Физикалық кеш «Қызықты физика»



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі18.65 Kb.
#485192
  1   2   3
Физикалық кеш «Қызықты физика»


Физикалық кеш «Қызықты физика»
Жургізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден !

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Баршаңыз да «Қызықты физика» атты кешіне хош келдіңіздер! Біз бүгінгі кешімізді І курстың ОТС-11тобы , ОТС-12 тобы , және құрама топ оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.
Кешіміздің мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін дағдылдандыру. Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.
Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.
ОТС-11 тобынан құралған «Күш», ОТС-12 тобынан құралған «Заряд», Құрама топтан құралған «Атом» топтарын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз.
Ал қазір ойын шарттарымен таныстырып өтейін.

Сәлемдесу. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі)


Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе алмасу)
Физика қиын, ашиды миың. (Әзіл-сықақ көрінісі)
Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын аш)
Пантомимо.(Карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсет..)

Жүргізуші:


Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен таныстыру

Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын


Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.
Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – демекші
І кезеңімізді бастайық.

Мұнда әрбір топ өздерін физика тілінде таныстырады.


1. «Күш» тобының таныстыруы: («Суретші-көркемдеуші» мамандығы)
ОТС-11 тобы
Жанса деймін шамдары, жарқ еткізіп даланы,
Көркемдейтін қаланы, мамандықтың киесі
Байланысшылар-Жасасын!
Мына бізде бәрі бар,ұзындар да табылар
Мысал үшін -Ақгүл бар, айға қолын жеткізген
Айдай сұлу Анар бар,бұлттан қолын өткізген.
Қысқа десең қысқа бар,Гүлдана -деген нұсқа бар
Күндей сұлу –Гүлсезім, қос Салтант тағы бар
Міне, бізде бәрі бар…Болат та бар, Алтын бар
Жер бетінен табылар!
Біздің ұран:
-Біз күшпіз тартамыз, тебеміз, әлемге тартылыс береміз, әділдік жолына сенеміз!-Біз күшпіз,сондықтан да жеңеміз!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет