«Физика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып



бет2/9
Дата06.03.2024
өлшемі1.21 Mb.
#494555
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1 ТС ТЖБ Физика ОГН 10 сынып қаз(23-24) (1)

Ойлау дағдыларының деңгейі





Ойлау дағдылары- ның деңгейі



Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Білу:

  • сәйкес бөлімдердегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;

  • физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;

  • физикалық құбылыстарды;

Түсіну:

Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ)
және/немесе Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады

Қолдану

Қолдану:

  • процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;

  • қолданбалы және оқу тапсырмаларын орындау, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;

  • нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;

  • өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

  • алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмалардыжә не/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады

Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

Талдау:

  • эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,

  • графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты.

Жинақтау:

  • кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды,

  • гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді,

  • эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын.

Бағалау:

  • жасалған эксперименттің нәтижелерін.

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет