Физика-2 курсы бойынша 2006-2007 оқу жылына арналған тірек конспектілері



бет11/48
Дата14.09.2023
өлшемі6.81 Mb.
#477643
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Лекция Физика 2 - каз

Жарық ағыны Ф-тің (оптикалық сәулелену қуаты) бірлігі - Люмен (лм): 1Люмен деп жарық күші 1кд болатын нүктелік көздің 1ср денелік бұрыш ішінде шығаратын жарық ағынын айтады. (1лм=1кд-ср).
R жарық шығарғыштық деп жарқырап тұрған ауданы S – болатын беттің қосынды ағынын айтады.
Жарық шығарғыштық өлшем бірлігі люменнің метр квадратқа қатынасы (лм/м2).
Қандай да бір φ бағытындағы жарық шығарып тұрған беттің жарқырауы деп I жарық күшінің S ауданшасының таңдап алынған бағытқа перпендикуляр бағытқа проекциясының қатынасына тең шаманы айтады.
Жарқыраудың өлшем бірлігі канделаның метр квадратқа қатынасы (кд/м2).
Жарықталыну Е — деп S ауданға түсіп тұрған Ф жарық ағынының осы ауданға қатынасын айтады.
Жарықталынудың өлшем бірлігі люкс (лк): 1Люкс деп 1м2 – ауданға 1лм ағын түсіп тұрған жарықталынуды айтады. (1лк=1лм/м2)

5 ЛЕКЦИЯ. ЖАРЫҚ ТОЛҚЫНДАРЫНЫҢ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ДИФРАКЦИЯСЫ.

8.1. Толқындардың когеренттілігі


8.2. Жарық интерференциясы
8.3. Интерференциялық максимум және минимум шарттары
8.4. Френельдiң зоналар әдiсi.
8.5. Дөңгелек саңлаудағы дифракция.
8.6. Дискiдегi дифракция.
8.7. Фраунгофер дифракциясы.
8.8. Дифракциялық тор.
8.9. Кеңiстiктiк тордағы дифракция.
Когеренттілік деп кеңістікте және уақыт бойынша бірнеше тербелістің немесе толқындық жүйелердің үйлесімді түрде өтуін айтады.
Монохроматты толқындар – бір ғана тұрақты жиіліктегі бүкіл кеңістік бойынша шектелмей таралған толқындар. Нақтылы жарық көздері аса дәл монохроматты жарық бермейтіндіктен кез келген бір бірінен тәуелсіз жарық көздерінен шыққан сәулелер когерентті болмайды. Жарықты жарық көздеріндегі әрбір атомдар шамамен »10-8c. уақыт мезетінде шығарады. Тек осы сәтте ғана атомдар шығарған толқындардың амплитудасы және тербеліс фазасы тұрақты болады. Монохроматты емес жарықты толқындық түйіншектер (волновые цуги) –атомдар шығаратын, бірін-бірі тез алмастырып тұратын гармониялық импульстердің жиыны түрінде қарастыруға болады.
Бір толқындық түйіншектің орташа уақыты когеренттілік уақыты деп аталады. Егер толқын біртекті ортада таралса, онда тербеліс фазасы кеңістіктің берілген нүктесінде тек когеренттілік уақытында ғана сақталады. Бұл уақыт мезетінде толқын вакуумде lког = с τког ара қашықтығына тарайды. Бұл ара қашықтықты когеренттілік ұзындығы (немесе түйіншек ұзындығы) деп атайды. Сондықтан берілген жарық көзі үшін интерференцияны тек оптикалық жол ұзындығы когеренттілік ұзындығынан аз болғанда ғана бақылау мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет