Форма 12 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті



бет5/12
Дата20.06.2016
өлшемі1.29 Mb.
#148718
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


3. Қалау рай

Қалау рай — қимыл, әрекетті іс иесінің қалайтынын, тілейтінін білдіретін рай түрі. Қалау рай жұрнақтары іс-әрекетті орындаушының ниетін, ықыласын үш жақта керсетеді. Қалау райдың жасалуы басқа етістік түрлерінен өзгеше. Етістіктің басқа түрлерінде жіктеу есімдіктері атау тұлғада келсе, қалау райда ілік септікте болады. Есімдіқтің ілік септікке келуі ерікті қалау райға қатысты. Қалау рай мағынасына қарай екі түрлі болады: ерікті калау рай және тілекті қалау рай.



жақ

жекеше

ясекеше

I

Менің оқығым келді (келеді, келіп отыр, келген т.б.)

II

Сенің оқығың келді (келеді, келіп отыр, келген т.б.)Сіздің оқығыңыз

келді (келеді, келіп отыр, келген т.б)



III

Оның оқығысы келді (келеді, келіп отыр, келге т.б)

жақ

көпше

Көпше


I

Біздін оқығымыз келді (келеді, келіп отыр, келген т.б.)

II

Сендердің оқығыларың келді (келеді, келіп отыр, келген т.б.)

Сіздердің оқығыларыңыз келді (келеді, келіп отыр, келген т.б.)



III

Оның оқығысы келді (келеді, келіп отыр, келген т.б.)



жақ

жекеше

I

Мен жазғаймын (жазғай едім)

II

Сен жазғайсың (жазғай едің) Сіз жазғайсыз (жазғай едіңіз)

III

Ол жазғай (жазғай еді)



жақ

көпше

I

Біз жазғаймыз (жазғай едік)

II

Сендер жазғайсыңдар (жазғай едіндер) Сіздер жазғайсыздар (жазғай едіңіздер)

III

Олар жазғай (жазғай еді)

Бұл тәсіл - қазіргі әдеби тілде сирек қолданылатын тәсіл. Тілекті қалау рай —са, -се жұрнағына жіктік жалғау және игі еді сөзі, сондай -ақ екен көмекші етістігі тіркесуімен де жасалады.




жақ

жекеше

көпше

I

Мен барсам игі еді (барсам екен)

Біз барсақ игі (барсақ екен)

II

Сен барсаң игі еді (барсаң екен) Сіз барсаңыз игі (барсаңыз екен)

Сендер барсаңдар игі еді (барсаңдар екен) Сіздер барсаңыздар игі (барсаңыздар екен)

III

Ол барса игі еді (барса екен)

Олар барса игі еді (барса екен)



4. Шартты рай

Шартты рай - келешек болатын істің шартын білдіретін етістік түрі. Шартты рай негіз етістіктерге -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады, Шартты райдың I, II жағынан жіктік жалғау жалғанады, III жағы жалғауды қабылдамайды.

жак

жекеше

көпше

I

Мен алсам

Біз алсақ

11

Сен алсаң Сіз алсаңыз

Сендер алсаңдар Сіздер алсаңыздар

III

Ол алса

Олар алса

Шартты райдың басқа рай түрлерінен ерекшелігі райдың өзге түрлері тиянақты түрде қолданылып, дербес қызмет атқарады әрі толық аяқталған түрде жұмсалады. Шартты рай сөйлемнен және сөз тіркесінен бөлек тұрып, тиянақты бола алмайды. Сөйлем ішінде, сөз тіркестерінде әр түрлі мағыналар береді. Мысалы: Асан бүгін оқыса, ертең кітабын тапсырады. Бұл сөйлемде кітапты тапсырудың шарты Асанның оқуына қатыстылығы айтылған. Ал Гүлнұрга барса, ол әлі келмепті деген сөйлемде шартты мағынаны емес, мезгілдік мағынаны көрсетеді.

Сонымен бірге -шы, -ші жұрнақтары сөйлеушінің тілегін де береді. Мысалы: Ертерек айтсамшы, бұлай болмас еді.

-шы, -ші. Білгеніңді айтсаңшы, бәрін қазбалап қайтеді.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Фонетикалық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау,тапсырмалар
12.Жаңа тақырпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.Жаттығу жұмыстарын орындату.

13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1. Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы

2. Ы. Алтынсариннің өлеңдері

3. Етістіктің шақтарын атаңыздар


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин ( 2%)

Ы. Алтынсарин. Етістіктің райлары.

7-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Үстеу.Ұлы ғалым саяхатшы- Ш.Уалиханов.
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Оқытушыларға Ш.Уалихановты талдай отырып жазушының үздік сөз зергері екенін таныту,алған білімдерін жүйелей және қорытындылай білуге үйрету.

Тәрбиелік:Оқушыларды адалдыққа,адамгершілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,өнегелі істерге үйрету.

Дамыту:Оқытушылардың ойлау,есте сақтау,өз ойын жеткізу,мәнерлеп оқу,сауатты жазу,ауызша сөйлеу тілін дамыту.
5.оқыту әдісі:жұптасып жұмыс істеу
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары

б) оқыту орны:қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1.Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Шақтың қандай түрлері бар және шақтың бірнеше түрге бөлінуі неге байланысты?

3.Осы шақтың мағынасы мен жасалуында шақтың басқа түрлерінен қандай ерекшелік,айырмашылықтар бар?

4.Нақ осы қалай жасалады және қалып етістіктерінің ерекшеліктері неде?

5.Келер шақ деген не ?

6.Келер шақтың қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?

7.Өткен шақтың қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Ұлы ғалым саяхатшы – Ш. Уалиханов

Ш. Ш. Уәлихановтың ата-бабалары байырғы сұлтандар әулетіне жатады. Оның бабасы, Орта жүздің ханы Абылай алғашқылардың бірі болып Ресейдің қол астына кіріп, өмірінің соңына дейін Ресеймен сауда және саяси байланыс жасап отырды. Абылайдың үлкен баласы, Орта жүздің соңғы ханы Уәли бұл байланысты одан әрі дамыта түсті. Шоқан Уәлиханов фамилиясына туған атасы Уәли есімін алады.

ХIХ ғасырдың екінші жартысында Г. Н. Потанин жазып алған Уәлихановтардың отбасына қатысты әңгімеде былай делінеді: «Уәли ханның екі қыстауы болған, бірі - Көкшетаудың шығыс жағындағы хан көлінде, екіншісі - Сырымбетте. Абылайдың бәйбішесі Сайманнан өрген ұрпақтар қазір де сонда (яғни, Бурабай жағасында) тұрады. Айғанымның (Уәли ханның кіші әйелі) балалары Сырымбетте».

Уәли хан мен оның ұрпақтарына мұрасы ретінде тиген Бас орда Бурабай көлінің жаға-сында орналасқан және ол түрліше (Орда, Хан көлі, Ханның Қызылағашы т. с. с.) атпен белгілі болатын.

Хан билігі жойылып, «Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғы» қабылданғаннан кейін Уәли ханның мұрагерлікке қалдырған жерлері балаларына бөлініп берілді. Оның қара шаңырағы Қызылағаш үлкен баласы Ғұбайдоллаға және оның ұрпақтарына көшіп, ал Сырымбет Уәлидің кіші әйелі Айғанымның балаларының еншісіне тиді.

Шоқанның әкесі, Абылай ханның немересі Шыңғыс Уәлиев 1811 жылы Қызылағашта (басқа деректер бойынша Сырымбетте) туған. Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жаста еді. Шыңғыс жас кезінен бастап орыстармен тығыз қарым-қатынас жасады, Омбы әскери училищесін тамамдады, патша әкімшілігіне жақын қазақ ақсүйектерінің бірі болды. Әке мұрасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла ие болу керек еді, алайда саяси себептерге байланысты ол өзінің бұл құқығына ие бола алмады. Сөйтіп отбасына Уәли ханның жесірі, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783-1853 жж.) бас болады.



Үстеу

Қимыл, іс-әрекеттің жай күйін, мекенін, мезгілін, мөлшерін, мақсатын т.б. белгілерін білдіретін сөз табын үстеу деп атайды. Мысалы: 1.Ертең ауылға қонақтар келетін болыпты. 2.Жол жөнекей көлікте кездеспейді. 3.Марат жорта білмегенсіді. Осы сөйлемдердегі ертең – қимылдың мезгілін, жол-жөнекей – мекенін, жорта – мақсатын білдіріп тұр.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Фонетикалық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау,тапсырмалар
12.Жаңа тақырпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
Үстеудің мағыналық сипаты қандай? Яғни үстеу нені білдіреді?

Үстеудің ерекшеліктері қандай?

Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады?

Үстеудің құрамдық түрлері қандай


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Үстеу. Ұлы ғалым саяқатшы – Ш. Уалиханов



8-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Үстеудің мағынасына қарай түрлері

2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі:тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Үстеудің мағынасына қарай түрлерін ажыратуға меңгерту.

Тәрбиелік:Оқушыларды адалдыққа,адамгершілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,өнегелі істерге үйрету.

Дамыту:Оқытушылардың ойлау,есте сақтау,өз ойын жеткізу,мәнерлеп оқу,сауатты жазу,ауызша сөйлеу тілін дамыту.
5.оқыту әдісі:жұптасып жұмыс істеу.

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары

б) оқыту орны:қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
Үстеудің мағыналық сипаты қандай? Яғни үстеу нені білдіреді?

Үстеудің ерекшеліктері қандай?

Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады?

Үстеудің құрамдық түрлері қандай


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Үстеулердің мағыналық түрлері



Үстеудің түрлері

сұрақтары

Білдіретін мағыналары

Мысалдары

1

Мезгіл үстеулері

Қашан? Қашаннан? Қай уақытта?

Қимыл, әрекеттің мерзімі, мезгіл, уақыты

Бүгін, биыл, кеше, былтыр-ерте, ертеден, ежелде, таңертеңнен, күндіз, қазір т.б.


2

Мекен үстеулері

Қайда? Қайдан?

Қимылдың мекені, өткен, өтетін орны

Ілгері, төмен, жоғары, артта, алда, алға, сонда, әріде, беріде т.б.

3

Мөлшер үстеулері

Қанша? Қаншама? Қаншалық?

Қимылдың мөлшері, көлемдік дәрежесі, шама-шарқы

Онша, сонша, мұншама, анағұрлым, сондайлық, бірталай, әжептеуір, қыруар, бірен-саран т.б.

4

Сын-бейне үстеулері

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Не сияқты?

Қимылдың түрлі сапасы, тәсілі, бейнесі

Етпетіне, шалқасынан, тез, шапшаң, осылайша, шикілей, пісілей, іштей, қазақша, орысша т.б.

5

Күшейткіш үстеулер

Қалай?

Қимыл, әрекетті не өте күшейтеді, не өте кемітеді

Орасан, ең, тым, тіпті, өте, әбден, әрең, кілең, нақ т.б.

6

Мақсат үстеулер

Не мақсатпен? Қалай не үшін? Неліктен?

Қимылдың мақсаты

әдейі, жорта, қасақана, әдейілеп т.б.

7

Себеп-салдар үстеулер

Не себептен? Қалай?

Қимылдың себебі? Салдары (нәтижесі)

Босқа, бекерге, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, жоққа т.б.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау,тапсырмалар
12.Жаңа тақырпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
Үстеудің мағынасына қарай түрлерін атаңыздар.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Үстеудің мағынасына қарай түрлері

9-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Шылау. Шылаудың түрлері. Қаныш Сәтбаев


2.Сабақтың оқыту сағаты: 2 90 ( 100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту:Оқытушылардың тілдік қорын дамыту.Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілері мен сөздік минимумдармен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.

Тәрбиелік:Оқытушыларды ізденуге,білімді табандылықпен игеруге тәрбиелеу,тілге,өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамыту:Оқытушылардың қабылдауы мен ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ой-өрісін дамыту.

5.оқыту әдісі: шаған топпен жұмыс
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,

б) оқыту орны:қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


8.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
Үстеудің мағыналық сипаты қандай? Яғни үстеу нені білдіреді?

Үстеудің ерекшеліктері қандай?

Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады?

Үстеудің құрамдық түрлері қандай


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы.

Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді.

Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.[1]Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді, Қазақстан ғалымдарының зор армиясының ақылшысы, тәрбиешісі болды. Ол геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.



«Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 60 жылдығы» ,жазушы Әуезовтің мақаласы. Ж. Айталиев және П. Аворовпен бірге жазған. «Вестник» Академии наук Казахской ССР журналының 1959 жылғы 4-санында орысша басылған. Мақала Сәтбаевтың туғанына 60 жыл толуына арналған. Онда авторлар ол кезде қазақ КСР Ғылым академиясының президенті қазақ КСР Ғылым академиясының Геология институтының директоры, аса көрнекті ғалымның қызметі мен лауазымдарын атаудан бастап, «аса ірі ғалым-геолог пен мемлекет қайраткері Қаныш Имантайүлы Сәтбаевтың аты біздің елде ғана емес, одан әрі шет аймақтарда терең құрметке» бөленгенін мақтанышпен жазған. Одан әрі ұлы ғалымның қысқаша өмірбаяны мен ғылыми, қоғамдық, мемлекеттік, ұйымдастырушылық қызметіне сипаттама берген.

Шылау, оның түрлері

Көмекші сөздердің келесі бір түрі шылау сөздер бұлардан өзгешелеу. Лексикалық мағынасынан айырылған жеке грамматикалық тұлға.

Шылау сөздер – мағыналары жағынан да, сыртқы тұлғалары жағынан да өздерінің бастапқы шыққан тек-төркіндерінен біржола қол үзген, лексика-грамматикалық жағынан жеке сөз табы болып қалыптасқан сөздер
Шылау сөздердің ерекшеліктері

1. Лексикалық мағынансынан айырылған.

2. Морфологиялық жағынан түрлене алмайды.

3. Сөйлем мүшесі болу қабілеті жоқ.

4. Алғашқы шығу тек-төркінінен біржола қол үзген

5. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.

6. Өздері тіркескен сөздерге түрлі қосымша мағына реңтер үстейді.

7. Тұлға жағынан тиянақталған сөздер.

Тіліміздегі шылаулардың атқаратын қызметтері де бірдей емес. Бір тобы сөз бен сөз арасындағы грамматикалық байланысты жүзеге асырады. Енді біреулері сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасын жалғасырса, жеке сөздер мен сөз тіркестерін анықтау, толықтау, үшін қосымша реңк беретін шылаулар да болады. Осындай қызметтеріне қарай шылаулар үшке бөлінеді: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.

Шылаудың түрлері


  1. Жалғаулықтар


Жалғаулықтар - өзара тең сөздердің, бірыңғай сөз тіркестерінің, тең дәрежедегі сөйлемдердің арасын байланыстыратын шылаулар. Мысалы: 1. Нұргүл мен Айнұр мектепке бірге келді. 2. Гүлді де, бау-бақшаны да балалар суарады. 3. Күн ашық әрі жылы сияқтанды. Қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықтардың бірігу арқылы (бірақ, біресе), дыбыстық жағынан ықшамдалу жолмен (та, те, да, де тағын, тағы сөзінің ықшамдалған түрі), сондай-ақ өзге тілде ауысу жолдарымен (әм, яки, яғни, құй) қалыптасқандары бар.

Жалғаулық шылаулардың түрлері

  1. Ыңғайлас жалғаулықтар: және, мен, пен, тағы, әрі, да, де, та, те.

  2. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, бірақ та, алайда, сонда да, онда да, әйтпегенде, дегенмен, әйтсе де, өйткенмен де.

  3. Талғаулықты жалғаулықтар: әліде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, ендеше, демек.

  4. Себеп-салдар жалғаулықтар: өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан.

  5. Шартты жалғаулықтар: егер, егерде, алда-жалда.


2. Септеуліктер
Белгілі бір септік жалғаулы сөзбен тіркесіп, оның мағынасын толықтырып тұратын сөздерді септеулік шылаулар дейміз. Септеулік шылаулар өздері тіркескен сөздерге мезгілдік, мекендік, мақсаттық, мағыналар үстейді. Осы қызметтері, мағыналары жағынан олар септік жалғауларға ұқсайды.

Септік жалғаулар және септеулер

1. Атау септікті меңгеретін септеуліктер (үшін, сайын, сияқты, туралы, арқылы, бойы, шамалы, ғұрлы): сен үшін, үй сайын, біз сияқты т.б.

2. Барыс септікті меңгеретін септеуліктер (шейін, дейін, қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу): университетке шейін, дүкенге қарай, қысқа таман, жазға салым т.б.

3. Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер (гөрі, бері, кейін, соң, бұрын, бетер): содан бері, сенен гөрі, ауылдан кейін, менен бұрын т.б.

4. Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер (қатар, бірге): Мейраммен қатар, апаммен бірге.

3. Демеуліктер
Демеуліктер деп өздері тіркескен атауыш сөздерге түрлі қосымша мағыналық реңтер үстейтін сөздерді айтамыз.

Демеулік шылаулардың түрлері

1. Сұраулық демеуліктер (ма, ме, па, пе, ба, бе, ша, ше): Ауылда болдың ба? Айман ше, келе ме?

2. Нақтылық демеуліктер (қой, ғой, -ды, -ді, -ты, -ті): Ол бұндай сөзді айтпау керек-ті. Елдің шығарып жүрген бос сөзі ғой.

3. Күшейткіш демеуліктер (-ау, -ай, -ақ, -да, де, та, те): Тым-ақ әдемі екен. Пәлі, дәл айттың-ау!

4. Шектік демеуліктер (қан, ғана, -ау). Сонымен бірге жоғарыда күшейткіш демеуліктер қатарына қосылған –ақ шылауы қолданылу ерекшеліктеріне қарай тежеу, шек қою мағынасында жұмсалады: 1. Сабаққа төрт-ақ бала дайындалыпты. 2. Жанат қана атасымен келген екен.

5. Болжамдық демеуліктер (-мыс, -міс, -ау). Стильдік ерекшелікке, сөйлем мәніне қарай – ау болжау, тұспалдау мағынасында да қолданылады: 1. Әжесі көзіндей көрген соң заттарын Нұртасқа қалдырыпты-мыс. 2. Шындықты біліп алар-ау деп те тер басып кетті.

6. Болымсыздық немесе салыстыру демеуліктер (түгіл, тұрсын, тұрмақ): 1. Балалар тұрмақ, үлкендер жауап беруге қиналады. 2. Апасы түгіл, жиналғандар да риза болды.

7. Қомсыну демеулігіне екеш сөзі жатады. Бала екеш бала да түсінер бұны.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (30%)
14-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септікжалғауын қойып жазыңыздар.

1. Ержан сол бүйір... қарай қиғаштап кетті. 2. Біз... бірге қиын болады ғой өзіңе. 3. Екі күн... бері тізе бүкпеген солдаттар әбден қажыды, ашықты. 4. бірақ аз... кейін талмаусырап барып, соңғы дыбыс та өшті. 5. Әлі күн... дейін сол көзіне елестесе тітіркеніп қоя береді. 6. Мана... бері шет жағасындағы шашырандылармен алысып еді. 7. Көп... бірге көңілдірек болар.


15-жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі жалғаулық шылаулардың тиістісін қолданып, мәтінді көшіріңіздер.

1. Бірақ айла әркімнің қолынан келе бермейді, ... әркімге беріле де бермейді. 2. - Өзің осы жерде тіліңді безеп..., қанша тұрмақсың, соныңды айтшы? – дедім. 3. Кіндік кесіп, кір жуған, асыр салып аунаған, ... көңіл тынбаған, құба төбел ауылдан көркем, сірә, бар ма екен? 4. Шал шаршап жатса..., әлдекімді шалып жатыр. 5. Сені ... біз қандай жәрдемдесетін едік бір-бірімізге (Ғ. Мұст). 6. Жаңа жұмысшыларды шахтаға жеке жіберіңіз өзін, ...шахтаны бүлдіреді. (Ғ. Мұст.). 7. Буфеттен шығып, бұлардың қасына келген Айбар жүзі суықтау еді, бейтаныс жігіт алдында әдеп сақтады (З. Қабд).


Шылаулар: онан да, егер, не, онда, сондықтан, сонда да, мен, бірақ, да, тағы.

16-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, шылаулардың қайсысы сөз бен сөзді, қайсысы сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұрғанын ажыратыңыз.

1.Артриттің қауырт түрінде біресе адамның дене қызуы көтеріліп, біресе буыны өте қатты сырқырап ауырады. 2.Артрит бір ғана буында немесе бірнеше буында болуы мүмкін. 3.Созылмалы тонзиллит кезінде жұтқыншақ безі ісініп, адам жұтқыншағында өзге бір нәрсенің тұрғанындай сезімде болады, кейде шаншып ауырып, құлаққа әсер етеді. (Адам анатомиясы)


17-жаттығу. Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген септеуліктердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріңіздер.

1.Жүрек демікпесінің ұзақтығы бірнеше секундтан 10-15 минутқа ... созылады. (Пат.анатомия) 2.Орталарындағы жалғыз арбаны жегіп кеткендігі ... Айдарбектен ғапу өтіну бізге тиіс секілді. (Б.М.) 3.Осы кіре беріс бөлмеден төрге ... бірнеше бөлме бар еді. (М.Ә.) 4.Жүз метр сайын бір бағана. Бағана ... бір шам. 5.Радио ... күнбе-күн байланысып тұру қажет. (Ғ.Мүст.) 6.Әсем ақ көк атты жайдақ мініп, екі торыны жетекке алып, бұл да өзенге ... кетіп барады. (F.M.) 7.Өтке тас байланған кезде ерте ме, кеш пе бұл тастар өзі ... хабар беріп, оң жақ қабырға астында шаншу пайда болады. (Пат.анатомия)



Қажетті септеуліктер: арқылы, дейін, сайын, қарай, шейін, туралы, үшін.
18-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді жалғаулықтар арқылы құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңыз.

1. Қайырбек баласын мал басына жиі алып баратын. Асан малға икемді болып өсті. 2.Ол қойларды әкесінен кем жаймайды. Жасынан қойдың сырын үйреніп алған. 3.Асанның иті де ақылды болып шықты. Оның қылық-әрекеттеріне алданған Асан зерікпейді. 4.Баласының жұмысқа ұқыптылығын әкесі де біледі. Кейде ол малдан ұзап, басқа шаруалармен кете береді. 5.Тіпті мұны көріп жүрген басшылардың да көңілі тоқ. Асанның тиянақты жұмыс істейтінін бәрі біледі.


12.Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Жаттығу жұмыстарын орындату.Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тасырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Шылаудың басқа да сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?

2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Қаныш Сәтбаев. Шылау. Шылаудың түрлері.


10-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздері. Қаныш Сәтбаев.

2.Сабақтың оқыту сағаты: 2 90 ( 100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту:Оқытушылардың тілдік қорын дамыту.Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілері мен сөздік минимумдармен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.

Тәрбиелік:Оқытушыларды ізденуге,білімді табандылықпен игеруге тәрбиелеу,тілге,өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамыту:Оқытушылардың қабылдауы мен ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ой-өрісін дамыту.
5.оқыту әдісі: шаған топпен жұмыс
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  1. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  2. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  3. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  4. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  5. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  6. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Шылаудың басқа да сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?

2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?

3. Шылаулар қандай сипатына қарай септеулік, жалғаулық, демеулік болып бөлінеді?

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Еліктеу сөздер
Қоршаған ортадағы сан түрлі құбылыстары мен заттардың бір-біріне қатысуынан пайда болған дыбыстарға және олардың қимыл-әрекеттерінің көрінуіне байланысты сөздерді еліктеу сөздер дейміз. Мысалы: сарт-сарт, тақ-тұқ, жарқ-жұрқ, жалт-жұлт, шыр-пыр т.б. Еліктеу сөздер мағынасына қарай екіге бөлінеді: еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер.


  1. Еліктеуіш сөздер

Түрлі заттар мен құбылыстардың бір-біріне соқтығысунан, неше түрлі жан-жануарлардың шығаратын түрлі дыбыстарына, дауыстарына қатысты сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: 1. Сағат сарт-сұрт етеді.2. Ит арс-арс етті. Еліктеуіш сөздер дара күйінде де, қосарланып та қолданылады.




  1. Бейнелеуіш сөздер

Табиғаттағы түрлі-түрлі құбылыстардың бейнесін елестетуден туған сөздерді бейнелеуіш сөздер дейміз. Олар: жарық, жарық-жарық, жарық-жұрық, жалп-жалп, арбаң-арбаң, маң-маң, жылт-жылт т.б.


АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

 

Ана тілің – арың бұл,



Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

                                      Қ.Мырзалиев

 

 

АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ



Ана тілі – біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ, қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.

                                      М.Әлімбаев

 

АНА ТІЛІ



Ақыл-ойын адамның

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

 

Өсірген ой білімді,



Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін  терең білуді.

                                      Ә.Табылды


 11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
20-жаттығу. Жақшаны ашып, көшіріп жазыңыздар. Көшіргенде шылаулардың емлесін ескеріңіздер. Шылаулардың түрін ажыратыңыз.

1. Боз ат Қозыбақ аулына кете барса (да), жақындағы жылқылы ауылдың бәріне қосып қойған тағы бір аты бар(ды). Малының бары (да), ажарлысы (да) екі аты болатын. 2.Өз тасының ақысы екен, бермеймін десе (де), алып қалатын жөнің бар емес (пе)? 3.Ойлағаның шын сияқты ат үстінен (ақ) айтып жатырсың. 4.- Иә, рас (ay), соның оты бар - деп, Байсал да қостады. 5. - Ал енді адаспасты ойлайық. Бала, өзіңнің көңілің берік (пе)? Бетіңнен жаңылған жоқсың (ба) осы? (М.Ә.) 6. - Жаяу боран (ба)? Күпсек қарды жел ұйытқытып тұр (ма)? - деп, сұрап еді. (М.Ә.) 7.Келесі операцияның кезегін саған беремін деп, әнеугүні Иван Петрович Ермекке уәде берген(ді). Бұлар малды (да) кезектесіп бағады. (С.О.)



12.Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Жаттығу жұмыстарын орындату.Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тасырмаларды талқылау.

13. Сабақты қорытындылау: 2мин (2%)
1. Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшеліктері неде?

2. Еліктеу сөздердің екі түрге бөлінуі неге байланысты?

3. Шылаудың басқа да сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?


  1. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2 %)

«Ана -тілі» - өлең жырлары. Еліктеу сөздер.



11-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Одағай. Көмекші сөздер. Жыл мезгілдері. Наурыз мейрамы.
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту:Одағай туралы түсінік беру.Оқушылардың алған білімдерін жинақтап,толықтыру.

Тәрбиелік:Үлкенді сыйлау,құрметтеу,ата-баба мұрасын қастерлеу,кітап оқуға құштарлығын арттыру.

Дамыту:Оқушыларға жаттығу жұмыстарынан одағайды тауып түрлеріне қарай талдай білуге дағдыландыру.

5.оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы

7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшеліктері неде?

2. Еліктеу сөздердің екі түрге бөлінуі неге байланысты?

3. Шылаудың басқа да сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?

4. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?

5. Шылаулар қандай сипатына қарай септеулік, жалғаулық, демеулік болып бөлінеді?



10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Наурыз мейрамы

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.

Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.

Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам-дін мейрам емес ұлт мейрамы.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті ˝ - десіп Наурыз күні бейілінкеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын.

Еңбекші қазақ елі,шығынды тыртаңнан аттарыңның басын тарта ұстап,тарихи мейрамдарының Наурызды жаңа тұрмысқа лайықты мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер.Жаңа жылға жаңа тілек,игі үмітпен шығуымыз керек.

Одағай сөздер

Одағай сөздер заттар мен құбылыстар, қимыл, әрекет немесе олардың түрлі белгілері жайында ұғым, мағына бермейді. Атауыш сөздерге тән лексикалық мағына белгілі бір сөзге негіз болмағандықтан, одағайлар сөйлемде сөйлем мүшесінің қызметін атқармайды. Одағайлар шылау сөздерге де ұқсамайды. Шылау сөздер сөйлемде атауыш сөздерге түрлі мағыналық реңк үстеп немесе оларды бір-бірімен байланыстырса, одағайларда ондай қызмет жоқ.

Одағайлардың ерекшеліктері

1.Адам көңіл күйінің құбылып, ауысып тұруына қарай бір одағайдың бірнеше мәнде, мағынада жұмсалуы мүмкін: Пәлі, жақсы болған! Пәлі, бұнысы адамшылыққа сыймас.

2.Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен байланыспай, оқшауланып, бөлініп тұрады: Апыр-ай, басқадан күтсем де, сенен күтпеген ем!

Одағайдың құрамына қарай түрлері

Құрамына қарай одағайлар негізгі, туынды және дара, күрделі болып бөлінеді. Негізгі одағайларға ау, па, ей, әй, пай, па, пе, беу т.б. жатады. Туынды одағайларға бәрекелді, астапыралла, айпырмай т.б. жатады. Күрделі одағайларға шөре-шөре, о тоба, пай-пай, құрау-құрау (көбінесе мал, ит, құс, жан-жануарларды шақыру, қууға қатысты айтылатын сөздер) кіреді.



Одағайдың мағынасына қарай түрлері

1.Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, қорқу, назар аудару, көңіл бөлу мағыналарын білдіреді. Мысалы: пәлі, алақай, пай-пай, аһ, ой, ойбай, о, қап т.б.

2.Жекіру одағайлары тыйым салу, бұйыру, өтіну мағыналарын білдіреді: Мысалы: тәйт, тек, жә.

3.Шақыру одағайлары – мал, жан-жануар, хайуанаттарды шақыру мен қууға байланысты қолданылатын сөздер. Мысалы: кә-кә, құр-құр, шөре-шөре, көс-көс т.б.

Одағайлар емлесі

Одағай сөздер сөйлемнің басында, ортасында, аяғында қолданыла береді.

1)Сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады. Қап, ертерек айту керек еді!

2)Сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қолданылады. Қарасам, пай-пай, кілем төсегендей екен!

3)Сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады: Ән-ақ екен,бәрекелді!

4)Одағай сөздер ерекше көңіл күйі көтеріңкі леппен айтылатындықтан, соңынан леп белгісі қойылады.

5) Қайталанған одағайлар ортасына дефис (-) қойылады: әй-әй, моһ-моһ т.б.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Морфологиялық талдау жасау, мәтінмен жұмыс жасау,тапсырмалар
12.Жаңа тақырпты бекіту: 9 мин (10%)

Жаттығу жұмыстарын орындату.Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тасырмаларды талқылау.


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

1.Одағай нені білдіреді?

2.Одағай сөздерде толық (лексикалық) мағына бола ма?

3.Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Одағай. Көмекші сөздер. Жыл мезгілдері. Наурыз мейрамы.


12-сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Көмекші сөздер.Ұлттық тағамдар
2.Сағат саны: 2 90 (100%)
3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:

Оқыту: Көмекші сөздер туралы түсінік беру.Оқушылардың алған білімдерін жинақтап,толықтыру.

Тәрбиелік:Үлкенді сыйлау,құрметтеу,ата-баба мұрасын қастерлеу, тағамдарды қадірлеру.

Дамыту:Оқушыларға жаттығу жұмыстарынан одағайды тауып түрлеріне қарай талдай білуге дағдыландыру.
5. оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)


  1. Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.

  2. Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.

  3. Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006

  4. Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006

  5. Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007

  6. Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002

  7. Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993


2. Қосымша(қ)

1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002

2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994

4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007

5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006

6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997

7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997

8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004

9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002

11. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999

12. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004

13. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005

14. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998

15. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005


8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 % )

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1.Одағай нені білдіреді?

2.Одағай сөздерде толық (лексикалық) мағына бола ма?

3.Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Көмекші есімдер
Мағынасы есім сөзге жақын, зат есімнің мекендік, мезгілдік мағынасын дәлдеп көрсететін грамматикалық қызметке ауысқан сөздерді көмекші есім дейміз. Мысалы: Қымыз ішіп болған соң, үнсіз үй ішінде Абай екінші бір сөзін бастады. (М.Ә). Бұл сөйлемдегі ішінде деген көмекші есім оқиғанның болған орын дәлдеп көрсетіп тұр.

Көмекші есімге мына сөздер жатады: алды, арты, асты, үсті, жаны, арқасы, арасы, ортасы, іші, аузы, жағасы, төбесі, бойы, сырты, қасы, басы, тұсы, беті.

Бұл сөздер ілік септік жалғаулы зат есіммен тіркесіп қолданылады: үйдің алды, өзеннің бойы, ауылдың маңы, құдықтың басы, қаланың сырты, өзеннің жағасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет