«Физика пәнінен күрделі есептер шығару жолдары»


Термодинамика негіздері -4 сағ



бет5/17
Дата21.12.2023
өлшемі1.54 Mb.
#487471
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
«Физика пәнінен күрделі есептер шығару жолдары»

Термодинамика негіздері -4 сағ





26-27

Термодинамиканың бірінші заңына есептер. жылу қозғалтқыштарына есептер. Есептерді құру мақсатында мектептен тыс мекемелерге бару

2

28-29

Жоба есептер: газ термометрінің моделі, берілген қысымға сақтандырғыш қақпақ моделі; жылу машиналар моделі; жұқа капилляр радиустарын анықтауға практикалық жобалар

2



Электромагниттік тербелістер мен толқындар - 4 с ағат





30-31

Электромагниттік толқындардың қаситеттеріне есептер: жылдамдық, шағылу, сыну, интерференция, дифракция, поляризациясы.
электрэнергияны қашықтықтарға жеткізу моделі және т.б.

2

32-33

Геометриялық оптикадан есептер: айналар, оптикалық аспаптар. Салыстырмалылық теориясына есептер және оларды шығару мысалдары. Есептерді құру мақсатында мектептен тыс мекемелермен танысу.
Жобалы есептер: белгілі сыйымдылығымен жазық конденсатор, әр түрлі тербелістегі генераторлар

2

34

Қорытынды сабақ

1


Кіріспе. Физикалық есептерді шешудің тәсілдері мен техникасы

Есеп шығару физиканы оқыту процесінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кездерінде және кластан тыс жұмыстарында кездеседі. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады. Әр сабақтың өзінде де физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар:


1) оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады., физикалық заңдар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады;
2) физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына және өмірімен байланыстылығына көз жеткізеді.;
3) мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке, қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді, олардың ерік — жігерін қайрайды.;
4) физикалық ұғымдарды, жастардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады;
5) оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді;
6) сабақта проблемалық ситуация қойып, оны шешуге жәрдемдеседі;
7) физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі;
8) оқушылардың білімдерін, ебдейліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытады және тереңдетеді;

Физикадан тест есептерін шешуде кездесетін мәселелерге тоқталайық:


Есептерді алдымен оқып-түсініп шешу керек.Есептің шартын оқып, логикалық ойлап үлгеруге, формулалармен есепті шығарып үлгеруге минуттап белгілеуге дағдылану керек. Жеңіл-қиын есептерге бөлінетін уақытты және оларды орындау ретін, жалпы есептерді «айналдыра» орындауды да қатаң сақтап үйрену керек. Арифметикалық қателіктер кетеді, себебі асығыстық пен немқұрайдылықтан болады Қарапайым арифметикалық есептеулерде, алгебралық түрлендірулерде, теңдеулер мен теңсіздіктер шешуде, теріс дәрежелермен есептеулерде «минус» таңбасын көргеннен, өзіңді қайта тексеріп, әсіресе саналы түрде өту керек.
Физика есептерінің бір ең үлкен қиындығы – өмірдің түрлі салаларына беріледі. Сондықтан өмірден, техникадан түрлі термин сөздер қолданылады. Оларды түсіну үшін не өмірлік тәжірибе мол болуы, не… жан-жақты есептерді молынан шығарып, жаттығу қажет болады. Міне, есептер осылай тәрбиелейді.
Бір ескертетіні – физика есептерін шығару үшін математикалық білім жоғары болуы тиіс екенін бәрі біледі. Бірақ бұл шарт орындала бермейді.

Физикадан тест-тапсырмалардың 80-90%-ы физикалық есептер.


Қорыты келе, формуланы есте сақтау, физикалық құбылыстарды бір-бірінен ажырату, оның мағынасын түсіну, өлшем бірліктерін анықтауда, есеп шығаруда көмекші құрал есебінде қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет