.Ф. Рулье Мәскеу университетіндегі зоологтардың ғылыми мектебінің негізін салушы болды. Саяхатшы, әрі биолог Н.А.Северцовтың еңбектері гоеграфия мен биологиядан жазылған ірі еңбектердің алтын қорына енді.

Эволюциялық идеялар тек биологияда ғана емес, геологияда да дамыды. Ч.Лайель өзінің «Геология негіздері» атты үш томдық еңбегінде сол уақытта кең таралған апаттар теориясын сынға алып, актуализм (өзектілік) - теориясын жақтады.

Өзектілік теориясы геологияда да, географияда да, әсіресе жер бедері, топырақ, өсімдік, ландшафттар дамуының мәселесін зерттеуде үлкен рөл атқарды. Өткен уақыттарға қазіргі көзқараспен қарау - тарихи географияғатән. Геотектоникалық концепциялардың ішінде геосинклинальдық, глобальдық тектоникалық плиталар концепциялары маңызды рөл атқарды. Жерді мұз басу теориясы қазіргі ландшафт түрлерінің генетикалық түп-тамырын анықтауға мүмкіндік берді.

География ғылымдарының дамуына кибернетиканың қосқан үлесі зор. Кибернетикада келіп түсетін ақпараттар ағынының күрделі жүйелерді қалыптастырудағы рөлі қарастырылған.

Ақпараттар түсінігі қазіргі кезде өте кеңіді. Мысалы, өткендегі геологиялық оқиғалар зерттеушіге тау жыныстарының құрамы, споралар, шаң-тозаң түрінде беріледі. Далалық және лабораториялық әдістемелердің көмегімен ғалым бул мәліметтерді өңдеп, пайдаланады. Бұл жағдайда өлшегіш-ақпараттьщ жүйелер қолданылады.

Сонымен информация түсінігі геожүйелер мен олардың өзінен-өзі реттелуіне қатысы бар.

Қазіргі уақытта география ғылымында экологияландыру, экономикаландыру, элементтендіру бағыттары қалыптасқан. Оларға жаратылыстану, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардың жетістіктері әсерін тигізеді. Сондықтан географтар аталған білім салаларының концепцияларын білуі шарт.

 
ГЕОГРАФИЯДАҒЫ ЗАҢДАР МЕН ТЕОРИЯЛАР
Ғылым заңдары материалдық дүниенің құбылыстарының маңызды қарым-қатынастарын білдіреді.

Ал теория дегеніміз - реальды дүниедегі құбылыстар мен процестерге түсінік беруге бағытталған білім жүйесі.

География - бұл ғылымдар жүйесі, сондықтан, ол әр түрлі көптеген заңдарға сүйенеді. Сөз жоқ, географияда физиканың, химия-ның, биологияныңғ әлеуметтік ғылымдардың заңдары қолданылады.

С.В.Калесник жалпы географиялық заңдылықтардың қатарына географиялық қабықтың біртутастығын, зат айналымы, табиғатқұбылыстарының ырғақтылығы, зоналылық, азоналық заңдылықтарын жатқызады.

Олардың ішінде кең таралғаны - зоналылық заңдылығы. Бұл заңның ландшафтқа тигізетін әсері климат, әсіресе күн радиациясы арқылы жүзеге асырылады.

Географиялық қабықтың дамуымен тағы бір заңдылық - территориялық диффренцияация (бөліну) байланысты. Тұрақты дифференциация зоналықтың күрделенуіне әсерін тигізді.

Табиғат процестерінің ырғақтылығы - олардың тәулік, ай, жылдар, ғасырлар бойында қайталанып келуі, зат айналымы жердің жеке сфераларында ғана емес, жалпы географиялық қабықта байқалатын заңдылық.

Мысалы, атмосфералық ауа айналымы, судың үлкен және кіші ай-налымы, ағыстар айналымы, химиялық элементтер айналымы.

Аталған заңдар табиғатқа, адамның шаруашылық қызметіне әр қилы әсерін тигізеді.

Табиғат комплекстері теориясы тек географияда ғана емес, биологияда да, экологияда қолданылады.

Ал аудандастыру теориясы барлық географиялық ғылымдарды бір-біріне жақындатады. Аудандастыру - территорияны  белгілі  бір жүйелерге бвлу. Оларды бөлудің жалпы принциптері бар. Географияда географиялық объектілердің пайда болуы мен эво-люциясы туралы үлкен топтамалар жасалған.

Экономикалық географияның өзіндік ерекшеліктері бар теорияла-ры бар (өндірістік-территориялық кешендер, экономикалық ауданда-стыру теоориялары, В.Кристаллердің орталық орындар теориясы).



Қорыта келгенде, ғылымдағы көзқарастардың күресі белгілі бір теорияларға сүйенеді. Бұл жағдайда теориялар жаңа пікірлермен, жаңа пікірлермен, жаңа мәліметтермен толығады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет