Ғумарбек даукеев атындағы алматы


Өзбетімен орындауға арналған тапсырмалар



бет17/20
Дата22.11.2023
өлшемі199.61 Kb.
#484021
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
ABNMethod2023

Өзбетімен орындауға арналған тапсырмалар:
№ 1. Вектордың модулін табатын программа құрастырыңыз.
№ 2. Берілген екі вектор арасындағы бұрышты табуға арналған программа құрастырыңыз.
№ 3. Берілген массивтің оң элементтерінің ең үлкен мәні мен теріс элементтерінің ең кіші мәнін тауып, экранға шығару керек.
№ 4. Берілген массивтің оң және теріс элементтерінің сандарын және олардың әрқайсысының қосындыларын табу керек.

Зертханалық жұмыс № 7.


ПРОГРАММАЛАУДА ФУНКЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ


Жұмыстың мақсаты. Программалауда стандартты функцияларды пайдалану және жаңа функция құрастыру мен пайдалану әдістерін игеру.
Әдістемелік нұсқаулар. Программа құрастыру кезінде белгілі бір нақты есепті шешуге арналған кодтардың ат берілген блогын функция ретінде пайдалану программашының жұмысын жеңілдетеді. Ол есепті шешу үшін функция түрінде анықталған функция шақырылады. Егер ол есепті программаның орындалу барысында бірнеше рет орындау керек болса, онда оны қайтадан енгізудің қажеті болмайды. Программалауда функцияны пайдалану кодты оқуға, тестілеуге және жіберілген қателерді жөндеуге көмекші болады.
10. Функцияның анықтамасы. Python тіліндегі функция дегеніміз аргументтің мәнін қабылдап, өзінің есептелінген мәнін кейін қайтаратын объект. Функция анықталуы және оған ат берілуі тиіс, ол үшін def командасы қолданылады. Мысалы:
def sum (x, y):
return x+y
Мұндағы return функцияның есептелінген мәнін қайтаратын команда, ал x және y – функцияның аргументтері. Функцияның құрамына кіретін жолдар сол жағынан шегерілген болады. Ол жолдар функцияның денесі деп саналады. Құрастырылған функцияны пайдалану үшін оны шақыруға болады; ол үшін функцияның аты көрсетіліп, аргументтерінің нақты мәндері берілуі тиіс.
20. Функцияның аргументтері туралы. Функцияның аргументі дегеніміз оның орындауына қажетті шартты деректер түріндегі параметр. Аргументтің мәні функция шақырылғанда берілуге тиісті ақпарат. Функцияның аргументі жақшаның ішіне орналастырылады. Функцияның аргументтерінің саны бірнеше болуы мүмкін; сондықтан функцияны шақырғанда оған бірнеше параметрлер енгізу қажет болады.
Функцияны пайдаланғанда енгізілетін аргументтер ретінде позициялық және ат берілген аргументтермен қатар, мәндердің тізімдері мен сөздіктер де болуы мүмкін. Сонымен қатар, олардың жиындары да болуы мүмкін.
Функцияға аргументтерді берудің бірнеше әдістері қолданылады. Олардың кейбіреулері осында қарастырылсын:
- позициялық аргументтер параметрлердің жазылу тәртібі бойынша енгізіледі;
- ат берілген аргументтердің аттары мен мәндері көрсетіледі;
- мәндердің тізімдері;
- сөздіктердің мәндері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет