Физика-математика факультеті 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже


Оқу тілі: қазақша. Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай



бет36/47
Дата25.04.2016
өлшемі4.58 Mb.
#89636
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өміртіршілік қауіпсіздік негіздері

Пәннің коды: OKN 2101

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 1

Дәріс беруші: Жиенбаева Л. – аға оқытушы.

Курстың мақсаты: Бұл курсты оқыту барысында студенттерге тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде білім беру, үйрету, адам өміріне қауіп-қатер туғанда, содан қорғанудың ең қарапайым жолдары мен әдістерін толық игеруден тұрады.

Деректемелері/Пререквизиттері: Өміртіршілік қауіпсіздігі негіздері пәні келесі пәндермен тығыз байланыста болады, яғни экология, табиғатты қорғау, еңбекті қорғау, химия, биология.

Өміртіршілік қауіпсіздігі негіздері курс материалдарынан алынған білімді студент келесі базалық және арнайы пәндерді оқығанда пайдалана білуі керек: «Қоршаған ортаны қорғау», «Экологиялық сараптама», «Мониторинг», «Өнеркәсіптік экология», «Ауылшаруашылық экология», «Суды тазартудың техникасы мен технологиясы», «Атмосфераны қорғаудың техникасы мен технологиясы», «Химия».



Курстың/пәннің мазмұны: тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде білім беру, үйрету, оның ережелері мен нормаларымен таныстыру, сол сияқты адам өміріне қауіп-қатер туғанда, содан қорғанудың ең қарапайым жолдары мен әдістерін үйрету болып табылады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Журавлев В.П., Пушенко С.Л., Яковлев Л.М. Защита населения и территорий в чрезвычайных ситуациях. Учебное пособие. - М.: Издательство АСВ, 1999 г.

2. Приходько Н.В. Безопасность жизнедеятельности. Курс лекций. - Алматы: ВШП «Адилет», 2000г.

3. Стрижко Л.С. Безопасность жизнедеятельности в металлургии: Учебник для вузов. - М.: Химия, 1998г.

4. Демиденко. Г.П. Защита объектов народного хозяйства от оружия массового поражения.Справочник. - К.: Высшая школа, 1989г.

5. Николаев Н.С., Дмитриев И.М. Гражданская оборона на объектах агропромышленного комплекса: Учебник для студентов сельскохозяйственных вузов. - М.: Агропрормиздат, 1990г



6. Саудабеков К.Е., Алманиязов Э.А., Лухнова Л.Ю., Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: Учебное пособие. - Каз ГЮУ, 1999г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жалпы педагогика

Пәннің коды: OP 2103

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компоненті

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Бекмурзаева Р. – аға оқытушы.

Курстың мақсаты: адамдардың өмір іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне студенттердің зейін аудару, педагогикалық процесті тұлғаның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Философия», «Тарих», «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Экономика», «Мәдениеттану», «Педагогика мамандыққа кіріспе».

Курстың/пәннің мазмұны: болашақ мамандарды педагогиканың әдіснамалық негіздерімен таныстыру; студенттерде тұтас педагогикалық процесс жөнінде педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыру; білім беру жүйесінің дамуын, тәрбие мен оқытудың мазмұнын ғылыми негіздеу; педагогикалық ойлауын қалыптастыру.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. ҚР Конституциясы А. «Қазақстан», 1995ж.

  2. ҚР «Білім туралы» Заңы А., «Баспа», 2007.

  3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына жолдауы, 1997ж.

  4. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. – Алматы. «Нұрлы әлем», 2003.

  5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Г.М. Педагогика. – Алматы, 2000ж.

  6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы, 2004.

  7. Әбенбаев С. Тәрбие териясы мен әдістемесі. – Алматы. «Дарын» 2004.

  8. Бондаревская Е.В. Воспитание как возраждение гражданина, человека культуры и нравственности. – Ростов на Дону, 1994.

  9. Бодалев А.А. Личность и общение. М., 1983.

  10. Бодалев А.А. Восприятие и понимание человека. М., 1988.

  11. Гликман И.З. Теория и методика воспитания. – М. «Владос Пресс» 2002.

  12. Қалиев С., Майғаранова Ш., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. – Алматы. «РБК», 1999.

  13. Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива. – М., 1978.

  14. Подласый И.П. Педагогика. – М., 1996ж.

  15. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика П., 2001г.

  16. Алтынсарин Ы. Таңдамалы пед. мұралары. – А., 1991ж.

  17. Коменский А.Я. Ұлы дидактика А., 1993ж.

  18. Бабанский Ю.К.Педагогика М., 1983ж.

  19. Ильина Т.А. Педагогика., 1963.

  20. Сабыров Т. Оқыту теориясы., Алматы, 1995ж.

  21. Қоянбаев Ж. Балаларды отбасында тәрбиелеу. Алматы. 1977.

  22. Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. – Алматы. «Ғылым», ғылыми баспа орталығы, 2002.

  23. Лепешев Д.В. Педагогическая игровая программа «Дар». – Щучинск. – 2004.

  24. Мальев А. Основания педагогики. С-П 1984 г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық

сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.



Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жалпы психология

Пәннің коды: ZhP 2104

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Скендірова А.- аға оқытушы

Курстың мақсаты: Даму психологиясы, психология тарихы, әлеуметтік психология, психоанализ, эксперименттік психология, психологиялық- педагогикалық диагностика, конфликт психологиясы, жас және педагогикалық психологиясының көкейкесті мәселелері қарастырылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: философия, тарих, педагогика, әлеуметтану, саясаттану, экономика, мәдениеттану, биология, адам анатомиясы, физиология, математика, информатика, психология мамандығына кіріспе.

Курстың/пәннің мазмұны: Жалпы психология” курсын оқып үйрену студенттерге теориялық қор меңгеру бағытында оқылған дәрістерден тұрады. Лекциялық, практикалық және кеңес беру сабақтары арнайы психологиялық зерттеу әдістері мен байқаулар негізінде ие болған теориялық білімдері мен тұлғаны практикалық тұрғыдан меңгеру біліктілігі мен дағдысын бекітуді өзінің мақсат етіп қояды. Бұл курс педагогика және психология мамандығы студенттері үшін фундаменталды пән болып табылады. «Психология» курсы негізгі психологиялық пән ретінде психиканың табиғатын терең ғылыми негізде ұғынуға, психикалық процестердің ерекшеліктерін түсінуге тірек болады. Пәннің негізінде қазіргі жаңа психологиялық, теориялық түсініктерді және классикалық теорияларды ғылыми талдау арқылы психология ғылымының зерттеу объектісі- психиканың табиғаты түсіндіріледі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Алмұратов Ә. Жалпы психология. Білім, 1996.

  2. Жарықбаев Қ. «Жалпы негіздері». Алматы,2002.

  3. Богословский В.В. Жалпы психология. 1973.

  4. Бап-Баба Сәбет «Жалпы психология». Алматы, 2003.

  5. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва. ИРО,1997.

  6. Маклаков А.Г. Общая психология. Москва, 2002.

  7. Немов Р.С. Психология. Москва.-Владос, І,ІІ,ІІІт. 1998.

  8. Сост. И.Рогов «Общая психология» Москва, 1998.

  9. Столяренко И.К. «Общая психология» Москва, 2002.

  10. Петровский А.В. «Жас ерекшелігі және педагогикалық психология».

  11. Петровский А.В. «Общая психология». 1989

  12. Цербаков А.И. «Практикум по возрастной и педагогической психологии». М, 2000

  13. Атлас по психологии. Гамезо. Домашенко. 1997

  14. Жарықбаев Қ. «Жантану негіздері». Алматы, 2000

  15. Бодалев А.А. «Психология личности». Москва, 1980.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Сызу және сызба геометриясы

Пәннің коды: ChNG 2105

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Омаров Т.Ж.академиялық доцент

Курстың мақсаты: Кеңістік туралы түсініктер мен болжамдарды, инженерлік ойлау қабілетін дамыту. Кеңістік пішіндері мен құбылыстарды талдау және оларды жинақтап, қорытынды жасай білу. Түрлі геометриялық кеңістік пішіндерін жасаудың тәсілдерін үйрету. Геометриялық денелердің кеңістік пішіндерінің графикалық модельдері болып табылатын сызбаларын салу тәсілдерімен танысу және оны игеру. Сызықтық перспектива заңдылқтары бойынша табиғат және интерьер перспективасын сала білу Геометриялық денелердің перспективалық пішіні мен олардың көлеңкесін салуды меңгеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы «Сызу» пәнін толық меңгеру керек

Курстың/пәннің мазмұны: Сызу және сызба геометрия пәні инженерлік және эстетикалық білімнің негізін құрайды. Осы пәндерді оқып үйрену арқылы дененің көрінісін әр түрлі әдістермен бейнелеуге, көптеген геометриялық есептерді шешуге болады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Арустамов Х. «Сборник задач по начертательной геометрии» М. «Машиностроение» 1978ж.

2. Посвянский А. «Сборник задач по начертательной геометрии»

3. Бубенников А. «Начертательная геометрия»М. «Высшая школа» 1981ж.

4. Боголюбов С. «Индивидуальные задания по курсу черчения» М. «Высшая школа» 1989ж.

5. Оқулық «Черчение» М:Борисов, М., «Просвещение»,1987г.

6. «Машиностроительное черчение» Боголюбов С.К., Воинов, М.,1981г.

7. «Справочное руководство по черчению» Родик, Хаскин, М., 1981г.

8. «ЕСКД. Общие правила выполнения чертежей» М.,1984г.

9. «Задачник по строительному черчению» Боголюбов С.К., М.,1987г.



10. «Машиностроительное черчение в вопросах и ответах» Суворова П.,М.,1986г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Салалық материалтану және конструкциялық материал технологиясы (мамандануы- радиотехника и электроника)

Пәннің коды: OmTkm 2206

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Абуова Н.Ә.- п.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Материалдардың құрылысы туралы білім: таза металдар, қатты ертінді-лер, аралық фазалар, композициялар жүйелер, ұнтақты материалдар, бейметалдар және т.б. материалдардың құрылымын талдап түсіндіру; конструкциялы-технологиялық материалдар мен олардан жасалатын түрлі бұйымдар жөнінде ұғымдарын қалыптастыру; ғылыми көзқарас пен қазіргі технологиялық ойлауды қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Сызу және сызба геометрия», «Материалдарды өңдеу технологиясы», «Химия», «Физика» және т.б.

Постреквизиттер: «Машинатанудың теориялық негізі», «Жалпытехника-лық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі», «Метрология, стандарттау және сапаны басқару» және т.б. пәндері.

Курстың/пәннің мазмұны: «Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» пәнін оқытудың мәні – металдар мен қортпалардың құрлысы мен қасиеттерін зерттеп, олардың арасындағы заңдылықтарды анықтау. Бұл пән халық шаруашылығының кез-келген саласында қолданылатын металдар мен қорытпалардың қасиеттерін зерттеу және жасанды жолмен өзгерту, халық шаруашылығының әр түрлі саласында қолданылатын жоғары сапалы, жаңа қасиетті жасанды материалдарды тауып, пайдалану жөнінде мәліметтер береді. Металл емес материалдар жөнінде, олардың структуралық қасиететрі жөнінде түсінік қалыптастырады.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Оханов Е.Л., М.Б.Самсаев Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы / Оқулық. – Алматы. «Бастау» баспаханасы, 2009 ж. – 232 б

  2. Клюжев Ю.В., С.С.Әубәкіров, Қ.Б.Бақтыбаев Материалтану (Электрмате-риалтану негіздерімен) Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2007. – 144 б.

  3. Деграф Г.А., Самсаев М.Б. «Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы». – Алматы, Агроуниверситет, 2001. – 230 б.

  4. Омаров А.Қ. А.Қ. Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы. Оқулық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 1970. – 308 б.

  5. Лахтин Ю.М., Леонтева В.П. Материаловедение. М. Машиностроение

  6. Дриц М.Е., Москалев М.А. Технология конструкционных материалов и материаловедение. М. Высшая школа, 1990г

  7. Кондратьев Е.Т. Технология конструкционных материалов и материало-ведение. М. Колос 1990г

  8. Полухин П.И. Технология металлов и сварка. М. Высшая школа, 1977г

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Салалық материалтану және конструкциялық материал технологиясы (Мамандануы-еңбек технологиясы және кәсіпкерлік (ұлдар)

Пәннің коды: OmTkm 2206

Пәннің типі: Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Таубаев С.З.- магистр, оқытушы

Курстың мақсаты: Оқу бағдарламаларына сәйкес студентерге білім, ептілік пен дағдыларды қалыптастыру; студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту; Студенттерге өздерінің жұмыстары жоспарлау, дайындалатын бұйымға технологиялық құжаттар даярламасын жасау және сол бойынша бұйымды дайындау ептіліктерін қалыптастыру; еңбекке, еңбек сүйгіштікке, жалпы еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, еңбек іс-әрекетін тәрбиелеу болып табылады.

Курстың перереквизиттері: «Материалтану», «Сызба геометриясы», «Сызу», «Композиция».

Курстың постреквизиттері:

  • конструкциялық материалдарды қолмен және механикалық жолмен өңдеуді толық меңгеру;

  • ағашты көркемдеп өңдеу әдіс-тәсілдерін игеру;

  • дайындалатын бұйымға технологиялық құжаттар даярламасын жасау және сол бойынша бұйымды дайындаманы жасап шығаруды үйрету;

Курстың/пәннің мазмұны: Бұл пән конструкциялық материалдарды қол аспаптармен және механикаландырылған құралдармен өңдеуден тұрады. Оқу шеберханасындағы сабақтарда болашақ мұғалімнің политехникалық бағыттағы еңбек дайындығы жүзеге асырылады. Осы негізде еңбекке баулу мұғалімдерін дайындаудағы оқу бағдарламасына сәйкес мектептің орта буын оқушыларын техникалық еңбек бойынша және жоғары сынып оқушыларын оқу шеберханалары мен мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар базасында сабақтарды нәтжелі ұйымдастыруға, кәсіптік бағдар және тәрбие жұмыстарын жүргізуге қабілетті алғы шарттар жасайды.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Муравьев Е.М., Молодцов М.П. Практикум в учебных мастерских (обработка металлов). Москва «Просвещение»1987

2.Макиенко Н.Н. Слесарное дело с основами материаловедения. Изд. «Высшая школа» 1974. 464с. С илл.

3.Фещенко В.Н., Махмутов Р.Х. Токарная обработка. М; Высшая школа, 1984-288с.

4.Старичков В.С. практикум по слесарным работам. М: Машиностроение. 1985. 220с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Салалық материалтану және конструкциялық материал технологиясы (мамандануы-еңбек технологиясы және кәсіпкерлік (қыздар))

Пәннің коды: OmTkm 2206

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Ералиева С.Ж. – т.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: «Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» пәнінің «Тоқыма өндірісінің материалтануы» бөлімінің негізгі мақсаты – оқу бағдарламасына сәйкес студенттерге болашақ кәсіптік оқыту мен еңбек технологиясын оқытушы–мамандардың тоқыма және тігін өндірістерінде қолданылатын материалдардың түрлері, қасиеті, құрылымы мен қолданылуы, конструкциялық материалдар ретінде олардан жасалынатын түрлі бұйымдар жөнінде ұғымдарын қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін лекциялық және практикалық материалды толық меңгеруі үшін студент пәнге байланысты мектепте «Технология» пәні арқылы алған білімін жақсы меңгеруі және Қазақстан Республикасы шаруашылығының өндірістік салалары жайындағы түсінігі болуы қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: «Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» пәнінің «Тоқыма өндірісінің материалтануы» бөлімінің негізгі міндеті төмендегідей, яғни:

– тоқыма материалдарының түрлері, құрамы, қасиеттері жөнінде түсінік беру;



  • талшықтар мен жіптердің сапасын анықтай білуге үйрету;

  • тоқыма материалдарының тұтынуға шыдамдылығы жөнінде мәліметтер беру;

  • тоқыма материалдарының құрылымын, қасиеттерін анықтау тәсілдерімен таныстыру;

  • студенттердің кәсіби білімі мен біліктіліктерін арттыру;

  • материалдарды өңдеу технологиясын және олардан жасалынатын бұйымдар жөнінде мағлұматтар беру.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Мальцева Е.П. Тігін өндірісінің материалтануы. - Алматы: «Ана тілі»,1992.-256 б.

  2. Садыков Ф.К. и др. Текстильное материаловедение и основы текстильных производств.-М.: «Легпромбытиздат», 1989.-288 с.

  3. Стельмашенко В.И., Розаренова Т.В.Материаловедение швейного производства. -М.: «Легпромбытиздат», 1987.-224 с.

  4. Кукин Г.Н. и др. Текстильное материаловедение (волокна и нити): Учебник для студентов ВУЗов, .-М.: «Легпромбытиздат», 1989.-352 с.

  5. Бузов Б.А., Алыменкова Н.Д. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности. М. 2004г.

  6. Савостинский Н.А., Амирова Э.К. Материаловедение швейного производства. М. 2002г.

  7. Орленко Л.В., Гаврилова Н.И. Конфекционирование материалов для одежды. М. 2006г.

  8. Мартынова А.А. Структура и проектирование тканей. М. 1999г.

  9. Грановский Т.С. Удивительная специальность ткачество.- М.: «Легпромбытиздат», 1989.-89 с.

  10. Дрожжин В.И., Орешенкова Н.В. Справочник по швейно-трикотажному производству.- М.: «Легкая и пищевая промышленность», 1982.-206 с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Материал өңдеу технологиясы (еңбек технологиясы және кәсіпкерлік ( қыздар))

Пәннің коды: TOM (2) 2108

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3, 4

Кредит саны: 2+2

Дәріс беруші: Қошқарова Ш.З.-аға оқытушы, п.ғ.к.

Курстың мақсаты: болашақ мамандарды күнделікті тұрмыс-тұтыну бұйымдарын, киім топтарын дайындау және оларды көркемдеу барысында қолданылатын тігістерді орынды пайдалану, қол және машина тігістерін, дымқылды жылумен өңдеу жұмыстарының түрлерін үйрету, киімнің бөлшектерін өңдеп, оларды бір-бірімен қосуда тігіс түрлерін дұрыс пайдалана білуге үйрету және осы жұмыстарды үйрету арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін университет курсындағы «Тігін бұйымдарының технологиясы», «Кәсіби дизайн элементтері мен үрдістері», «Салалық материалтану», профильды пәндерді толық меңгеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет