Фонетика (гр. Phone- дыбыс, phonetikos- дыбыстық ) – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының



бет2/12
Дата29.05.2022
өлшемі0.54 Mb.
#458762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақ тілі оқыту әдістемесі

Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен текстерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.
Қорыта келгенде, оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:

Мектепте қазақ тілі пәнінен теориялық материалды жақсы ұғынып, алынған білімді тұрақтандырып, оқушының ол туралы практикалық дағдысын қалыптастырудың бірден-бір жолы-сөйлем талдау. Себебі ол талдау арқылы өтілген тілдік құбылысқа байланысты материалды оқушының құр ережені ғана жаттап емес, саналы түрде қабылдап, түсіне алғаны, алған білімін өз бетінше практикада қолдана білу дағдысы байқалады. Егер оқушы сөздің морфологиялық құрамын , яғни сөз қандай бөлшектерден тұра алатынын, сөйлем мүшелерінің анықтамалары мен сұрақтарын жақсы айтып тұрғанымен, сөйлемді дұрыс талдай білмесе, жекелеген сөздердің морфологиялық құрамын/түбірін, қосымшаларын, түрлерін/ анық ажырата алмаса, сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс таба алмай, сөйтіп сөзге сұрақты дұрыс қоя алмай жатса, олардың ережелерін қанша жақсы білгенімен, оқушының білімі жеткілікті дей алмаймыз. Бұл жерде оқушы мәселенің мәнін түсінбей, құр ережелерді жаттап алған. Демек, сөйлемді грамматикалық жағынан дұрыс талдай білу, тілдік құбылыстардың мәнін оқушының нақты түсінуімен, грамматиканың практикалық жағынан дағдысының қалыптасуымен байланысты.


Грамматика жаттығуларының ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау болып табылады. Грамматикалық талдау сипаты жағынан аналитикалық болады, бірақ оған синтетикалық белгілер де тән.
Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқылғандарына тоқталады, сөйлемдегі грамматикалық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда балалар жазылған текстен грамматикалық формалардың астын сызады немесе оларды айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді, сұраулар қояды т.б.
Талдаудың түрлері
Қазақ тілі бойынша талдаудың мынандай түрлері бар:
1) фонетикалық талдау; 2)лексикалық талдау; 3) морфологиялық талдау; 4) синтаксистік талдау, т.б.

  1. Оқудың түрлері. Дұрыс оқу. Түсініп оқу. Шапшаң оқу. Мәнерлеп оқу.

міндеттерінің бipi. Функционалды сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптарда қаланады. Бастауыш сыныптағы «Сауат ашу», «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі» пәндерінің басты мақсаты – оқу және жазу дағдыларын калыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалық талғамын арттыру, ізгілікті, елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Аталған мақсатқа төмендегідей міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі: оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру; ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; шығармашылық қабілетін дамыту; көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Оқудың техникалық және мағыналық жағы болады. Оқудың техникалық жағы төмендегідей компоненттерді қамтиды: оқу тәсілі, оқу жылдамдығы, оқу жылдамдығының динамикасы (өciмі), оқудың дұрыстығы. Мағыналық жағы: мәнерлілік және оқылғанның мазмұны. Оқу дағдысының техникалық жағынын қалыптасу қадамы төмендегідей: Оқу тәсілі – оқу жылдамдығының динамикасы. Бұл қадамдар авторлардың зерттеулері арқылы және бастауыш сынып оқушысының оқу техникасын меңгеру процесін талдау барысында анықталды.
Оқудың дұрыстығы – бұл қатесіз оқу: а) әріптерді тастамай, түгел оқу; ә) әріптердің орнын ауыстырмау; б) артық әpiп қоспау; в) басқа әpiппeн алмастырмау; г) тыныс белгісіне мән беріп оқу; ғ) түсініп оқу. Оқуға үйретудің тиімді әдіс- тәсілдері: «Жүгіртіп оқу» - әдісі. Бұл әдістің мақсаты – ойын түрінде көрсете отырып, оқу дағдысын қалыптастыру. Балаға оқуды үйреткенде, әріпті екінші әріпке қосасың деп оқытқаннан гөрі мына әріп екініші әріпке қарай жүгіреді деп көрсету арқылы оқытылады. Оны бала бірден қабылдап, екі, үш дыбысты қосып оқу, одан көп дыбысты қосып үйреніп оқуға жаттығады. Мысалы: А т ат немесе а т ат деп көрсетіп оқытылады.
«Буындап оқыту» әдісі. Оқудың алғашқы кезеңінен дұрыс оқудың негізі басталады. Осы кезде жеке сөзді әріптеп оқытпай, буындап буындарды жалғастырып оқуды ( а-ғаш, ба-лық ) меңгерту қажет. Буындармен ойын ұйымдастыру, оқушыға күн сайын бірнеше буындарды тізбекпен көрсете отырып оқыту пайдалы болмақ.
«Сөзді тұтас оқу» әдісі. Сөзді тұтас оқу үшін балаға күнделікті жаттығу жұмыстары мен тапсырмаларды көбірек пайдаланған жөн. Ол үшін «Адасқан әріптер» ойны арқылы сөзді тұтас оқуға жаттықтырған тиімді.О У Ы С Б Қ ;Қ Ш А А
«Баспалдақ» әдісі. Балалар баспалдақ арқылы оқуда жылдам жаттығады. Әрі ойын, әрі оқу жылдамдығын арттыру үшін тиімді.
«Деңгейлеп оқыту» әдісі. Сауат ашу кезінде әріп таныта отырып, қосымша топшамалармен де жұмыс істелінеді. Топшамалар оқушылардың деңгейіне байланысты алынады. «Деңгейлеп оқыту технологиясының» әдіс – тәсілдері : 1-деңгей:«С» әрпін қоршапсызыпшық:ОЮСБОСРСЭСАСОС

  1. Өзге әріптің астын сыз: С С С С С С Э С С С З С

  2. Оқы:Ас ос ус са со су сы сас аса осо сус сес ыс сы

2-деңгей: 1.Оқы, сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз: Са-ра, са-бақ, сан. Са-зан, (се-гіз, са-на, са-ғат, ма-са)
Сауат ашу сабағында тез оқу дағдысын қалыптастыруға да көп көңіл бөлінеді. Бұл мақсатта - Зайцевтің «Ызыңдап оқыту» әдісі тиімді. Әр сабақтың алдында 2-3 минут мәтінді түгел топ оқушылары ызыңдап оқып шығады. Бұл әдіс оң нәтижеге жеткізеді.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру – осы сатыдағы білім мазмұнының құрамдас бөлігі. Оқу сапасы, атап айтқанда, дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдірудің негізгі жолы – жаттықтыру әдісі. Әрбір сабақта мәтінді оқуға жаттықтыру арқылы баланы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткізу мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқу дағдысының қалыптасуы балаларға ұсынылатын материалдың түсініктілігіне, жеңілділігіне және қызықтылығына байланысты.
Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға үйрету мәтінді дұрыс қабылдауына әсер етеді. Көркем мәтін – әсемдік, әдемілік, сұлулық әлемі. Баланы осы әсемдік әлеміне жетелеу, сапалы оқу қалыптасқанда ғана мүмкін болады.
Шығарманы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткен оқушы шығарманың сұлу, тұтас бітіміне енеді, сол арқылы кейіпкер бойындағы ізгілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді тани алады. Мұның өзі баланы биік адамгершіллікке бастайды.
Әліппеден кейінгі кезең материалдарын оқыту кезінде іштен оқуға дағдыландыра бастайды. Іштен оқуға үйретудің маңызы зор.Тек дауыстап оқуға үйренген бала мектептің негізгі білім жүйесіне көшкенде, көп қиындыққа кездеседі. Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу үшін жеке өзі ғана болуы керек. Дауыстап оқып отырса, қалған оқушыларға кедергі келтіреді. Екіншіден, оқу шапшаңдығы дамымайды. Дауыстап оқығаннан гөрі іштей оқу жылдамдығы артады. Мұғалім бұл оқудың екі түрін де іске асыру кезінде оқу сапаларына назар аудару керек. Оқу сапаларына жататындар: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу. Мәтінді дұрыс оқу жеке сөйлемді дұрыстап оқудан тұрады. Дұрыстап оқу үшін төмендегідей талаптарды орындауы керек:

  1. Сөзді оқығанда әріптеп оқымай, буындап, буындарды жалғастырып оқу: то-қу, ша-на-лар.

  2. Оқып тұрған сөздің алдына не артына немесе ортасына артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас дыбыспен ауыстырмай оқу.

  3. Бір дыбысты не буынды ұзақ созып немесе екі рет айтпау:аа-на, баа-ла, а-на-на, ба-ба-ба,т.б.

  4. Бір сөздің орнына екінші бір сөзді айтпау, сөйлем соңындағы сөзді, буынды жұтып қоймау.

  5. Ұқсас дыбыстарды, тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.

Дұрыс оқудың негізі алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп , мағынасын жаңылыс ұғынудан, тіпті түсінбей оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателерін топтап көрсетсек, төмендегідей:

  1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқушылық.

  2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар.

  3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (онда –оңға), күзет-күжет, т.с.с.) оқиды.

Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады. Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырады:

  1. Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсырмалар береді; екінші бір жағдайда топшамалар жасайды.

  2. Осындай жұмыстарды орындауды үйге де тапсырылады.

  3. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге талдау жасайды, түрлі сызбалар бойынша мәтін ішіндегі сөздерді тауып, топтап, жіктеп жазу, т.б.с.с.

  4. Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.

  5. Қате оқыған жерін сыныпта тыңдап отырған оқушыларға түзеттіреді.

  6. Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.

  7. Көрсеткіш таяқшаны қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз, көздері нашар көретін оқушылар үшін пайдалы.

  8. Оқығанда орфоэпия заңын басшылыққа алып отырады.

Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінде де орфографиялық және орфоэпиялық заңдар бар. Ол заңдар оқушыларды дұрыс сөйлету мен дұрыс оқытуда басшылыққа алынады. Ал оқушыларға жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру үшін, сөздерді тақтаға жазып көрсету қажет болғанда, олар тек орфография ережесіне сай жазылады: ақ ешкі – ағешкі деп оқылуы керек екенін ескертіп, мұғалім балаларды солай оқытып үйретеді.
Түсініп оқу дегеніміз – оқушының оқыған мәтінінің мазмұнын анық, терең ұғынуы. Бұл әр сөз, сөйлемнің мағынасын түсінуден, әр бөлімді логикалық, психологиялық жағынан байланыстырудан келіп шығады. Оқығанын толық түсіну балалардың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді. Шығарманың идеялық мәні мен мазмұнын оқушыларға ұғындыру үшін сөздік жұмысын жүргізудің көмегі бар. Оқушыларға оқу техникасын игерумен бірге, білім, тәрбие беру, олардың жеке тұлғасын қалыптастыру, білік, дағдыларын жетілдіру мақсаты оқығанды саналы түсінгенде ғана нәтиже бермек.
Шапшаң оқу дегеніміз – мәтіндегі сөздерді қалай болса, солай бастырмалатып, сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл – оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшаңдықпен оқу.
Шапшаң оқу баланың жүйке-жүйесінің типологиясына, темпераментіне байланысты. Шапшаң оқуды талап еткенде, оқушылардың осындай жеке тұлғасындағы ерекшеліктерді жақсы біліп, естерінен шығармауы тиіс.
4.14 –кесте Оқу жылдамдығының нормасы:

Сыныптар

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1- тоқсан

25-30

50-54

75-78

2- тоқсан

31-40

55-60

78-82

3- тоқсан

41-45

61-69

82-90

4 тоқсан

46-50

70-75

90-95



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет