Фольклорлық практика есебі. Филология факультеті В01701 қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығының курс білім алушысы


(«Ер Жәнібек», Семей, 2009 ж. 254-б)



бет3/4
Дата23.05.2023
өлшемі25.99 Kb.
#474120
1   2   3   4
Ботақара оронимі шығуы

(«Ер Жәнібек», Семей, 2009 ж. 254-б).
*****
Енді әуел баста мақсат етіп қойған Ботақара батыр Қожамжарұлының өмір тарихына қатысты мәліметтерге қайта оралсақ: Семейлік зеттеуші-ғалым Тұрдықұл Шаңбай мырзаның редакторлығымен Қазақстанда жарық көрген ұжымжық жинақтан Ботақара батыр Қожамжарұлы жайлы деректі кездестіреміз. Онда былай делінген: «Жәнтекейдің Сүйіндігінің кенже баласы Алтынның аулын жау шауып, ержеткен ұлдарын қырғындап, тоғыз жасар Ерназар дейтін баласы олжалап алып кетеді. Жәнтекейдің немересі Барақ батыр бірде өзінің ағасы Қожамжардың ұлы Ботақара батырды ертіп, бір қанша адаммен қалмақтар олжалап кеткен Есназарды іздеп шығады. Сұрастыра келгенде, Есназардың «Табылған» деген атпен отарда қой бағып жүргендігі анықталады. Есназарды тауып алса, олжалағандар «өзіміздің баламыз» деп бермейді. Барақ батыр: «Ерназардың туғанда арқасында бармақтай қалы болған» деп, уәж айтады. Расында қал бар боп шығып Барақ пен Ботақара жауға қолды болған бауырларын алып қайтады» дейді.
Бұл Ботақара Қожамжарұлының тарихта болғаны жайлы нақты дерек.
Жоғарыда біз Қорғалжын жаласында «Керей» атты көл және өзен бар дегенді айттық. Көлдің аумағы 63 шаршыметр. Орталық Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан. Керей өзені Желдіадыр тауынан басталып, Керей көліне құяды. Ұзындығы – 100 км. Дәл өзеннің бойында Арықты ауылының батыс жағында орналасқан шағын көлдің аты – Жәнібек шалқар екенін де айттық. Осы Жәнібек шалқардың солтүстік-шығысына таман шамамен 40 шақырымдай жерде Жантекей аты үлкен ауыл бар дедік… Жоғарыдағы Жәнібек шалқардың шығыс жағында тағы бір «Барақ» атты көл бар. Бұл атау Жәнтекейдің немересі Барақ батырдың есімі болуы әбден мүмкін. Бұл көл қазір Нұра ауданының жеріне қарайды. Осы сілеммен жалғасып отырып, тура шығысқа қарай түзу тартсаңыз 250-300 шақырымнан соң Ботақара шоқысына барып тірелесіз. Үлкен шоқының биіктігі – 669 м. Шоқы Ботақара көлінің оңтүстік-батысында 3 ұсақ шоқыдан тұрады. Таудың жалпы ұзындығы батыстан шығысқа қарай 3 км, ені 1 км. Келесі бір шоқы – Шешенқара деп аталады.
Жергілікті адамдар айтатын аңызға қарағанда. Шешенқара қалмақтың қызы екен. Ботағара батырды ел-жұрты «Нарбота» деп де атаған. Себебі, нар денелі, тұлғалы адам екен-мыс. Күндердің күнінде кезекті қазақ-қалмақ соғысында Ботақара батырмен қалмақтың жас батыры жекпе-жекке шығады. Жекпе-жек қызған кезде қалмақ батырының басындағы дуылғасы ұшып кетеді. Қараса, соғысып жүрген қалмақ батыры жігіт емес, жап-жас қыз екен. Әлгі қалмақ қыз шашы беліне төгіліп: «Ей, Бота батыр, мені танымадың ба, мен Шолай Цеценмін ғой» дейді. Қалмақтың қызы Ботақара батырға алтын жамбы ұсынады. Бұл сүйіспеншіліктің белгісі-мыс. Сол сәтте қызғанған қалмақтар қызды да, қазақ батыры Ботақараны да атып құлатады. Сөйтіп, халық екі ғашықты екі шоқының басына жерлепті-мыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет