Фольклорлық практика есебі. Филология факультеті В01701 қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығының курс білім алушысы


(«Орталық Қазақстан аймақтық топонимиясының өзекті мәселелері» Алматы, 2009 ж. 123-б.)



бет4/4
Дата23.05.2023
өлшемі25.99 Kb.
#474120
1   2   3   4
Ботақара оронимі шығуы

Орталық Қазақстан аймақтық топонимиясының өзекті мәселелері» Алматы, 2009 ж. 123-б.)
Ал, шындығында екі ғашық екі шоқының басына жерленген жоқ. Жоғарыдағы аңызды зерттей отырып, еңбек жазған ғалым Жамбыл Омари, Шешенқараны Очирту Цецен деген қалмақ ноянының қызы еді дейді. Және нақты деректерге сүйене отырып, Ботақара батыр өлген соң, Нұраның ұзын аққан бойынан алыс емес Жыланды тауы маңында жылымшып ағып жатқан Өткелсіз өзеннің бойында жерленгенін айтады. Яғни Ботақара батырдың бейітінің ескі сорабы әлі де бар. Кезінде жылқының қылын, ешкінің майына қосып, сары топыраққа илеген бейіттің қорғаны мұжіліп ескіргенімен, орны сақталған. («Бұқар жырау», Қарағанды, 1994 ж. 228-б).
Енді мына бір дерекке назар аударсақ, жергілікті жердегі таудың, көлдің Ботақара атануы, жоғарыдағы Ботақара батырдың осы жерде қаза болып, сүйегі осы жерге жерленуіне байланысты «Ботақара» атауы берілген. Керейлердің осы Жыланды тауы маңына (Ботақара тауының бұрынғы аты) қоныстануы 16-шы ғасырдың бірінші ширегінде орын алған.
Орыс зертеушісі Н.Н.Балкашинның 1882 жылы жарық көрген «Известия императорского русского географического общества» атты еңбегінде: «ХVІ ғасырдың ортасында Қаратау жақтан шұбыра көшкен арғындар Ұлытау тауларына қарай бет түзеді. Олардың қатарында: атығай, бағыс, қанжығалы, сарыжетім-шақшақ, басентиын, қарауыл рулары болды. Кейін келе табыкұлы мен басентиын рулары Баянауылға қоныс аударды. Олармен бірге қалқаман, ағыс, қарпық, темеш руларыда болды. Бұл рулар Сарысу, Нұра өзендерін жағалай қоныс тепті. Қуандық руынан кейін келе Қарақисақ руы қосылып Балқаш тауын қоныстанды. Уақыт өте келе арғындардын ішінде қаныпезер атанған ру сүйіндіктер келіп момындарды Баянауылдан Ертіске дейін ығыстырып тастады» дейді. Дәл осындай деректі Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының жазбаларынан да кездестіреміз. Мәшекеңнің мәліметіне жүгінсек: Қаратауды қалмақтар басып алғандықтан орта жүз рулары оңтүстіктен Арқа жеріне қарай ауа көшкен, дейді.
Мұндағы орыс зерттеушісі Балкашин мен қазақ шежіресі Машһүр-Жүсіптің дерегі жоғарыдағы Жәнібек батырдың ұрпағы Ақын Байбосынұлы жазап қалдырған мына бір дерекпен дәл кеп тұрған жоқ па.
Осы орайда Ботақара батырмен соғысып, тарихта аты қалған қалмақ қызы Шешенқара қазақ жерінің топ ортасында қайдан жүр, дейтін сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз өткен тарихи деректерге жүгінуге тұра келеді. Алдымен біз мынаны білуіміз керек. Осы кезде қазақтар неге Қаратауға барып, одан Сыр бойына көшіп, 16-ғасырдың аяғы, 17-ғасырдың басында Арқаға қарай не себептен қоныс аударып жүр. Себебі, біреу-ақ. 1600-жылдың басында қазақтың шығысында көшпелі Ойраттардың ізін басып пайда болған Жоңғарлар күшейіп кеткендіктен қазақтар осылай қоныс аударуға мәжбүр болған. Сол кезде қазақ-жоңғар шекарасын Балқаш көлі бөліп жатса, кейін тіпті ішкерлей түскені байқалады. Жоғарыдағы күшейген жоңғарлар өз ішінен бүлініп, 1607 жылы Қоо өрлік деген ноян өзіне қарасты 50 мың отбасы 250 мың адам торғауыттарын бастап Тарбағатайдан батысқа қарай көшкен. Олар 1610- жылдар шамасында дәл біз сөз етіп отырған Орталық Қазақстан жері Есіл-Нұра бойына көшіп келіп. қазақтармен бірге қоныс тепкен. Осында, яғни қазіргі Ботақара тауы маңында 25-30 жылдай тұрып, 1636 жылы қазіргі отырған мекені Еділге барып тұрақтайды. Осы Қоо өрлік көшкен ізбен 1640 жылы қошут тайпасының нояны Ұбаш құнтайжы өзіне қарасты 3 мың шаңырағын бастап, барып қосылған.
Жоғарыда қазақстандық ғалым Жамбыл Омари атап өткен Шешенқара қыздың әкесі Очирту Цецен дейтін адам Қоо өрліктің сарай кеңесшісі болған адам. Бұл жайлы Моңғолия да жарық көрген «Төрт Ойрат тарихы» атты кітапта айтылады. Сонымен 1610-шы жылдары торғауыттар Нұра бойына келіп, қоныстанған тұста Ботақара батыр Қожамжарұлы жас жігіт деп есептесек, бұл адам сонда 1590-шы жылдары шамасында туған деп негіздеуге болады. Ал, аңызға айналып бізге жеткен Шешенқара мен Ботақараның жекпе-жегі 1615-1620 жылдар арасында өтуі мүмкін деген болжамға сүйенеміз. Өйткені, барлық ауызша шежіре деректерде Ботақара батырдың жастай өлгені жайлы айтылады. Осы деректерге сүйене отырып біз, Ботақара батырды 25-30 жыл өмір сүріп, дүниеден өтті деп, негіздеуге болады.
Сөзімізді түйіндей отырып, айтсақ «Ботақара» атауының нақты қағаз бетіне түсуі, 1896-1900 жылдары күллі қазақ даласын аралап, барлық өлкесін картаға түсірген А.Ф.Щербиннің экспедициясының жазбасында бар екен. Онда қазіргі Ботақара жерін «Спаский» болыстығында қарасты етіп көрсеткен. Ондағы мәліметтерге көз салсақ «Жыланды» тауы туралы (кейбір жерлік тарихшылар қызғанышы себепті, Ботақара тауы болмаған оның аты «Жыланды» еді деп жүр) ешқандай дерек жоқ, тек «Ботақара» деген ат ғана жазылыпты.
Осындағы экспедиция дерегінде: «Ботақара Ақмола қаласынан 200 верст қашықта орналасқан, онда Тәшіма Бек деген ақсақалдың қыстауы бар» деп картаға таңбаланған екен. 1898 жылдан осы Ботақараға сонау Ресейден алып келіп, орыстың қара шаруаларын қоныстандыру басталған. 1901 жылы 11 мамырда «Степной край» газетінде: «Ботақара ауылы тұсында Красноперов дейтін орысты мал айдап бара жатқан жерінен 4 қарулы адам тонап кетті» деген мақала жарияланыпты. 1902 жылы Ботақараға өзін өзі басқаратын ауыл статусы беріледі. 1905 жылы 10 маусымда Омбыдан губернатор М.Я.Романов басқарған коммисия келіп тексеру жұмыстарын жүргізді. Комиссия құжаттарында ауылда 124 отбасы тұратындығы айтылған. 412 ки (жер өлшемі) жер өнделіп, 630 ки жер жаңадан қоныс аударып келетіндерге арналып сақтап отырғандығы көрсетілген екен. Сабаннан мешіт үйін тұрғызып, 40 бала білім алатын мектеп ашылғаны жайлы дерек бар.
Атақты ақын, сал-сері, әрі балуан, қайраткер тұлға Иманжүсіп Құтпанұлы 1920 жылдары орыстың қуғынында жүріп:
Қысырақтың үйірі жирен ала,
Орыс-қазақ байлары жапты жала.
Туған елге бет алып шыққанымда,
Алдымен көрінуші ең Ботақара.
Ботақара –жолымда қаласың ба,
Ереймен мен Баянның арасында… – деп жырлаған екен.
2001 жылы Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінің ірге тепкеніне 100 жыл болып, 8 көшеге қазақша атау берілді. Яғни, 1901 жылы бұл жерге алғаш рет қоныс-қыстақ бой көтеріп, ол ауыл Ботақара деп атанған. 1905 жылы «Ботақара» атауын орыстар өзгертіп, кезінде Ақмола облысының генерал-губернаторы болған, қазақтың даласын орыстарға тартып алып беру жұмысына зор еңбек сіңірген Санниковтың құрметіне ауылды «Санниковское» деп атаған. Одан кейін совет үкіметінің орнауына байланысты патша шенеунігінің атын 1920 жылы өзгертіп, ауылға «Троцкое» деп ат берген. Бұл атты 1929 жылы тағы да өзгертіліп, 1931 жылға дейін ауыл «Возрождение» деп аталған. Одан кейін, яғни 1931-1961 жылдар аралығында ауылдың аты және өзгеріп «Колхозное» деп аталған. 1961 жылдан бастап, бұл ауыл «Ульяновское» деген атқа ие болып, келіп 2001 жылы қайтадан бұрынғыдай «Ботақара» атанып, өзінің тарихи атауына ие болды.
Ботақара кентін орталық еткен Бұқар жырау ауданы шығысында-Қарқаралы, түстігінде-Абай, теріскейінде-Осакаров, шығыс-солтүстігінде Баянауыл аудандарымен шектесіп жатыр. Жер көлемі 14 576 шақырым. Халық саны-61 мың адам, оның 60 пайызы қазақтар. Ауданда 68 білім ошағы бар. Тарихи-мәдени 28 ескерткіш бар. Бұқар жырау кесенесі мен Алшынбай мұнарасы мемлекет қамқорлығында. Бұл ауданнан – Доскей Әлімбаев, Көшен Елеуов, Қабыл Боранбаев, Ғабиден Мұстафин сынды ақын-жазушылар, Қылыш Бабаев, Арықтай Қайыпов, Дүйсетай Шаймұханов сияқты ғалымдар туып шыққан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет