Фко-302 студенті: Наурызбаева К



Дата01.10.2023
өлшемі98.36 Kb.
#479365
түріБілім беру бағдарламасы
срсп2


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Физика - математика факультеті
Физика кафедрасы

ОСӨЖ №2
Сфералық астраномия негізі


«6В05301 – Физика» білім беру бағдарламасы
ФКО-302 студенті: Наурызбаева К.Ж
Ақтөбе, 2023 жыл
Сфералық астраномия негізі
Сфералық астрономия - математикалық әдістер негізінде сфералық аспан координаттар жүйелерін анықтау, аспан денелерінің координаттарын бір жүйеден басқаға түрлендіру формулаларын шығару, уақытты өлшеу шкалаларын анықтау және олардың арасындағы байланысты тағайындау, астрономиялық бақылау нәтижелерін редукциялау мәселелерімен айналысатын бөлім.
Сфералық астрономия астрометриямен өте тығыз байланысты. Астрометрия - аспан денелерінің орны мен қозғалысын, Жердің айналуын және аспан денелері мен Жердің пішінін зерттеп білумен, сондай-ақ уақытты анықтау және сақтаумен айналысатын астрономияның бөлімі. Бұл мәселелерді астрометрия аспандағы бұрыштарды өлшеудің теориялық және техникалық әдістеріне сүйеніп шешеді. Дәлірек айтсақ, астрометрия аспан координаттары жүйелерін жүзеге асыру, аспан денелерінің координаттарын өлшеу, Жердің айналуын мейлінше толық сипаттайтын параметрлер жиынын табу, астрономиялық бақылаулар негізінде дәл уақытты анықтау (уақыт қызметі), күнтізбе құру, жер бетіндегі нүктелердің географиялық координаттарын бақылаулар көмегімен дәл анықтау сияқты мәселелермен, сондай-ақ бұл мәселелерді шешудің теориялық және практикалық әдістерін табу және әрі қарай жетілдірумен айналысады.
Сфералық астрономия мен астрометрияның айырмашылығын былайша көрсетуге болады. Сфералық астрономияның негізгі міндеттерінің бірі аспан координаттар жүйелерін теориялық түрде анықтау (жүйенің негізгі жазықтықтары мен нүктелерін, координат осьтерін ресми келісімдер негізінде тағайындау) болса, астрометрия бұл жүйелерді каталогтар деп аталатын жұлдыздар, радиокөздер, басқа да аспан объектілерінің координаттары мен жылдамдықтарының тізімдері түрінде жүзеге асырады (аспан координаттары жүйелерін жүзеге тек осылай асыруға болатындығын аспанда координаттар жүйелерінің нүктелері мен осьтері белгіленбеуімен (сызылмаған) түсіндіруге болады).
Астрометрия астрономиялық құрылғыларды жасау мен бақылаулар әдістерін жасаумен айналысатын практикалық астрономия бағытымен де тығыз байланысты. Жалпы, астрономияның аталған бөлімдері мен астрометрияның арасында анық шекара жоқ болғандықтан, сфералық астрономия мен практикалық астрономияны астрометрияның екі негізгі бөлігі ретінде де қарастыруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет