БІР ӨЛШЕМДІ МАССИВТЕРГЕ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ
Жұмыстың мақсаты. Практикалық есептерде жиі кездесетін деректер құрылымына бір өлшемді массивтер жататыны белгілі; оларға қолданылатын амалдардың алгоритмдері мен программаларын құрастыруды игеру программашы үшін аса маңызды.
Массив туралы кейбір түсініктер. Әртүрлі эксперименттің немесе статистиканың нәтижесінде табылған зерттелінетін параметрлердің мәндері белгілі бір массивтер ретінде қарастырылады. Оларды талдау үшін және іс жүзінде пайдалану үшін оларға әртүрлі амалдар қолданылады. Осыған байланысты кездесетін амалдардың кейбіреулерінің алгоритмдері мен программалары осы жұмыста қарастырылады.
Массивтерге (векторларға) амалдар қолдану, оларды пайдалану туралы мәліметтер математика пәнінде және осы пәннің алдыңғы сабақтарында қарастырылған. Оларға байланысты кейбір есептерді шешуде Python тілінде кейбір жеңілдіктерді пайдаланудың мүмкіндіктері де бар . Мысалы, тізімнің элементтерінің қосындысын, ең кіші әрі ең үлкен элементін табу, тізімдегі элементтерді реттеу сияқты есептер Python тілінде өте оңай шешіледі. Программалар құрастыруға машықтану мақсатымен кейбір есептерді басқа жолдармен шешіп көру дұрыс және пайдалы деп саналады.
Әдістемелік нұсқаулар мен жаттығулар. Массивтерді пайдалануға байланысты амалдардың орындалу тәртіптерін түсіну үшін әрі олар туралы мәліметтерді алу үшін келесі жаттығуларды орындау керек.
10. Массив элементтерінің қосындысын табу. Берілгені келесі массив болсын: Бұл элементтердің қосындысын табу үшін келесі амалдар орындалуы тиіс:
1. Массив элементтерін компьютер жадына енгізу.
2. Алғашқы қадам
3. кезектегі элементті қосу.
4. келесі элементті шақыру.
5. соңғы элемент үшін амалдың орындалуын тексеру.
6. Қосындының мәнін s экранға шығару.
Бұл есептің программасын келесі түрде жазуға болады:
a_array=[3,5,2,8]
for i in range(len(a_array)):
print(a_array[i])
s=0
for i in range(len(a_array)):
s=s+a_array[i]
print("s=",s)
20. Массивтің әрбір элементін жеке жадқа енгізіп, олардың қосындыларын табудың программасы келесі түрде жазылады:
n, i, s = 5, 1, 0
while i<=n:
a=input ("Введите значение элемента массива:")
a=int(a)
s=s+a
print("s=",s)
i+=1
Фрагменттің орындалу нәтижесіне талдау жасаңыз.
30. Берілген функцияның формуласы бойынша аргументтің мәндері үшін массив құрастырып, оның элементтернің қосындысы мен орташа мәнін экранға шығару керек.
Программаның мәтіні:
massiv1.py
mport math
n=10
i=1
h=0.3
s=0
while i<=n:
x=h*i
a=math.sin(x)**2
s=s+a
print("i=",i, ' '"a=","%0.4f"%(a))
i+=1
asr=s/10
print("сумма s=","%0.4f" %(s), "среднее asr=", "%0.4f" %(asr))
Тапсырма: осы программаның орындалуының нәтижесін талдаңыз.
40. Екі вектордың скалярлық көбейтіндісін табу. Математика пәнінен белгілі, вектордың компоненттерін бір өлшемді массив ретінде қарастыруға болады. Берілгені екі вектор болсын делік:
, .
Сонымен қатар, екі вектордың скалярлық көбейтіндісі келесі қосынды түрінде анықталады:
Бұл есептің программасының мәтіні:
Достарыңызбен бөлісу: |