Фольклорлық практика есебі. Филология факультеті В01701 қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығының курс білім алушысы


(«Жәнібек батыр», Семей 2009 ж. 266-б)



бет2/4
Дата23.05.2023
өлшемі25.99 Kb.
#474120
1   2   3   4
Ботақара оронимі шығуы

(«Жәнібек батыр», Семей 2009 ж. 266-б)
Дәл осындай деректі, яғни керейлердің орталық Қазақстан жеріне көшіп келіп, қоныстанғаны жайлы орыстың зерттеушісі Балкашиннің де жазып кеткенін, қазақстандық тарихшы-өлкетанушы Ж.Омаридың да еңбегінен кездестіре аламыз. («Қаз дауысты Қазыбек» Астана, Фолиант, 2000. 174-175 б.)
Сондай-ақ Абақ керейлер тарихына қатысты деректік мәліметтерді атақты батыр Бердәулетұлы Жәнібекке қатысты жыр-дастандардың әртүрлі нұсқаларынан көптеп кездестіреміз. Мысалы, «Жәнібек батыр» жырының Құмар Серікбайұлы тапсырған нұсқасында:
Керейлер Орға көшті елін бастап,
Өскен жер Қаратау мен Сырды тастап,
Ақжол деген ат алды беті қайтпай,
Қаптаған қалың жауды қойды жасқап,
Онан соң Торғай, Тобыл, Есіл келді,
Абылай оң тізеден орын берді.., – деп, жырласа, үлкен шайыр Ақыт Үлімжіұлының өзі жазған Жәнібек батыр жайлы жырында:
Қазаққа Қап тауындай қорған болдың,
Жауыңа жасыл төсер зордан болдың,
Шайқаста тізеңді имей, жауға бермей,
Еліңді Алтай бастап, Ордан келдің… – дейді емес пе. Бұл жерде басын ашалап айтатын дүние керейлер Ордан көшкенде Жәнібек батыр тумаған тұс. Бірақ тарихи жырларда, ел басына түскен тарихи оқиғаларды елдің сүйіктісіне айналған Жәнекең сияқты батыр тұлғаларға теліп жіберу баяғыдан бар дүние. Жәнібек батыр керей жұрты Ордан қоныс аударып, Есіл-Нұра өңіріне келген соң 1710-шы жылдар шамасында қазіргі Қорғалжын ауданы жерінде дүние келген сияқты. Өйткені, дәл осы аудан орталығынан шығысқа қарай 30 шақырым жерде, «Жәнібек шалқар» дейтін көл және осы арадан бастау алатын Керей атты өзен бар. Сондай-ақ осы жерден алыс емес, яғни Астана-Қорғалжын тас жолының бойында орналасқан «Жәнтекей» атты ауылдың тұрғаны, байырғы керейлер көшінен қалған топономикалық деректер деп айтуға толық негіз бар.
Жалпы керейлердің Ор өңірінде қоныстаны жайлы жазушы Шәміс Құмарұлы, «Алтай қаласында тұратын руы – Шақабай, Қоске деген кісінің үйінен 1960 жылдары Ордың қара ағашынан алынған табалдырық, маңдайшаның сақтаулы тұрғанын көрген ақсақалдар бар» десе, шежіресі Қылышбай Нұрдыбайұлы, Ордың қара ағашынан жасалған бұйымдар (бақан, таяныш, шідердің тиегі, т.б) Алтай керейлерінің ішінде әлі күнге дейін сақталған, оның сынық тамтығын тәбәрек ретінде сандыққа салып, теңге буып сақтауда, дейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет