Күтілетін нәтижелер:
есеп шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану, негізгі алгоритмдер бойынша білімдерін кеңейту;
таным қызығушылықтарын, интелектуалды және шығармашылық қабілеттерін өз беттерімен білім ала отыру тәжірибесі негізінде жаңа ақпаратты талдау және бағалауды дамыту;
оқушының кәсіптік іс-әрекетіндегі немесе профильдік оқытудағы өзін-өзі анықтауы;
Физикалық, математикалық зерттеу әдістемелері және физиканың дүниетанудағы рөлі туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Оқыту құралы
Қолданбалы курсты оқытудағы негізгі оқыту құралдары болып:
Физикалық аспаптар.
Графикалық кесінділер, сызбалар және т.б.
Дидактикалық материалдар.
Электрондық оқулықтар.
Ақпараттық құралдар (түрлі сайттар, энциклопедия, газет, журнал. . .).
Жоғары сыныптарға арналған оқу құралдары.
Физикадан оқу құралдары, есептер жинағы.
Курс мазмұнын меңгеру деңгейіне қойлатын талаптар:
Оқушылар білу қажет:
физикалық құбылыстарды талдау;
шешімдерін айта білу;
алған жауаптарына талдау жасау;
берілген есептерді топтастыра білу;
қарапайым есептерді құра білу;
қиындығы орта деңгейдегі есептерді шығарудағы алгоритмін тәртіппен орындау және әрбір кезеңдерін түсіндіре білу;
есеп шығаруда тиімді жолын таба білу;
кіріктірілген есептерді шығара білу;
аналитикалық, графикалық, эксперименттік және т.б. түрлі әдістермен есептерді шығара білу;
өзін-өзі бақылау және бағалау әдістерін меңгеру.
«Физика пәнінен ҰБТ-ы есептер жинағының шығару тәсілі»
атты курсының мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |