Ғумарбек даукеев атындағы алматы



бет18/20
Дата22.11.2023
өлшемі199.61 Kb.
#484021
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
ABNMethod2023

Алғашқы жаттығулар. Функцияларды іс жүзінде пайдалануға машықтану және негізгі әдістерді игеру үшін алдымен қарапайым келесі жаттығулардың орындалуы тиіс.
10. Позициялық аргументтер. Функцияны шақырғанда әрбір аргументке функцияны анықтайтын параметр сәйкес болуы тиіс. Осылайша аргументпен байланысқан мәнді позициялық аргумент деп атайды. Мысал ретінде келесі функция құрастырылсын:
>>> def describe_pet (auto_type, pet_name):
print (f"\nI have a {auto_type}.")
print (f"My {auto_type} name is {pet_name.title()}.")
Енді осы функцияны describe_pet() шақырайық, ол үшін функцияның аты мен аргументтерінің мәндері енгізіледі:
>>> describe_pet('hundai', 'green')
Тапсырма: осының нәтижесін көрсетіңіз және осы функцияны бірнеше рет шақырып, нәтижесін шығарыңыз.
20. Ат берілген аргументтер функцияға берілетін «аты-мәні» деген жұптан тұрады. Аргументтің аты мен мәні байланыста болғандықтан, ешбір қателік болмайды. Мысал ретінде жоғарыда келтірілген есеп қарастырылсын:
def describe_pet(auto_type, pet_name):
print (f"\nI have {auto_type}.")
print (f"My {auto_type} name is {pet_name.title()}.")
Осы функцияны пайдалану үшін ат берілген аргумент қарастырылсын:
describe_pet(auto_type='bmw', pet_name = 'red')
Тапсырма: өткенде алынған сол жауаптан айырмашылығын көрсетіңіз.
30. Аргументті енгізуде қате болмауын қамтамасыз ету. Функцияның аргументін енгізу кезінде жіберілетін қателердің көпшілігі оның сәйкес болмауы. Аргументтің сұраныстан аз немесе артық болуы осындай қателердің себебшісі болады. Келесі программа фрагменті қарастырылсын.
def describe_pet (auto_type, pet_name):
""" Машина туралы информация """
print(f" \n I have {auto_type}.")
print(f"My {auto_type} name is {per_name.title()}.")
describe_pet()
Бұл жерде Python енгізілетін ақпараттың жеткіліксіз екенін түсініп, келесі түрдегі қате туралы хабарламаны шығарады:
Traceback (most recent call last):
File "C:/Users/User/auto12.py", line 6, in
describe_pet()
TypeError: describe_pet() missing 2 required positional arguments: 'auto_type' and 'pet_name'
Тапсырма: осы хабарламаға түсінік берілсін.
40. Қарапайым мәнді қайтару. Студенттің аты мен фамилиясын форматталған түрде қайтаратын функция қарастырылсын:
def get_formatted_name(first_name, last_name):
""" Студент аты мен фамилиясы туралы информация """
full_name = f"{first_name} {last_name}"
return full_name.title()

student = get_formatted_name ('assem', 'altynbek')


print(student)
Тапсырма: осы фрагменттің жауабын анықтаңыз және түсініктеме беріңіз.
50. Сөздікті қайтару. Келесі функция жеке аттарды қабылдап, біріктірілген сөздікті шығарады:
def student_person (first_name, last_name):
person ={'first': first_name, 'last': last_name}
return person
metr = student_person ('batr', 'kosher')
print(metr)
Мұндағы student_person функциясы адамның аты мен фамилиясын қабылдап, сақтайды; first_name мәні 'first’ кілтпен, ал last_name - 'last' кілтпен сақталынады.
Тапсырма: қайтарылатын сөздікті анықтаңыз.
60. Тізімдерді қайтару. Программалауда жиі кездесетін амалдардың бірі – тізімдерді функцияға енгізу және шығару болып саналады. Келесі мысалда әрбір пайдаланушыны сәлем беріп, қарсы алу қарастырылсын:
def greet_users(names):
for name in names:
msg =f"Salem, {name.title()}!"
print (msg)
usernames = ['macmut', 'batr', 'erasyl']
greet_users(usernames)
Тапсырма: осы фрагменттің орындалуын тексеріп, түсініктеме беріңіз.
70. Функциядағы тізімді өзгерту. Егер функциядағы тізімге өзгеріс енгізілсе, онда ол функцияның кодын өзгертіп, денесіне бекітіледі. Бұл жұмыс істеуге ыңғайлы жағдай жасайды. Келесі есеп қарастырылсын: студент үйге берілген үш пән бойынша тапсырмаларды орындап, принтерге басып, дайындауы керек болсын. Орындалған тапсырмалар тізімде сақталынсын. Әрбір тапсырма принтерге басылғаннан кейін жаңа тізімге енгізілсін. Бұл есепті шешу үшін екі түрлі функция құрастыру керек болады: бірінші функция принтерге басуды сипаттаса, ал екіншісі – басылған тапсырма туралы мәліметті шығарады:
def print_tasks(unprinted_designs, completed_tasks):
while unprinted_designs:
current_design = unprinted_designs.pop()
print(f"Printing task: {current_design}")
completed_tasks.append(current_design)
def show_completed_tasks(completed_tasks):
print("\n The following tasks have been printed:")
for completed_task in completed_tasks:
print(completed_task)
unprinted_designs=['matematika', 'fizika', 'programming']
completed_tasks = [ ]
print_tasks(unprinted_designs, completed_tasks)
show_completed_tasks(completed_tasks)
Тапсырма: программаның орындалуының нәтижесін көрсетіңіз және қысқаша түсініктеме беріңіз.
80. Интегралды есептеуді функция ретінде құрастырып, мәнін есептеу қарастырылсын. Жалпы түрдегі анықталған интегралды

есептеу үшін белгілі тіктөртбұрыштар әдісін қолдануға болады; мұнда есептеудің жуық формуласы келесі түрде жазылатыны белгілі:

мұндағы аргументтің өзгеру қадамы, n - интеграл аралығын бөлу саны, , бөлу нүктелері, ) - бөлу нүктелеріндегі функцияның мәндері.
Берілгені келесі интеграл болсын:

Оны есептеу үшін келесі программа қолданылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет