Фк-03-3к2 тобының студенті Қошқарова Алияның «Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің эмоционалды-ерікті аумағының психологиялық ерекшеліктері»



бет2/6
Дата21.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#151320
1   2   3   4   5   6
Жетімдер мен жетімханалар жайлы алғашқы мәліметтер дәуіріміздің IU ғасырынан (335 жыл, Цареград) бастау алады, ал олардың көбею кезі Еуропада CUII ғасырдың тұсы болып саналады. 1760 жылы испан елінің бір дін қызметкері “жетімханада бала көңілсіз күй кешеді және көбі қайғы-мұңнан өледі” деп жазған. Алайда жабық типтегі балалар мекемелерінде өмір сүрудің салдары ғылыми мәселе ретінде тек ХХ ғасырда ғана қарастырыла бастады.

Балалар үйі, интернаттар жағдайындағы «жабық» орта сенсорлық «аштық» тудыра отырып кез-келген жастағы адам баласына зиянды болып есептелінеді. Әсіресе, жаңа дамып, өсіп келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары өте көп. Осы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса күрделі жағдайда. Бұл жағдайға қатысты өзекті мәселелердің негізгілері мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық араласуға жағдай жасау.

Осы мәселелерді шешуде негізгі екі көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, балалар үйі мен мектеп-интернаттың балалары отбасында тәрбиеленетін балалардан ерекшеленбейді және олардың мәселелерін тек материалдық жағдайда жақсарту және оқу-тәрбие процесіне бірқалыпты жағдай туғызу арқылы шешуге болады десе, екінші жағынан, қазіргі таңда балалар үйінде және интернаттардағы балалардың дені сау емес, барлығы ауыр тұқым қуалаушылыққа негізделген соматикалық және психикалық аурулармен ауырады деген көзқарас қалыптасқан. Осы екі көзқарастың да шындыққа жақындайтын жерлері бар сияқты. [ 1, 53 ]

Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда қызмет атқарып, қоғамдық өмірге белесене араласып жатқандары бар екені белгілі. Дегенмен, қазіргі кездегі балалар үйіндегілердің барлығы бірдей жетім балалар емес. Мұндай мекемелерде ата-аналық құқынан айырылғандардың балалары, жалғызбасты ата-аналардың балалары, ата-аналары тастап кеткен балалар, ауруына байланысты әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары, ата-анасы сотталып кеткендердің балалары, жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді. Бұларды «әлеуметтік жетімдер» деп атайды.

А.М. Прихожан, Н.Н. Толстых зерттеулері бойынша мынадай мәліметтерді білуге қол жеткіздік.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің жиі жағдайда өздерінің жеке құндылықтары жайлы ұғымдарының әлеуметтік беку жағдайлары жиі жағдайда жоқ болады, бұл терең эмоционалды дискомфортқа әкеліп соғады, ал ол өз кезегінде агрессия мен мазасызданудың пайда болуына себепші болады.Мазасыздану дегеніміз, бұл болатын қауіп-қатерді күтуге орай эмоционалды дискомфортты бастан кешу жағдайы. [2, 23].

Жалпы жетімдер үйінде, мектеп-интернаттарда оқыту процесімен қатар мазмұны бойынша түрліше тәрбие бағдарламасы жүзеге асады. бҰл тәрбие бағдарламасының негізгі міндеті – дене жағынан және адамгершілікке қабілетті, қазіргі таңдағы өмірге дербес түрде өмір сүре алатын адамды даярлау болып табылады.

Бұл міндеттің практикалық шешілуі өте ұзақ және ұзақ мерзімді процесс.

Балалар үйлеріндегі балалардың көбісі өмірдегі ең басты нәрсе – ата-аналар қамқорлығы мен махабатынан айырылғандар. Олардың көбісі «жанұя», «үй», «мама», «папа» деген ұғымдарды түсінбейді. Бұл ұғым-сөздерді білмеу интернат пен балалар үйі жағдайындағы ұйымдасқан тәрбие процесіне өте көп проблема тудырады.

Жетімдер үйі, мектеп-интернаттарда жүргізілетін түзету тәрбиелік жұмыстардағы ең басты фактор баланың әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыруға көмектесетін гуманды, яғни адамгершілік ортасын құру факторы болып табылады.

Балалық әлемін жақсы біліп, түсінетін адам ғана нағыз тәрбиеші екендігі баршаға аян, ал оның педагогикалық тактісі тек қана педагогикалық біліммен ғана шектеліп қоймайды, әрі интуицияның болуымен, әрбір баланың жүрегіне шеберлікпен жол табуда ерекше әдістерді меңгеріп қолданумен де анықталады.

Баланың әділдігі, адамгершілігі, сыйластығы – дұрыс тәрбиенің негізгі шарттары осылар, әсіресе жетім-балаларда осы жеке және әлеуметтік қорғанссыздығы жас қосқан сайын өткір бола түседі.

Интернаттар мен балалар үйлері білім беру жүйесінде қажеттігі мен пайдалылығына орай, ондағы тәрбиеленушілерге бірқатар ерекшелік – сипаттарды дарытады. Ең бастысы, интернат, балалар үйі дегеніміз олар үшін – ұжымдық мекеме, онда балалар үшін «менің үйім», «менің бөлмем», «менің бұрышым», «менің ойыншықтарым», «менің ата-аналарым» тағы басқа осы сияқты ұғымдар жоқ. Үй болмай, үлкен ұжым үшін мекеме бола отырып, ереже бойынша бұл балалар үйлері балалардың бойындағы жеке-дара сұраныстар мен қажеттіліктерді қалыптастыра қоймайды және мұнда «мен» сезімі өз дәрежесінде дами қоймайды. Осыған орай, әрине жанұялық типтегі балалар үйлерінің жүйесі жеткілікті кемелденген болады. Жанұялық типтегі балалар үйлерінде педагогтар ата-аналар функциясын атқарады, ал 6-10 бала – соларға бала, қыз, бір-біріне апа, сіңлі, аға, іні рөлдерін атқарады.

Жанұялық үйлер, әрине, жетімдік проблемасын шешудің тиімді жолы, бірақ өкінішке орай, бұл экономикалық тұрғыдан қымбат мекеме, сондықтан да әлі де ұзақ ууақыт бойына дәстүрлі интернаттық типтегі балалар үйлері сақтала бермек.Ол мекемелердегі тәрбиелік процесс ұжымдық өмір принциптеріне негізделген регламенттік сипатта болады.

Дегенмен бұл жағдайларда да балалардың өмірін едәуір дәрежеде жанұялық үй үлгісіне жақындатуға болады.

Қазіргі таңда көптеген интернат, балалар үйлері мекемелерінің басшылары соңғы жылдары балалар топтарын жүйелеп-топтастыруда басқаша әдіс-тәсілдерді қолдануда. Яғни, олар топты құрауда түрлі жастағы балаларды бір топқа біріктіруді қолға алған. Бұл топтарда ересек балалар, кіші балаларға көмектеседі, әрі әрбір топта өз қолданыстарында бірнеше бөлмелердің болатындығы маңызды. Ол бөлмелер: жатын бөлме, ойын бөлмесі, демалыс және сабақ бөлмелері, санитарлы-гигиеналық блок, асхана – буфет. Демалыс күндері бұл асхана-буфетте балалар өздеріне ұнайтын асты, өздері даярлауға, қажет кезде шәй ішуге, мереке және туған күндерге қонақтар-достарын шақыруға мүмкіндік алады.

Бұл жоғарыда аталған үлгілер балалар үйлері, интернаттардағы сақталған дәстүрлі өмір салтын бұзуға, автономды тұрмыс салтын құруға көмектеседі. Мұндай автономды дербес тұрмыс салты психологиялық комфортты сезінуге көмектеседі және балалардың бойында қажетті дәрежеде тұрмыстық дағды-іскерліктердің қалыптасуына себепші болады.

Түрлі жастағы балалар топтарында ересек және кіші тәрбиеленушілер арасында өзара қарым-қатынастар жеңіл әрі оңай қалыптасады, яғни ересектер кішілерге қамқор болу арқылы және жатақхананың түрлі жағдайларында тәрбиеші көмек бере отырып, әрі өмір сүрудің кейбір автономдығына орай, балалар үйлерінің барлық топтары өмірдің жалпы ритмін ұстау, сақтау арқылы бірігулері тиіс. Онда күн бойына оқу іс-әрекетімен қатар басқаша да түрлі жұмыс түрлері қолдану қажет. Ол жұмыс түрлері: спорт, үйірмелік, шығармашылық жұмыс тағы басқалар.

Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар сөзсіз, білім беру мекемелерінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуінен көрінуде. Дегенмен, балалар үйлері мемлекет, қайырымдылық қорлары, демеушілер тарапынан назардан тыс қалып тұрған жоқ.

Балалар үйлерінің кейбір жетекшілері жоғары материалдық шараларға қол жеткізе отырып, оларды саналы жұмсай алмайды, яғни орасан көп жиһаз, кілемдер, қымбат теледидар, музыкалық аспаптарды, компьютер тағы басқаларды үйіп алып, ақыр соңында дүние тәрбиелік емес декоративті функция атқаратын болады.

Нәтижесінде, жанұядағы сияқты қолайлылықтың негізгі критерийі ретінде материалды жетістік бірінші жоспарға шығады да, балалар өмірге икемсіз, әрі суық, қайырымсыз болып өсетін болады.

Әрине, кедейлік үйлесімді адамның қалыптасуына көмектесе қоймайды, сондықтан да жанұялық, әсіресе балалар үйінің материалды камтамасыздығы ерекше маңызды жағдай, ол бірақ ең алдымен балалардың бойында өмір сүруге аса қажетті қадір-қасиет, сапаларды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Тұрмысты ұйымдастыру ең алдымен гигиеналық, эстетикалық талаптарға жауап бергені жөн, және тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай бола отырып, олардың бойында материалды ұмтылыс-қажеттіліктерге шама-шарық сезім білдіруге ұмтылуы тиіс.

Бұл нәрселерге өмір салтын ойластырып құрумен қол жеткізуге болады, яғни мұндайда заттар мен бұйымдар тек қана қолданылып, сақталынбайды, әрі тәрбиеленушілердің өз қолдарымен сақталады, жөнделеді, жаңаланады. Тәрбиелік іс-шаралар жүйесіне жанұядағы сияқты түрлі жұмыс түрлері енуі тиіс, олар: киім, жиһаз, тұрмыс заттарын жөндеу тағы басқалар.

Ал, Қазақстандағы балалар үйінің хал-жағдайлары туралы жазар болсақ, жетімдікпен күрес мәселесі тек қана мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге көптеген бейтарап ұйымдардың да басты мәселесіне айналды.

Егер де 1991 жылы біздің республикамызда 42 балалар үйлері болса, 2004-ші жылы 614 интернаттық мекемелер саны белгілі болып есептелінді, онда 13000 жетім-балалар саны мемлекеттің шығынын арттырады.

Бұл мекемелердегі бір баланы жыл бойы ұстап-тәрбиелеу үшін шамамен 3600 АҚШ доллары жұмсалады. Негізгі шығын ол мекемелердегі қызметкерлер еңбегін төлеуге, әлеуметтік салық пен балалар тамағына жұмсалады.Әрі, мемлекеттік құрылымдар қоғаммен бірлесе отырып, қолдарындағы мемлекеттік құрал-жабдықтарды иемдене отырып, жетімдік проблемасының қайнар көздерін, яғни ішімдікпен, нашақорлықпен, қажетсіз жүкітілікпен тағы басқаларды жоюға орай үлкен жұмыстар атқаруда және бұл құрылымдар психологиялық, әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруда, көп балалы жанұяларға әлеуметтік көмек беруде елеулі еңбек етуде.

Жетімдер үйлерінен шыққан көптеген адамдар кәдімгі өмір салтын да сақтауда. Ал, кейбірі өздерінің өтініш-тілектерін де білдіруде. Ол тілектер мыналар:


  • жетімдер үйлерінен кейін олардың дербес өмір сүрулері барысында жеңілдіктерін алып тастауы;

  • жоғары оқу орындарына түсе алмайтындықтары;

  • 5 б – статьясын алып тастау, яғни ол дегеніміз психикалық және тілдік дамудың артта қалуы. Осы статьяға орай, жұмысқа орналасу көп қиындық келтіреді;

  • Немесе біздерге зейнетақы төлейтіндей мүгедектіктің құжаттарын жасап берсін тағы басқалар.

