Фтор қауіптілігі. Токсикологиясы


-бап. Ведомстволық есепке алу



бет4/6
Дата02.01.2024
өлшемі0.58 Mb.
#488360
1   2   3   4   5   6
срм1 норматив

199-бап. Ведомстволық есепке алу

  • 199-бап. Ведомстволық есепке алу
  • Ескерту. 199-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  • 200-бап. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау
  • Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады. Декларациялау өлшемшарттарды (көрсеткіштерді) салыстыру арқылы жүзеге асырылады, олар бойынша жұмыс беруші өз қызметінің қазақстан республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігіне өз бетінше бағалау жүргізеді. Жұмыс беруші декларациялау бойынша мәліметтерді еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйеге енгізеді. Қызметі қазақстан республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылған жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге сенім сертификаты табыс етіледі, бұл қазақстан республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін қалыптастыру кезінде ескеріледі.

22-тарау. ІШКІ БАҚЫЛАУ

  • 22-тарау. ІШКІ БАҚЫЛАУ
  • 201-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау
  • 1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек жағдайларының жай-күйін байқауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, кәсіптік тәуекелді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға келмейтін анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.

    2. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталатын бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады.



    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет