Бұл құжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. «Отыз алты мемлекет» деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьдіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардың» (Шицзи) авторы Сыма Цянь юедилердің «толық» талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б. з. б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бактрияны талқандаганнан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды. - Бұл құжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. «Отыз алты мемлекет» деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьдіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардың» (Шицзи) авторы Сыма Цянь юедилердің «толық» талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б. з. б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бактрияны талқандаганнан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды.
Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-гұндардың Тынық мүхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты Лоулан, Усун және Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың географиялық орны онша айқын емес. Қазіргі картаға Лобнор ауданындагы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындагы басқа деректердің есімен теңестірілген Хуцзе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Усун және Цзянь- кунь елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геродоттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналасқан деп саналады. И. X. Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше «арғамақ», «тұлпар» дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға жақын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердің «арғымақ» немесе «айғыр» деген сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты. Ғұндар бірлестігіне шыкқан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық- саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық өміріне бір орталықка бағынғысы келмейтін куатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн коғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы арқылы орнаған. - Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-гұндардың Тынық мүхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты Лоулан, Усун және Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың географиялық орны онша айқын емес. Қазіргі картаға Лобнор ауданындагы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындагы басқа деректердің есімен теңестірілген Хуцзе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Усун және Цзянь- кунь елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геродоттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналасқан деп саналады. И. X. Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше «арғамақ», «тұлпар» дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға жақын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердің «арғымақ» немесе «айғыр» деген сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты. Ғұндар бірлестігіне шыкқан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық- саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық өміріне бір орталықка бағынғысы келмейтін куатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн коғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы арқылы орнаған.
Достарыңызбен бөлісу: |