Міне, осы сынды өтініш тілектер айтады. Әрине, мұның барлығы ащы шындық.

Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары, яғни соңғы он жыл ішінде 24 жаңа балалар үйі пайда болған.

16000 балалар үйінде тәрбиеленушілердің 2000-ы толық жетімдер, ал қалғандары – “тастандылар және бас тартқандардың балалары”. Міне, осы балалар үйлерінен де олар “тастанды және бас тартқандар” болып өмірге де қосылады. Бұрын олардан ата-аналары бас тартса, кейін онымен мемлекет айналысады.

Жалпы алғанда, жетімдік мәселесі үнемі де көпшілік бұқараны алаңдататын, мемлекет назарын үнемі өзіне аударатын үлкен ауқымды мәселе.

Депутаттар алқасы да “жетімдік” мәселесі, оларды шетелдік ағайындардың сатып-алып кету жәйларын да үнемі қарастырады.

Ал Ресейде балалар үйінің даму жайы мына фактіге байланысты 1905-ші жылғы Декабрь қарулы көтерілісінен кейін атақты орыс психиатры, қоғам қайраткері В.П. Кащенко жаралы революционерлерге көмек беруіне байланысты мемлекеттік қызметтен қуылғаннан соң, кемістігі бар және қиын, әрі жүйкесі ауыратын балаларға арналған емдік-педагогикалық мекеме ашпақ ойға келеді. 1908-ші жылы ол шетелге осы мақсатта тәжірибе алмасу үшін жол жүреді. Ресейге оралған соң, Кащенко “санаторий-мектеп” ашады. Бұл сияқты “санаторий-мектеп” бұл кезеңде ресей түгілі, шетелде де болмаған.

Ал кеңестік одақ кезеңінде білім беру жүйесінде балалар үшін тек қана екі түрлі оқу мекемесі болды. Олар: ақыл-ой кеміс және жасы жетпеген қылмыс бұзушыларға арналған. [ 3, 105 ]

Балалар қорының мәліметтеріне орай, әлеуметтік жетімдік саны 1995-1996 ж. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе өскен.

Қазіргі уақытта Ресейде балалар үйлерінде 20,5 мың балалар тәрбиеленеді, оның үштен бір бөлігі бір жастағы дамуында түрлі ауытқулары бар балалар құрайды.

Ал енді шетелде, әсіресе Ұлыбританиядағы арнай білім беру жүйесі үш нгізгі балалар тобына бөлінеді. Олар:



  1. дене кемістігі бар балалар тобы;

  2. оқытуда қиындық туғызатын балалар тобы;

  3. эмоционалды және мінез-құлықтық аумақта проблемасы бар балалар тобы.

Ең соңғысы әсіресе саны жағынан өте көп.

Дамуында ауытқуы бар кейбір нұсқалар балаларды оқыту мен әлеуметтендіруде түзету жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа бір тиімді формаларын іздеуді қажет етеді.

Ұлыбританияда мұндай форма ретінде мынаны айтуға болады, яғни олар «терапевтикалық қоғамдастық» деп аталады.

Ағылшын психотерапевті Мелвин Роуз былай деп жазады: «Арнайы мектеп пен терапевтикалық қоғамдастық арасындағы негізгі айырмашылық эмоционалды ауытқу мен тұрақсыз мінез-құлық себептерін түсінуде болып табылады. Терапевтикалық көзқарас ең бірінші жоспарға балалар мен жасөспірімдердің санадан тыс ұмтылыстарын анықтау міндетін қояды. Ал, арнайы мектеп тәрбиеленушілердің әлеуметтік мінез-құлқын зорлықпен жақсарту жолымен өзгерті жасауға тырысады». [4, 102 ]

Әрине, Ұлыбританиядағы арнайы білім беру формасы мен деңгейі осы елдің жоғары даму деңгейімен анықталады. Басты міндет өте қарапайым түрде құрылады: эмоционалды немесе мінез-құлық аумағының ауытқуы бар бала үшін оның кезінде отбасы, мектепте алмаған дүниесін психодинамикалық көзқарасты қолдана отырып, қоғамға толыққанды денсаулығы мықты азаматты қайта оралту.

Әрі британ мамандарының пікірінше, тиісті барлық жағдайды қолдана отырып кез-келген мінез-құлық ауытқуын жөндеуге болады.

Шетелдегі «терапевтикалық қоғамдастыққа» психолог немесе педагог болып қызметке кіру үшін жоғары білімді, әрі білікті болып қана қоймай, міндетті түрде арнайы білім бойынша қосымша курсты оқып аяқтауы тиіс. Содан соң ол қызметкерді қиын да ауыр сыннан тұратын көп сатылы конкурс және міндетті түрдегі сынау мерзімі күтеді. [5, 59]Бұл айтылған шетелдік тәжірибеден біздер, жалпы бала тәрбиесінде аса ұқыптылық пен қырағылық, ең алдымен біліктілік қажет екенін мойындаймыз.

Балалар үйлеріндегі балалардың психикалық дамуының түрліше болуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмыс жағдайында тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап балалар үйіне түсетін жандардың дамуы ата-анасы барлардың дамуынан ерекше болатыны хақ қарым-қатынасқа деген қажеттілік бала 1 айға толар-толмас шақта байқалады. Әрине, ондай қарым-қатынас жасайтын ансының жоқтығынан сыртқы ортадан алатын бала әсерлерінің ауқымы шектеулі болады. Мұндай сенсорлық оқшаулану, дамуды кешеуілдетеді. Атап айтқанда, қимыл-қозғалыстарының дамуы баяулайды, тілдері кеш шығады, кей жағдайда ақыл-ойының дамуы да тежеледі.

Баланың тұлға ретінде қалыптасуына өмірінде «Ата-ана-бала» қарым-қатынас жүйесіне түспеуі қатты әсер етеді. Мінездерінде қырсықтық, бірбеткейлік сияқты жағымсыз қасиеттер ерте көріне бастайды.

Бала толыққанды даму үшін ең алдымен оның махабатқа деген қажеттілігі қанағаттандырылуы қажет. Кейбіреулер оны туылғаннан пайда болатын қажеттілік десе, енді біреулер өмір сүру барысында қалыптасатын қажеттілік деп есептейді.

Осы қажеттіліктің қанағаттандырылмауы бала дамуының бұзылысына және эмоциялық депривацияның пайда болуына әкеліп соғады.

Депривация – психология мен медицинада кең қолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы. Эмоциялық депривация балалар үйінде тәрбиеленетіндер де ерекше байқалады. Депривацияның келесі түрі – сенсорлық депривация – яғни заттық ортаның болмауы және сезім мүшелері қоздырғыштараның жетіспеуі. Депривацияның бұл түрін де балалар үйінде тәрбиеленетіндерден кездестіреміз.

Депривация сонымен қатар тек балалар үйінде емес, отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларда да байқалады. Отбасында анасы болмаған нмесе баласына эмоциялық көңіл бөлмеген жағдайда аналық депривация туындайды. Психикалық күймен сипатталады. Аталған психикалық жағдай мінез-құлықтың өзгеруінен байқалады. Депривация механизмі баланың сыртқы орта адамдарымен қарым-қатынасының шектелуімен, баланың негізгі психикалық қажеттіліктерінің жеткіліксіз қанағаттандырылуымен байланысты. Сонда, психикалық депривация деген өмірлік жағдайлар нәтижесінде туындайтын нақты психикалық күй. Мұндай жағдай баланың негізгі қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға қолайлы мүмкінідіктері болмаған кезде туындайды.

Балалар үйінде тәрбиеленетіндер көп жағдайда нашар тұқым қуалаушылық қасиеттеріне ие: алкоголизм мен нашақорлық, туылғаннан пайда болатын психикалық және неврологиялық патологиялар маскүнем ата-аналардан туылған балаларда, жүктілікті тоқтату үшін түрлі шараларды қолданған аналардан туылған балаларда түрлі психикалық ауытқулар байқалады. балалар үйінде тәрбиеленетіндерде психопатологиялық белгілер: ақыл-ой кемістігі және шизофрения белгілері де кездеседі.

Нәрестелік, ерте сәбилік шақтағы аналық депривация жағдайындағы балалардың даму проблемасы жайлы, яғни олардың балалар үйінде, емханаларда, жабық орталықтарды даму мәселесі зерттеулер жазған атақты Отандық ғалымдарды Н.М. Аксарина, М.И. Лисина, Т.М. Землянухина, Ю.Ф. Полякова, Н.М. Щеловановаларды атап кетпеуге ешбір болмайды.

Балалар үйінде қазіргі таңда балалар тәрбиелентін ортаға және олармен туылғаннан бастап жүргізілетін жеке-дара жұмыстарға, қарым-қатынасқа үлкен мән берілуде. Негізгі ауыртпашылық логопед, психолог, тәрбиешілерге жүктелуде. Дамуында терең артта қалушылығы бар балалар үшін жан-жақты сенсорлық әсер алатындай “сенсорлық бөлмелер” деген қолданылады. Педагогтар ересек балалардың табиғат, саябақ, музей тағы басқа демалыс орындарына барып дамуына жағдайларды барынша жасайды.

Қазіргі таңның өзінде балалар үйлерінде депривацияның түрліше формаларының байқалуын көруге болады.

Бір жас пен 4 жасқа дейінге 462 баланың дамуына бақылау жүргізу арқылы мынандай нәтижелерге қол жеткіздік. Олардың жүйке-психикалық дамулары төменгі деңгейде.

Әсіресе екінші жастағы балалар аналық депривация жағдайында екеіндігі анықталды.

Үшінші жаста ғана сюжетті және рөлдік ойын белгілері қалыптасатындығы байқалады. Ал тіл дамуына келсек, тек сөзді айтуда емес, сөздік реакциялар яғни ойлаумен байланыста бола отырып кешеуілдеп дамыған.

Л.С. Выготский атап кеткен “сензитивті” кезең, яғни екінші жаста бұл балалар сенсорлы және тілдік дамуда өте артта қалушылық көрсетеді. [ 6, 19]

Балалар үйіндегі балалардың даму динамикасын бақылай отырып мынандай қорытынды жасауға болады: 4-5 айлық кезеңнің өзінде эмоция, көру, есту анализаторларының дамуында алғашқы ауытқуларды көруге болады. Ал 7-12 айлық кезеңінде тілдің дамуындағы дайындық кезеңдерінің терең артта қалушылығы көрінеді.

Алғаш туылғаннан анадан айрылу баланың қарым-қатынасқа тапшы, жұтаң болуына жеткізеді. Алғашқы бірінші жылы қалыптаспаған эмоционалды-іскерлік қарым-қатынас баланың тілінің дамуына кедергі болады, ал әрі қарай оның жеке басының қалыптасуына да өз зиянын тигізеді.Екі жастағы балаларда қозғалыс белсенділігі төмен болады, бұл бір жағы олардың сергектік күйлерін көп жағдайда «кедергі, барьер артында» өткізуімен де байланысты түсіндіріледі. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мінез-құлқының қалыптасуы да түрлі ауытқулармен көрінеді. Олардың көпшілігіне қатты қозғыштық тән: олар ұзақ уақытқа дейін ұйықтай алмайды, мазасыз ұйықтайды. Оларға ұйықтарда аналық жылылық, жылу сөздері, бесік жыры, ертегі айту жетіспейді. Ұйықтар алдында жалғыздан-жалғыз қалғндықтан, олардың көбісі саусақтарын сорады, тербеледі де ұйықтайды.

Балалар үйіндегі басты мән берілу керек нәрсе олардың әлеуметтендірілу мәселесі. Күнделікті қалыптасып кеткен стереотиптілік қатты әсер етеді. Мысалы, 1 жас 6 ай мен 3 жасқа дейінгі балалар тобында тәрбиеші серуеннен қайтарда бір күні күнделікті тәсілмен емес, ерекше түрде басқаша тәсілді ұсынғанда, олар қатты қарсылық көрсеткен мінез-құлықтың стереотиптілігі тілдің дамуына теріс әсер етеді.

Мысалы, тіпті ересек топтың өзінде баланы киіндіруге көмектескенде “рахмет” деуді бала “қайдағы рахмет? Оны анау кезде айту керек!”, - деп тамақ столын көрсетеді.

Жеке адамның дамып-қалыптасуы, өзін ұжымда ұстауы, өзіндің “мен” сезімінің байқалуы – балалар үйінде жүргізілетін басты жұмыстардың бірі.

Сүйікті болу, көзге түсу – осы балалардың басты құндылығы. Өзін-өзі бағалау мен өзгелердің бағасы тестісінің нәтижелері (“Саты”) балаларға ең алдымен ойыншық немесе тамақпен бөліскен бала ұнайтындығын көрсетті.

Ал, бірақ өз “сатыларын” балалар жиі жағдайда таба алмайды, себебі олар өздерін көптің ішінен ерекшелеп бөле алмайды және өздерін бағалай алмайды.Балалар үйіндегі балалардың көңіл-күйлері жиі ауыспалы, сезімдері тұрақсыз, бастан кешулер ауқымы шектеулі, ересектермен қарым-қатынаста қиындықтар, эмоционалды күйзелістерге толы болады.Балалар үйлерінің берген мәліметтеріне орай 90%-ға жуық балалар психофизикалық дамуда артта қалады.Барлық тәрбиеленушілердің барлығы дерлік психомоторлы және тілдік дамуда артта қалады. Себебі, олардың көбісі емханадан келіп балалар үйлеріне қабылданады. Емханада олар постгипоиялық энцефалопатия, ми қан айналымының бұзылуы, туа берілген аурулармен емделеді. Әрі қарай оларға ақыл-ой дамуы артта қалған немесе психикалық дамуы кеш дамыған деп диагноз қойылады.

Психикалық депривация күйіне орталық жүйке жүйесі зақымдалған балалар жиі ұшырайды.

Қазіргі уақыт мына жағдайды анықтады: балалар үйінде туылғаннан бастап тәрбиеленуші балалардың психофизикалық даму көрсеткіштері өте төменгі нәтижелерді құрайды, қолайсыз отбасы болса да кейін келген балаларға қарағанда. [7, 58]

Осылайша, балалар үйіне қарағанда, қандай да болса, яғни қолайсыз отбасының өзі жас нәресте, бала үшін жақсы орта болады.Дене және ақыл-ойы дамуының артта қалуы ол балалардың эмоционалды-еріктік және мінез-құлық кемістіктерімен толықтырылып, дамуын тағы да кешеуілдетеді. [8, 3]

Бұған осы балалардың мемлекеттік мекемелерде тәрбиелену жүйесінің барлығы, яғни бір балалар мекемесінен екіншісіне жиі ауысу көп әсер етеді. Бұл олар 3-4 жасқа келгенде орын алады, яғни сәбилер үйінен балалар үйлеріне және 7 жастарында мектеп-интернатқа ауысқанда болатын жағдай. Эмоциялық және сенсорлы депривация жағдайындағы балалардың психомоторлы дамуында да ауытқулар, артта қалушылықтар болады. Жалпы танымдық белсенділігінде баяулық байқалады. Бұл балалар материалды қиын меңгерді, олар әрдайым үлкедердің бағалауын күтіп жүреді. Ойлау процестерінің дамуында бірталай өзгерістер байқалады: олардың жалпылау және классификациялау қабілеттері синкретті сипатта болады.

Балалар үйіндегі балалар көбінде ұмытшақ болады, өзінің туған күні, жылы, айын ұмытып қалады. Есептеу аймағында түсініктер мен әрекеттердің бірқатары дұрыс қалыптаспаған, балалар есептеу барысында қатты қиналады, «аз», «көп» деген түсініктерді шатастырады.

Ал, қиялға қатысты айтатын болсақ, проективті материалдың стереотипті интерпретациясы мен репродуктивті позициясы байқалады. Бұл, яғни қиял дамуының төмендігін емес, жалпы баланың жеке басының дамуында шегіністер, артта қалушылықтар бар екендігі дәлелі. [9, 58 ]

Психика ең терең деген ақыл-ойдың кеш дамуында да дамиды. Психиканың дамуы – балалар жасының негізгі ерекшелігі. Баланың барлық функциялары мен шеберліктері икемді, ауыспалы, жетілгіштігімен ерекшеленеді. Бұл қасиеттер онтогенез процесінде оқыту әсерінен пайда болады. Олар мидың пісіп-жетілуіне қарай спантанды пайдаболмайды. Бас миы қабығында сөйлеу орталықтары (Брак пен Вернике орталықтары) бар екендігі белгілі. Бірақ, бала ешқашанда оқытусыз жәй ғана осы орталықтың пісіп-жетілуінен сөйлеп кете қоймайды.

Шет елдік әдебиеттерде баланың жеке басының қасиеттерін гипоталамус, ретикулярляқ формация тағы басқаларының іс-әрекеттерімен байланыста қарайды.

Ұлы Отандық генетик, әрі биологтар А.Н. Северцов пен Н.П. Дубининдер адам психикасының қасиеттерін ерекше «әлеуметтік тұқым қуалау» яғни онтогенезде тәрбиелеу арқылы қалыптастыруға болады дейді. Олар бұны генетикалық мәліметтерге қарап, соның негізінде қорытындылайды. Сонда, бала адамзат тәжірибесін заттық іс-әрекеттерді, сөйлеу, рөлдік ойындар арқылы және оқыту процесінде игереді дейді.

Бұдан шығатын қорытынды: балалар үйіндегі балалар жаңа келіп түскенде жоғарыда айтқандарды тек қана оқыту мен тәрбие негізінде ала алады.Т.В. Егорова (1973), А.Н. Цымбалюк (1974) осы балалар үйіндегі балалардың танымдық іс-әрекет ерекшеліктері жайлы былай деп жазады: бұл балалар ізденісті белсенділіктен қашады, не ересектер, не өзінің алдына еш ойланатындай сұрақтар қоймайды; олар айналадағыларды өзінің жинақылықсыздығымен таңқалдырады; зейін қоймайды; олар берілген тапсырманы естерінде сақтап ала алмайды, алдағы іс-әрекетті болжай алмайды; оларда еріктік күш-жігерге дайындықтары жоқ; бұл балалар өз еңбектерінің нәтижелерін дұрыс бағалай алмайды.

Сабақ үстінде бұл балалардың жұмысқа қабілеттіліктері ереже бойынша, төмен, және интеллектігі көбірек ауырлық түссе, соғұрлым жұмысқа қабілеттілік төмендейді. Ал, механикалық, бірсыдырғы жұмыс оларды аз шаршатады. Бұндай ерекшеліктер жайлы кезінде П.П. Блонский жазған болатын. Психикасы бұзылған балалардың ойлауын жетілдіру мақсатында мына, яғни Л.С. Выготский ұсынған мақалдардың ауыспалы мағынасы мен метафараларды түсіну әдісін қолдануға болады.

Мысалы: «темірді ыстықтай соқ», «алтын басты адам», «темір қол», «тас жүрек», тағы басқалар. Бұл әдіс арқылы бейнелік ойлауды басшылыққа ала отырып, балалар ойларын жетілдіреді.

Ал В.М. Бехтерев, В.М. Осиповтар ассоциативті экспериментті ұсынған. Балалар сөздерді мысалға келтіре отырып, сол арқылы сөздік қорлары туралы, аурулары жөнінде мәліметтер алуға болады.

Классик ғалым ғалым Л.С. Выготский баланың ақыл-ойы дамуының екі деңгейі жайлы былай дейді: «Психолог – даму қалпын бағалауда пісіп-жетілген ғана емес, пісіп жетіліп келе жатқан функцияларды да ескеруі тиіс. Тек қана өзекті деңгейді емес, әрі жақын даму аумағын да ескергені абзал. Яғни, тек қана өзекті деңгейді оқып қоймай, бала дамуының мүмкіндіктерін зерттеу өте маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет