Философияның пәні мен әдісі


Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады. Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады



бет4/11
Дата06.02.2024
өлшемі228.58 Kb.
#490964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2-философия пәні мен әдісіpptx

Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады. Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады.

Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.

Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.

Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.

Герменевтика -(гр. hermēneutikos - түсіндіру, талқылау) — түсіндірудің теориясы мен әдістемесі,мәтіндерді (текст) түсіндіру өнері. Ол көбіне діни мәтіндерді, әдеби шығармалардағы даналықтарды, философиялық мәтіндерді түсіндіреді. Саяси консалтингте, мәтіндерді түсіндіріп анализдеуде және адамның немесе әлеуметтік топтың харекетін анализдеуде қолданылады.

Феноменология әдісі – алғашқы түйсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт.

Феноменология әдісі – алғашқы түйсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт.

Қазіргі философиялық ойдың жетекші бағыттарының бірі ретіндегі феноменология ұғымы 20 ғасырда қалыптасты. Феноменологиялық философияның негізін салушылардың бірі Эдмунд Гусерль (1859 – 1938ж.ж) болды. Гусерль өзінің шығармашылық эволюциясында Декарттың, Лейбництің, Юмнің, Канттың, т.б. ықпалында болды. Феноменологияның негізгі ұғымы “интенционалдық деп аталады”. Бұл ұғым сананың объектіге қатынасын көрсетеді. Феноменологиялық ұғым бойынша “объект болмаса, субъекті те болмайды”.

Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары:

субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет