7)Африка дәстүрлі өркениеті
•Бушмендер. Африканың оңтүстігінің жер- гілікті тұрғындары болып ежелден бушмендер саналады. Олар шебер аңшылар, терімшілер, көшпелілер, керемет ізшілер, бишілер, суретшілер, жылан мен жәндіктер, өсімдіктер әлемінің нағыз білгірлері болды. Африкада табиғатты тану жөнінде олармен ешкім де таласа алмайды.
Назар аударыңдар!
Бушмен - оңтүстікафрикалық бірнеше тайпаның жалпы атауы. Жаңаша деректер бойынша, олар адамзаттың алғашқы өкілдері болып саналады.
• Бұл жерге алғашқы еуропалық адамдардың табаны тигенше бушмендер жабайылық жағдайында өмір сүрген. Олар лашықтарда немесе бұталар мен шөптердің астында тіршілік еткен. Осы өмір салтына орай олар «бүшмен» деп аталды, бұл ағылшын тілінен аударғанда бита арасындағы адам, бутақтағы адам (ағылш. bush - бутақ, бута өсетін жер) деген мағынаны береді. Ал бушмендердің өз арасында жалпы атауы жоқ, олар өздерін белгілі бір тайпаға қатысты атайды.
•Нубия - Ніл аңғарындағы тарихи аймақ. Бұл атау көне египеттік «nub» деген сөзден шығуы мүмкін, ол алтын деген мағына береді. VI ғасырда христиандық қабылданғаннан кейін Нубия шіркеуі Египеттің мәдени және діни ықпалына түсе бастады. Нубия орта ғасырлардың соңына дейін ғана христиан аймағы ретінде саналды. VII-XIV ғасырларда мұнда бірнеше нубилік христиан мемлекеттері болған. Кейіннен бұл жерлерге ислам діні таралып, араб тайпалары біртіндеп қоныстана бастады. Нубия құлдар мен табиғи байлықтардың (алтын мен піл сүйектерінің) орталығы ретінде аты шықты.
•Гана - монархиялы басқарудағы мемлекет. Патша алым-салық және өзіне бағынышты көптеген тайпалардан кедендік салық алды. Сонымен қоса Гана билеушілері алтын өндіретін кен орындарына ертерек бақылау орнатып, оның пайдасын өздері көретін.
•Мали мемлекеті. XI ғасырдың өзінде-ақ Нигер және Бакой өзендерінің аралығында шағын ғана тайпалық Мали князьдігі құрылды. Кейіннен Гананың билігіне бағынышты болды. Көршілерімен болған соғыстарда шыңдалған әскербасылары өз биліктерінің этникалық және саяси негізін қалайды және алғашқы мүмкіндікті пайдаланып, саудаға үстемдіктерін орнатты. Өздеріне қарасты аумақты кеңейтіп, мемлекеттік ұйымдарын күшейтеді. Осы істердің басында Мали мемлекетінің іргесін қалаушы даңқты билеуші - Сундиат тұрды. Ол 1235 жылы Крина елді мекені маңында болған шайқаста, Сосо көсемін және Гана билеушісін өлтіріп, астанасын талқандап, өзінің жаңа ордасын тікті. Ол өзінің патшалығына бөрінің басын қосып, ежелгі Гананың аумағындай аса ірі мемлекеттің негізін қалады.
•Сонгай. Сонгай мемлекеті XV ғасырдың басында құрылып, Әли соннидің (билеушінің титулы) басқаруында біршама жетістіктерге жетті. 1464-1492 жылдар аралығында билік жүргізген Әли билеуші «ұлы» деген атақты иеленеді. Ол 1468 жылы Томбуктуды басып алып, туарег пен моси тайпаларының шабуылын тойтарады.
Достарыңызбен бөлісу: |