117. 1930 жылы дүние жүзінің халқының саны: 2 млрд адам 118. 1962 жылы дүние жүзінің халқының саны: 3 млрд адам 119. 1976 жылы дүние жүзінің халқының саны: 4 млрд адам 120. 1987 жылы дүние жүзінің халқының саны: 5 млрд адам 121. 1999 жылы дүние жүзінің халқының саны: 6 млрд адам 122. Халық санының ХХ ғ. ІІ-жартсынан бастап күрт өсуі аталды: демографиялық жарылыс 123. Адам ұрпағының үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін биологиялық (туу, өлу, табиғи өсу) процестер жиынтығы:
халықтың өсуі Халықтың ұдайы өсуінің типтері 124. Халықтың ұдайы өсуінің типтері: дәстүрлі, өтпелі, қазіргі 125. Дәстүрлі типі: туу – өте жоғары, өлу – өте жоғары, табиғи өсу – өте жоғары 126. Халықтың ұдайы өсуінің дәстүрлі типі тән аймақтарға жатады: Африка мен Азияның артта қалған елдері 127. Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі, жұқпалы аурулардың кең таралуы, санитарлық тазалықтың сақталмауы және халық
санының табиғат апаттар мен аштық салдарынан кемуінен болады: өлім көрсеткіштерінің жоғары болуы (Африка мен Азияның артта қалған елдері) 128. Өтпелі типі: туу – жоғары, өлу – төмен, табиғи өсу – жоғары 129. Халықтың ұдайы өсуінің өтпелі типі тән аймақтарға жатады: Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары 130. Халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруына байланысты өлім көрсеткіштері азайған, ал туу көрсеткіштері жоғары деңгейде қалып
отыр: Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары елдерінде 131. Қазіргі типі: туу – өте төмен, өлу – төмен, табиғи өсу – өте төмен 132. Ұдайы өсудің қазіргі типі тән аймақтар: Еуропа елдері, Канада, АҚШ, Аустралия 133. Мемлекет тарапынан жүргізілетін, халық санын реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы: демографиялық саясат