Жексенова Ажар Николаевна Болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үрдісіне фетальдік гепатоциттердің әсері



жүктеу 436.79 Kb.
бет1/4
Дата28.06.2016
өлшемі436.79 Kb.
  1   2   3   4


ӘӨЖ 611.013.395.018.1:616-021.4 Қолжазба құқығында

Жексенова Ажар Николаевна
Болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үрдісіне

фетальдік гепатоциттердің әсері

(тәжірибелік зерттеу)

14.00.16 – патологиялық физиология

Медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежісін алу үшін дайындалған диссертацияның

Авторефераты

Қазақстан Республикасы

Астана, 2010

Жұмыс Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің патологиялық физиология кафедрасында орындалған


Ғылыми жетекшісі: медицина ғылымдарының докторы

Омарова К.П.

Ғылыми кеңесші: медицина ғылымдарының кандидаты

Сундетов Ж.С.


Ресми оппоненттері: медицина ғылымдарының докторы

Даленов Е.Д.


медицина ғылымдарының кандидаты

Абдрахманова Б.Е.


Жетекші ұйым С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ

Ұлттық медициналық университеті

Диссертация «____»__________2010 жылы сағат___ «Астана медицина университеті» АҚ Д 09.17.04 диссертациялық кеңесінде қорғалады.

Мекен жайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49 «А»


Диссертациямен «Астана медицина университеті» АҚ кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49 «А»

Авторефераттың таратылған күні «____»_______________2010 ж.



Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, медицина ғылымдарының

докторы, профессор





Мұстафина Р.Х.



Кіріспе
Мәселенің өзектілігі

Аурулардың халықаралық жіктелісінің 10-шы қайта қаралуында XIII класты құрайтын сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіні аурулары таралуы жағынан қанайналысы, тыныс және ас қорыту аурулурынан кейін төртінші орынды алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жер шары тұрғындарының 4%-ы әр түрлі буын мен омыртқа ауруларымен ауыратынын және 30%-дан астамы уақытша жұмысқа жарамсыз, ал ревматизмдік аурулары бар науқастардың 10%-ы мүгедектікке шалдығады деп мәлімдейді (В.П. Веселовский, 1994; M.J. Albesk, 1996).

Асептикалық қабыну тірек қимыл аппараты, жүйке жүйесі аурулары мен жұлын-милық жүйкенің ісінуі, білеуленуі, остеохондроздың дамуында негізгі этиопатогенездік ықпалдардың бірі болып саналады. А.Б.Ситель, Е.Б. Тетерина ДДҰ жер шары тұрғындарының 2/3-сі остеохондроз ауруы бойынша ауырсынуы әртүрлі дәрежеде көрінетін омыртқа түбіршігі мен буындарының аурулары әсерінен уақытша, кейіннен тұрақты жұмысқа қабілетінің жойылуынан зардап шегетінін хабарлайды (http://www.tiensmed.ru/diagnoz14.html).

Ми ішіне қан құйылуы, жабық жарақаттардағы оқшаулану үдерістерінің патогенездік ағымы асептикалық қабыну негізінде өтеді. Ми ішіне өздігінен қан құйылуы салдарынан 6 ай ішіндегі өлім көрсеткіші 23%-дан 58%-ға дейін көтеріледі (Аднан Куреши және бірлескен авторлар, 2002).

Жоғарыда көрсетілгендерден туындайтын мәселелердің негізгі аспектілеріне асептикалық қабыну үдерісі кезінде дамитын қанайналымдық, гипоксиялық, метоболизмдік бұзылыстарды қалпына келтіретін және организмнің резистенттілігін жоғарылататын емдік әдістер мен дәрі-дәрмектерді іздестіру жатады.

Медицина мен биологияның соңғы жетістіктерінің бірі – трансплантологиялық жасушалық терапия. Көптеген оқымыстылардың ғылыми жұмыстарында фетальді тіндердің жасуша қоспасын, тұнба бетіндегі сұйықтықтан алынған «медиаторлық заттарды» енгізгенде организмнің резервтік мүмкіншіліктерінің белсенуі артып, зат алмасуы күшейіп, регенерация үдерісі қуаттанып, дерттік ықпалдарға организмнің қарсы әсері жоғарылауы байқалған (Г.Т. Сухих, 1995; В.С.Репин, Г.Т. Сухих, 1998; К.К. Жолмухамедов, 2002; Н.А. Онищенко, 2004; Р.К.Стикеева, 2007).

Жедел және созылмалы бауыр жеткіліксіздігін фетогепатоциттермен түзету кезіндегі бауырдың морфофункциональдық жағдайы зерттеліп, емдеу әдісінің оң әсері анықталған (К.П. Омарова, 2001; Ж.А.Доскалиев, және авторлар, 2003; O. Lindvall, 1995). Жасушалық нейротрансплантацияның емдік әсері мидың барлық қызметтерінің бұзылыстарында: бас миының жарақаты, жүйке жүйесінің генотиптік және фенотиптік детерминделген бұзылыстары кезінде дәлелденген (А.С Жусупова, 2007; Ж.Б. Айтпаева, 2008; Л.Н.Ерментаева, 2009; Ж.Б. Айтпаева, 2010).

Жоғарыда келтірілген деректер және әдебиеттерде дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үдерісіне фетальдік жасушаларды қолданып емдеу туралы мәліметтер жоқтығы ғылыми жұмысымызға негіз болды.

Ғылыми еңбек мемлекеттік ғылыми бағдарлама шеңберіндегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ғылыми–зерттеу жұмысының жоспарлы бағдарламасы «Фетальдік ем көмегімен әр түрлі мүшелер мен жүйелердің жеткіліксіздігін түзету әдістерін шешу» тақырыбы шеңберінде орындалды. Мемлекеттік тіркелген № 0251 ҚР.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер осы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін құрастыруға мүмкіндік берді.


Жұмыстың мақсаты: болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабынудың ағымына фетальдік гепатоциттердің тигізетін әсерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері

1. Фетальдік гепатоциттерді болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үдерісі аймағына енгізгендегі әсерін зерттеу.

2.Фетальдік гепатоциттерді енгізу мерзіміне байланысты болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үдерісіне ықпалын зерттеу.

3.Фетальдік гепатоциттер дозасына байланысты болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үдерісінің өзгерістерін анықтау.

4.Фетальдік гепатоциттерді іш қуысына енгізгенде болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үдерісіне әсерін зерттеу.

5.Болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну кезінде фетальдік гепатоциттер жүзіндісін енгізгендегі иммунитеттің бейспецификалық жүйесінің өзгерістерін анықтау.



Ғылыми жаңалығы

Алғаш рет:

- болбыр дәнекер тініндегі асептикалық қабыну үдерісін түзетуге фетальдік гепатоциттер жүзіндісі тәжірибеде қолданылды.

- фетальдік гепатоциттер жүзіндісі асептикалық қабыну үдерісінің ағымын жылдамдатып, қабыну кезеңдерін қысқартып, позитивті әсер ететіні анықталды.

- асептикалық қабыну кезінде фетальдік гепатоциттердің жүзіндісін қабыну аймағына енгізу жолының ұтымдылығы мен тиімділігі және негізгі мөлшерден екі есе жоғары еселенген дозада пайдалану сенімді позитивті мән бермейтіні анықталды.

- фетальдік жасушалар жүзіндісінің асептикалық қабынуға әрекеті кезеңінде иммунитеттің бейспецификалық жүйесінің көрсеткіштері зерттеліп, оң ықпалы анықталды.


  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет