2.Бағдарлама.
2.1 Кіріспе. Білім алушы әр түрлі аурулар кезінде медициналык үрдісті ұйымдастыра білуі керек
Пәнді окыту кезінде практикалык сабактарды наукас төсегінде өткізу ұсынылады. Ол үшін алдын-ала медбикелік үрдісті ұйымдастыру автоматизмге дейін білім беру үрдісінің инновациялық технологияларын (кәсіптік қызметті моделдеу, шешу) қолдана отырып окытылуы керек.
Пәнді оқыту барысында медбикелік үрдістің негізгі шаралары аурулардың алдын алуға бағытталуы керек.
Пәнді окыту барысында келесі пәндермен интеграция жүргізу ұсынылады: микробиология, патологиялық анатомия, патологиялык физиология, медбике ісі, педиатриядағы медбике ісі, хирургия мен реанимациядағы медбике ісі, акушерия мен гинекологиядағы медбике ісі, жалпы кәсіптік пәндер.
МЖМБС сәйкес оқу үрдісінің білім алушыларда базалық, кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыруға модульдык оқыту кұрылымы енгізілген.
2.2 Пәнді оқытудың мақсаты : клиникалық мейірбике ісі саласында мейірбике кәсібінің негізгі заңдарын білуді қалыптастыру және студенттерге терапевтік және профилактикалық қарым-қатынастарда құзыреттілік тәсілін бағалау дағдыларын үйрету.
2.3 Пәнді оқытудың міндеттері: негізгі ішкі аурулар туралы білім беру, білім алушыларда маңызды кәсіптік машыктарды және клиникалық ойлау негізін қалыптастыру, алған білімі мен машықтарын медбикелік диагноз қоюда және оны нақтылауда колдану, тиімді емді тағайындау, талқылаған нозологиялық аурулардың алдын-алу шараларын ұйымдастыру мен дәрігерге дейінгі жедел көмек керсетуді, медбикелік бақылау мен күтуді, науқастармен және олардың тумаларымен, ұжымдастарымен қарым-қатынасты орнатуды үйрету.
2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуі тиіс:
-дені сау және науқас адам организмінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін;
-ішкі ағзалар ауруларының негізгі клиникалық синдромдары мен симптомдарын және олардың пайда болу механизмдерін;
Достарыңызбен бөлісу: |