Жэнь-конфуцийшілдіктің негізгі этикалық категорияларының бірі.
Инь Ян – бірін-бірі толықтыратын екі күшті немесе өмірдің барлық аспектілері мен құбылыстарын қамтитын екі принципті білдіретін қытай философиясындағы ұғымдар.
Цзюн цзы — адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, «алтын ортаға» жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам.
У-вэй-тыныш келісу дегенді білдіреді, кейінірек «әрекетсіздік, ештеңеге араласпау деген қазіргі мағынасында түсініле бастады.
3.Антика философиясы
Полис — қала-мемлекет. Антикалық қоғамның жеткен жетістіктерінің бірі – мемлекет құрылымының ерекше түрі полис болды.
Апейрон - Анаксимандр - кіргізген сапасыз, айқын емес, шексіз, мәңгі козғалыстағы дүниенің алғашкы негізін бейнелейтін ұғым.
Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория.
Гилозоизм - өмір, сезім табиғаттың барлық заттарына тән деп уағыздайтын ілім
Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым
Логос — антикалық және христандық философиядағы ұғым. Жаратылыстың бастапқы кездегі жалпы заңдылығы, дүниенің негізі дегенді білдіреді.
Софизм - саяси пікір-талас жүргізу өнері, пікір-таласта қолдануға болмайтын әдіс-тәсілдерді саналы түрде қолдануға негізделеді
Добродетель-Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы.
Натурфилософия– (латынша natura – табиғат) – табиғат философиясы; табиғатты біртұтас қарап, үстірт пайымдау арқылы түсіндіретін ілім.
Майевтика-Платонның "Теетет" диалогының термині, Сократ жасаған философиялық әдісті білдіреді, ол ұғымдарды дәйекті сұрақтар арқылы, "сынақ" арқылы ашудан тұрады»
Достарыңызбен бөлісу: |