Ғумарбек даукеев атындағы алматы


СӨЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА АМАЛДАР ҚОЛДАНУ



бет13/20
Дата22.11.2023
өлшемі199.61 Kb.
#484021
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
ABNMethod2023

СӨЗДІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА АМАЛДАР ҚОЛДАНУ


Жұмыстың мақсаты: Деректер құрылымының бір түрі – сөздіктерге қолданылатын амалдармен танысу және олар үшін программалар құрастыруға машықтану.


Әдістемелік нұсқаулар мен жаттығулар. Бір-бірімен байланыстағы ақпараттарды біріктіруге арналған деректер құрылымының бірі – сөздіктер болып табылады. Сөздіктің құрамында біріктірілетін ақпараттар өте көп болуы мүмкін. Ондағы ақпаратты алу және өгерту, сөздікті тізім түрінде бейнелеу, сөздікке енгізілген басқа сөздіктерді пайдалану программа құрастыруда жеңілдіктерге келтіретін мүмкіншіліктері бар. Сөздікке қолданылатын амалдарды орындау арқылы әртүрлі объектілерді модельдеуге болады.
Python тіліндегі сөздік «кілт-мән» деген сөздердің жұбынан тұрады. Әрбір кілт белгілі бір мәнмен байланыста болады, ал программа осы мәнді кілт арқылы алады. Мән ретінде сан, жол, тізім және сөздік болуы мүмкін. Жалпы кез келген объект Python тіліндегі программада сөздіктің мәні болады.
Python тілінде сөздік фигура жақшалармен қоршалады; оның ішіне «кілт-мән» жұптарынан тұратын тізбек жазылады. Мысалы:
oiyn_0 = {“color”: ‘green’, “numbers”: 7}
Кілтпен байланыстағы мәнді алу үшін сөздіктің аты мен квадрат жақшалармен қоршалған кілт көрсетілуі тиіс болады. Кілт пен мән ортасына қос нүкте қойылған, ал әрбір жұп үтірмен бөлінген. Сөздіктегі жұптардың саны өте көп болуы мүмкін. Егер қарапайым сөздік қарастырылса, онда тек бір ғана жұп болады: oiyn_0 = {“color”: ‘green’}
Сөздік деректердің динамикалық құрылымына жатады; оған кез келген уақытта жаңа «кілт-мән» жұптарын қосуға болады. Ол үшін сөздік аты мен квадрат жақшалардың ішіне жаңа жұп жазылады.
Алғашқы жаттығулар. Келесі фрагменттерді компьютерде орындап, алынған нәтижелерін талдаңыз.
10. Жоғарыда келтірілген сөздікке координаталар туралы деректер енгізілу керек болсын:
oiyn_0={"color": 'green', "position": 7}
print(oiyn_0)
oiyn_0["x_position"]=0
oiyn_0["y_position"]=25
print(oiyn_0)
Осы фрагменттің орындалу нәтижесін көрсетіңіз.
20. Бос сөздік құрастыру. Кейде бос сөздік құрастырып, содан кейін жаңа элементтер қосу қажет болады. Мысалы:
oiyn_0={}
print(oiyn_0)
oiyn_0["color"]='blue'
oiyn_0["numbers"]=10
print(oiyn_0)
Осы фрагменттің орындалу нәтижесі қандай болады?
30. Сөздіктегі мәнді өзгерту. Ол үшін сөздік атын және квадрат жақшалар ішіндегі кілтті көрсетіп, сонымен байланыста болатын мәнді енгізу керек. Мысалы:
oiyn_0={"color": 'green'}
print(f"The oiyn is {oiyn_0['color']}.")
oiyn_0["color"]='blue'
print(f"The oiyn is new {oiyn_0['color']}.")
Осы фрагменттің нәтижесін көрсетіңіз.
40. Сөздіктен «кілт-мән» жұбын алып тастау. Ақпарат қажет болмаған жағдайда кейбір «кілт-мән» жұбын алып саиау керек болады. Ол del командасының көмегімен орындалады. Мысалы:
oiyn_0={"color": 'green', "numbers": 10}
print (oiyn_0)
del oiyn_0["numbers"]көрсетіңіз.
print(oiyn_0)
Фрагменттің орындалу нәтижесі қандай болады?
Ескерту: Сөздіктен алынып тасталынған «кілт-мән» жұбты қайтаруға болмайды.
50. Бір типтегі объектілер орналасқан сөздік туралы. Сөздікте бір түрдегі объектілер туралы ақпаратты сақтауға болады. Мысалы, әрбір студенттің жақсы көретін алгоритмдік тілі болуы мүмкін. Осындай ақпаратты бір сөздікте сақтау қарастырылсын:
students_lanquaqes={
"machmut": 'pascal',
"batyr": 'python',
"erasyl": 'fortran',
"gauhar": 'ada',
}
lanquaqe = students_lanquaqes["batyr"].title()
print(f"batyr faforite lanquaqe is {lanquaqe}.")
Программаны компьютерде орындап, нәтижесін көрсетіңіз.
60. Мәндерге get() әдісін пайдалану. Сөздіктер үшін get() әдісін пайдаланып, мәнді алуға болатын мүмкіншілік бар. Алдымен келесі фрагмент қарастырылсын:
oiyn_0={"color": 'green', "numbers":7}
print(oiyn_0['points'])
Осы фрагменттің нәтижесін алғаннан кейін, get() әдісін пайдаланып көріңіз:
oiyn_0={"color": 'green', "numbers":7}
number = oiyn_0.get('numbers', 'No number assigned.')
print(number)
Басқа жағдай қарастырылсын:
oiyn_0={"color": 'green', "numbers":7}
point = oiyn_0.get('point', 'No point assigned.')
print(point)
70. Сөздіктің құрамын қарап шығу. Сөздіктің құрамындағы ақпарат өте көп болатыны туралы айтылған болатын. Кейде олардың құрамын қарап шығу қажет болады. Қарап шығудың бірнеше түрлері болады:
- барлық «кілт-мән» жұптарын қарап шығу;
- барлық кілттерді қарап шығу;
- кілттерді берілген тәртіп бойынша қарап шығу;
- барлық мәндерді қарап шығу.
Төменде келтірілген төрт түрлі жағдайдың программаларын компьютерде орындап, нәтижелеріне талдау жасаңыз.
7.1 Мысал қарастырылсын; мұнда items() әдісі «кілт-мән» жұбын қайтаруды қамтамасыз етеді:
user_0= {
'username': 'aman',
'first': 'murat',
'last': 'saken',
}
for key, value in user_0.items():
print(f"\nKey: {key}")
print (f"value: {value}")
7.2 Келесі мысалда keys() әдісі қолданылады:
students_lanquaqes={
"machmut": 'pascal',
"batyr": 'python',
"erasyl": 'fortran',
"gauhar": 'ada',
}
for name in students_lanquaqes.keys():
print(name.title())
7.3 Сөздіктегі кілттерді белгілі тәртіп бойынша шығару үшін for және sorted() қолданылады.
students_lanquaqes={
"machmut": 'pascal',
"batyr": 'python',
"erasyl": 'fortran',
"gauhar": 'ada',
}
for name in sorted (students_lanquaqes.keys()):
print(name.title())
7.4 Cөздіктегі мәндерді шығару үшін values() әдісі қолданылады:
students_lanquaqes={
"machmut": 'pascal',
"batyr": 'python',
"erasyl": 'fortran',
"gauhar": 'ada',
}
for lanquaqe in sorted (students_lanquaqes.values()):
print(lanquaqe.title())




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет