Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет18/79
Дата14.10.2022
өлшемі1.39 Mb.
#462715
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79
Ôèçèêà æ íå àñòðîíîìèÿ ï í³íå àðíàë àí Á³ë³ì áåðó êîäû æ íå áåé³

Температураның абсолют нөлі. Температура теріс болуы мүмкін еместігі айқын , өйткені оның сол бөлігіндегі шамалардың бәрі де оң. Демек, Т-температураның мүмкін болатын ең аз мәні не p қысым, не V көлем нөлге тең болған жағдайда T=0.Белгіленген көлемдегі идеал газдың қысымы нөлге ұмтылатын шектік температураны температуның абсолют нөлідеп атайды.
Температуның абсолют шкаласы. Ағылшын ғалымы У. Кельвин температурның абсолют шкаласын енгізді. Абсолют шкала бойынша (сондай-ақ оны Кельвин шкаласы деп те атайды). Нөлдік температура абсолют нөлге сәйкес келеді , ал бұл шкала бойынша температураның әрбір бірлігі Цельсий шкаласындағы градусқа тең.
Халықаралық бірліктер жүйесінде абсолю температура бірлігі кельвин деп аталады. ( К әрпімен белгіленеді).
Больцман тұрақтысы. Енді бір кельвин (1 К) Цельсий шкаласы бойынша градусқа (1 ) тең болатындай етіп, (2,6) формуладағы k коэффициентті анықтаймыз.
Біз 0 және 100 Ө мәндері білеміз.(2,2 және 2,4-формулалар). 0 кезіндегі абсолют температураны Т1 арқылы белгілейік . Сонда (2,5)-ке сәйкес

Бұдан, . Коэффициент




Людвиг Больцман (1844-4906)- Австрияның атақты физигі, молекула-кинетикалық теорияның негізін салушылардың бірі. Больцман еңбектерінде молекула-кинетикалық теорияалғаш рет логикалық жүйеге келтіріліп , қатаң физикалық теорияға айналды. Максвеллдің электромагниттік өріс теориясының дамуына жәек оны ғылыми насихаттауда Больцман көп еңбек сіңіреді. Ол жылу құбылыстарына молекулалық ілімнің қажеттігін қатты жақтады және молекулалардың бар екендігін жоққа шығармақшы болған ғалымдармен күресте басты ауыртпалықты өз басына алған, табанды күрескер.
Бұл шама австрияның атақты физигі, газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгін салушылардың бірі Л.Больцманның құрметіне Больцман тұрақтысы деп аталды.
Больцман тұрақтысы энергетикалық бірліктермен алынған температураны–кельвиндермен алынған Т температурамен байланыстырады. Бұл молекула-кинетикалық теорияның аса маңызды тұрақтыларының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет