Фразеологизмдер аркылы «жаксылық/жамандык» концептілерінің берілуі «Адам-Қоғам-Табиғат»


сабыр бар. Сынбаған ажар, қажымаған қайрат, кең салқын ерлік



бет2/3
Дата07.09.2023
өлшемі21.33 Kb.
#476814
түріҚұрамы
1   2   3
Каппасова А

сабыр бар. Сынбаған ажарқажымаған қайрат, кең салқын ерлік бар (6,84 б). Оспан басында не айтарын білмей қысылыңқырап қарап, артынан әлденеден рақымы түскен пішінмен күлді (134). Бұл уақытқа дейін төбенің басында жүрген Мақыш ақсақал келіп, қонақтарды аттандырып, бұрынғыдай әдепті, жылы пішінмен қоштасып қала берді (147б). Сыздықтың алмағы да бай қызы емес, осындай адамшылығы бар: момын, таза мінез, таза жүректі кедей қызы болатын (148б). Адамшылықты бағалай білетін, еркекке адал дос болатын, жүрегі жылы, махаббатты адам болғандай (149 б). Бұрын бірін-бірі сыйлаған жылы көңіл тағы да қалыбына келе бастады (149 б).
Ал жамандық лексемасының жалпы компоненті: «бәрі жаман, нашар, өнегесіз, адамгершілікке жатпайтын (жақсылыққа қарама-қарсы)». Және ол мына компоненттер арқылы нақтылана түседі: зиян, қырсық, бақытсыздық, қаталдық, кінә тағу, жағымсыздық, жаман сезім, ыза, ашу, өкініш, күнә, кек, өкпе, қуланушылық. Мақаламызда одан әрі осы жамандық лексемаларының компоненттеріне көркем шығармадан мысалдар келтіру арқылы тоқталамыз. Бұл ұғымдар жағымсыз адамның бейнесін, портретін бергенде қолданылады. Мысалы, суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар (70 б). Сыз деуге бұл еңгезердей үлкен бойлы, әдемі қара мұртты, ашушаң, бұлтиған пәлеқор көзді, кекірдей кісі (338 б). Орталау, қағылез бойлы Құлжатайдың ашаң қызғылт жүзінде үлкен ызақатты кейіс бар (338 б).
Сол сияқты адамның жаман мінезін, бір жағдай болғандағы кейіпкердің қимылын, іс-әркетін суреттегенде: Үйіне бір қонақ қонса, соған асқан бір жілікке жаны шығып, тыжырынып отырады. Жаннан асқан дүниеқоңыз (79 б). Қалтай пішен-қораның ішіне кірісімен шөпке қарамай, үлкен жұмысы ол емес, басқа нәрсе екенін сездіріп, өңі өзгеріп, өтірік күліп қуланыпәдепсіз мінезге түсіп, ойындағы дайындап алған сөздерін сөйлей бастады (84 б). Бірақ Жұмағұлдың шешесі Қамария – жас күнінен шаруақорлықты 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет