сараңдыққа жеткізген, күтімділікті пайдакүнемдікке жеткізген, мінезі қатты, дүниеге пасық бәйбіше болғандықтан бұл жолы науқанда да қыл-қыбырын көп шығармай, шығындамай, керек нәрселерін тез қамдап алды (99б). Осыны ойлаған сайын жүрегін ыза керней бастады... Өмірінде сыртына шықпаған ашу, ыза, намыс барлық еркін билеп, дуылдап басына бір-ақ шықты (86 б).Өмір бойында ешбір жаннан мұндай қаттылықты, тұрпайылықта көрмеген Ғазиза, бір жағынан қорланып, ызаланып, өксіп жылап, бір жағынан ашу қысып,Жақыпты сол минутта барлық жас жүрегімен өлердей жек көрді (185 б). Қасым ашулы болып, қаны бұзыла бастады (217 б). Дөң басында малдас құрып отырып, ашулы суық пішінмен күн батыстағы ақ таңлаққа қарап көзін алмайды... қатал ойға бекініп, жаратылысындағы асау қаны тасып, сазарып алды (171б). Жаутаңдаған көзімен жылы шырай іздеп келе жатқанда, алдында бұрынғыдай зәрленіп тұрған Исаны көрді (217б).
Сонымен «ақ» пен «қара» сөздері арқылы әлемдегі жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық сияқты дүниенің негізін құрайтын ұғымдарға бағдар жасауға болады. Қазақ тілінде жақсылық концептісі ақ тілеу, ақ босаға, ақ жол, ақжолтай, ақ ниет, ақ көңіл, ақ білек т.б. тілдік бірліктері арқылы, ал жамандық концептісі қара жүрек, қара жау (қас дұшпан), қара көңіл, қара уайым, ұрынарға қара таппау, қара түнек заман, қара күн туу, қара қол, қара күш т.б. тілдік бірліктері арқылы көрініс табады. Сол сияқты «ақ» пен «қара» ұғымдары арқылы алғыс және қарғыс сөздерінің айтылатыны белгілі. Алғыс «ақ» тілдік бірлігі арқылы берілсе, ал қарғыс «қара» атауы арқылы көріністенеді. Мысалы, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс, ақ күн тусын, айтқаның ақ болсын, қара күн тусын, қара шашың жайылсын, көзіңнен қара қан ақсын, қара басыңа көрінгір т.б. Қазақ тілінде ақ сөзіне қатысты түйе малына айтылатын бір қарғыс кездеседі, ол ақ шелек келгір немесе ақ шелек шалғыр. Өрістен келмей, қасқырға жем бол деген мағынаны білдірсе керек. Жақсылық/жамандық концептілері негізгі концептілер қатарында болғандықтан оның мейірімділік, адалдық, жылы жүзділік, жылы жүректілік және қаталдық, қатыгездік, арамдық, дүниеқоңыздық, сараңдық сияқты қосымша бөліктерінің болатыны анық. Біз мақаламызда фразеологизмдер арқылы жақсылық пен жамандық концептілерінің қосалқы бөліктерінің берілуін мысалдар келтіре отырып дәлелдеп бердік. «Концептік талдаудың басты мақсаты – ғаламның тілдік бейнесін түсіндіру. Когнитивтік лингвистика концептінің көріну аясындағы тілге талдау жасау, концептінің мазмұнын ашатын мәтіндерден туындайтын ой мен оның әртүрлі контекстерде ұтымды қолданылуы, оның фразеологизмдерде, мақал-мәтелдерде бейнеленуі секілді қызметтерімен толығып отырады» [7, 8] демекші, талданған фразеологизмдер арқылы қазақ халқының тілдік бейнесіне тән мысалдарды жинастырдық. Яғни жақсылық/жамандық концептілері берілетін фразеологизмдер арқылы тек қазақ әлемінің тілдік бейнесінің көрінетінін байқаймыз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Уматова Ж.М. Концепты дуща/жан как лингвокультурологический феномен. филл.ғыл.кан.дисс...автореф. – Алматы, 2005 -26 б.
2. Хамитова Г. Концептосфера «добро-зло» в русской картине мира. филл.ғыл.кан.дисс...автореф. – Астана, 2010. - 24 б.
3. Қазақ тілінің сөздігі / Жалпы ред.басқарған Т.Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресе, 1998. – 776 б.
4. Канке В.А. Основы философии: Учебник для студентов средних специальных учебных заведений. – М.: Логос; Высшая школа, 1999. – 288 с.: ил.
5. Философия тарихы: Оқулық. /Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамбетәли. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 288 б.
6. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы, Жазушы, 1979. 1-т. Әңгімелер. – 456 б.
7. Хамзина Г. 1960-80 жылдардағы повестер тілінің лексика-семантикалық және танымдық сипаты (С.Жүнісов, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, О.Бөкей, Б.Нұржекеев шығармалары бойынша): филл.ғыл.кан.дисс...автореф. – Қарағанды, 2010. – 26 б.
Достарыңызбен бөлісу: |