«Физикалық химия» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы


Термодинамиканың II-ші бастамасы. Энтропия



бет2/5
Дата03.07.2023
өлшемі32.44 Kb.
#475506
1   2   3   4   5
Fizikaly -khimiya

Термодинамиканың II-ші бастамасы. Энтропия
Термодинамиканың II-ші бастамасы. Энтропия. Тепе-теңді және тепе-теңді емес процестердің энтропиясы. Энтропия - процестің бағытының критерийі. Әр түрлі
процестердің және химиялық реакциялардың энтропиясының өзгерісін есептеу. Гельмгольц энергиясы, Гиббс энергиясы, оларды процесс бағытын анықтайтын критерилер ретінде қолдану. Жабық жүйелердегі тепе-тендік жағдайлары және фундаменталды теңдеулері. Гиббс-Гельмгольц теңдеуі. Химиялық потенциал. Идеал және реал газдар қоспасындағы компоненттің химиялық потенциалы.

B, C, C

3

3

Химиялық тепе-теңдік
Фундаменталды теңдеулер және ашық жүйедегі тепе-теңдік жағдайлары. Әр түрлі типті гомогенді жүйелер үшін: идеал және реал газдар мен сұйық жүйелер үшін химиялық реакцияның изотерма теңдеуі. Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі және процесс бағыты. Массалар әрекеттесу заңы және химиялық реакцияның тепе-теңдік константасы. Химиялық реакция теңдеуінің жазылу түріне және реакциялық қоспа құрамының әр түрлі әдістермен өрнектелуіне байланысты тепе-теңдік константалары, олардың өзара қатынасы. Гетерогенді химиялық жүйелер.Түрлі типті гетерогенді жүйелердегі тепе-теңдік константалары. Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі. Вант-Гоффтың изобара және изохора теңдеулері. Ле-Шателье-Браунның жылжымалы тепе-теңдік принципі (температура, әрекеттесуші заттардың бастапқы концентрациясы, қысымның әсерін Вант-Гоффтың изобара (изохора) теңдеуі, химиялық реакцияның изотерма теңдеуі, КP, КC, КХ байланыстары арқылы көрсету).

A, B, C

3

4

Фазалық тепе-теңдіктер. Гетерогенді тепе-теңдік. Бір-және екікомпонентті жүйелердің күй диаграммалары
Гиббстің фазалар ережесі. Клапейрон – Клаузиус теңдеуі. Бір компонентті жүйелердің күй диаграммаларының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері. Су және күкірттің күй диаграммалары. Екікомпонентті жүйелердің балқу диаграммалары: бip эвтектикалы, компоненттері химиялық әрекеттесетін жүйелер балқу диаграммалары. Қатты ерітінділер. Нода, рычаг ережесі. Барлық типті балқу диаграммаларында сұйық және қатты фазалар құрамдарының өзара байланысы.

A, B, C

3

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет