Ескерту диктанты
Бұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді.Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап, толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.
Бақылау диктанты
Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Диктант үшін ІІ сыныпта 25-30 сөзден, ІІІ сыныпта 35-50 сөзден құралған қысқа сюжетті мәтін алынады да, көлемі жөнінен де, мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіледі:
а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;
ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды.
Кері байланыс оқытудың тиімділігін арттыру негіздері
Бағалау оқытудың ажырамас бөлігі, ал бағалаудың ажырамас бөлігі кері байланыс болуы тиіс. Қалыптастырушы бағалау үдерісі оқушыларды аса табысты оқытуға және мұғалімдерге аса тиімді оқытуға мүмкіндік туғызады, себебі дәл осы үдеріс кері байланысты алуға негізделген. Оқыту кезінде оқушыларды қадағалап, кері байланыс негізінде ақпаратты жинап және оқу үдерісі барысында зерттеулерді жүргізе отырып, мұғалім оқушылардың материалды қалай қабылдайтынын және олардың оқытудың сол не басқа тәсілін
қалай елейтінін білетін болады. Оқу үдерісінде оқушылар неге білім алатындықтарын, не оқитындарын, өздерінің машығын қайда қолдана алатындарын және оларды қалай жақсы игеруге болатындығын білуі және түсінулері тиіс. Осының бәріне оқушыларға бағалауға қолжетімділік қажет, және мұғалім олармен бағалау нәтижесімен бөлісуі, оларға негізін, яғни бағалау жүргізілетін белгілерді ашуы, және өздеріне өздері мен сыныптастарын бағалауға мүмкіндік беруі, сондай-ақ өз мүддесінде бағалау нәтижесін пайдалануға көмек беруі тиіс [11,15].
Қалыптастырушы бағалаудың мәселелерін зерттеушiлер Брангерт Драунс,
Кулик, Морган сонымен қатар Элдвар және Корнолар «қалыптастырушы
бағалау – кері байланыстың оқушылармен үзіліссіз ағыны», «оқушыға реттелген түсініктерді алу және өзінің кемшіліктерін сезінуге көмектесетін айқын, түсінікті ұсыныстар мен ары қарай ілгері ұмтылу үшін жеткілікті мәлімет жинаушы» деп өз жұмыстарында атап өттi.
Кері байланыс- мақсатқа жету үшін екі жақты сұрақтар туындағанда, жағдаяттарда, нақты әрекеттерге берілген ұсыныс пікірлер туралы ақпарат алу үдерісі. Кері байланыс – оқыту үдерісі қалай өтіп жатқандығы, оқушыларда туындаған мәселелер мен жетістіктері туралы мұғалімге ақпарат алуға, оқу тапсырмаларының мақсатқа сай шешімін табу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Кері байланыс көмегімен оқушылар өз оқуындағы негізгі проблемаларды анықтайды және әрі қарай жылжуы үшін қажет ұсыныстар ала алады, ал мұғалімдер – оқудағы проблемаларды анықтап өз қызметіне өзгеріс енгізу жөнінде (жаңа әдістерді, оқыту тәсілдерін, сабақ жоспарлауда уақытқа назар аудару қажеттігі) ойлануға және де жақсартуға мүмкіндік береді. Оқушылар үшін жиі және маңызды рөл атқаратын кері байланыс орнатылған жағдайда ғана тиімді болмақ.
Кері байланыс – мақсатқа жету жолындағы нақты әрекет, жағдайлар, даулы сұрақтарды шешуде түсініктеме беру және хабар алу үдерісі. Тиімді кері байланыс арқылы оқушылар өздерінің күшті және осал жерлерін байқайды, өз оқуларын жақсартуға қаншалықты көмек беретінін түсінеді. Мұнда оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет - тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады.
Керi байланыс позитивтi болуы керек, бiрақ бұл оқушылар iстеген жұмыстың кемшiлiктерi туралы бiлу керек еместігін бiлдiрмейдi. ЗерттеушiлерБлэк және Уильямның пiкiрiнше, оны пайдалану үшi н оқушы керi байланыс деген не екенін түсiну керек . Нақты жетiстiкке жету үшiн оқушы өзіне баға беруге үйренуi керек: «негізгі мақсатын түсініп, содан табысқа жетуге нені игеру керек екенін білуі керек». Сайып келгенде, оқушылармен кері байланыс оқушы қалай және нені түсінетіндігін немесе түсінбейтіндігі туралы мәлімет береді, сонымен қатар мұғалімге оқушының жетілуіне қажет стратегияны алуға көмектеседі.
Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;
тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;
білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшіліктерінің қайталанбауына ұсыныс беру;
кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.
Керi байланыс позитивтi болуы керек, бiрақ бұл оқушылар iстеген жұмыстың кемшiлiктерi туралы бiлу керек еместігін бiлдiрмейдi. Нақты жетiстiкке жету үшiн оқушы өзіне баға беруге үйренуi керек: «негізгі мақсатын түсініп, содан табысқа жетуге нені игеру керек екенін білуі керек». Сайып келгенде, оқушылармен кері байланыс оқушы қалай және нені түсінетіндігін немесе түсінбейтіндігі туралы мәлімет береді, сонымен қатар мұғалімге оқушының жетілуіне қажет стратегияны алуға көмектеседі.
Сабақтың әр бөлімінде де кері байланыс орын алады. Кері байланыстың екі – ауызша және жазбаша түрлері болады.
Ауызша кері байланыс бұрмалы, толық немесе шағын, бұрмаланусыз болады. Бұрмалы және толық түсініктемелер тек қана мұғалімнің бағасын ғана («жақсы», «жарайсың», «нашар», «дұрыс емес») қамтып қоймай, сонымен қатар ненің дұрыс, ненің қате екендігін көрсете отырып, қалайша қателерін түзеуге немесе толықтыруға болатындығына бағыт-бағдар береді. Бұрмаланусыз немесе шағын түсініктемелер тек қана мұғалімнің бағасын ғана қамтиды. «жарайсың», «нашар», «жақсы» т.с.с. Түсініктемелер позитивті, бейтарап (нейтралды) немесе негативті болуы мүмкін.
Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек, жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттауы керек. Тиімді кері байланыс – ауызша болса да, жазбаша болса да – ойлануды талап етеді [16].
Достарыңызбен бөлісу: |