Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы.
Төле би
Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.
Кедейге кепесінің төбесіне шығып тұруы да үлкен мақтаныш.
Ғабит Мүсірепов
Адамдар кедейліктен және белгісіздіктен қорқады; егерде екеуінен де құтыла алмасаңыз, намысты жоғалтпай, оларды қабылдаған жөн.
Конфуций
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі содан шығады. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.
Абай Құнанбаев
Азғантай дүниесі бар адам кедей емес, көп дүние қалайтын адам кедей
Сенека Луций Анней
Кедейдің еңбегі — байдың кені.
Джон Беллерс
Көз
Біз өз көзімізге сенеміз – бірақ оларға сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз – бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, шәкірттерім: ақиқатында адамды тану оңай емес!
Достарыңмен қатынаста тек олардың қолынан келетін іс істеуге кеңес бер, оларды жақсылыққа жетеле, әдептілікті бұзба, бірақ нәтижеге жетуге үміт жоқ жерде әрекет жасама. Өзіңді кемсітілген жағдайға жеткізбе.
Конфуций Көкірек
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ...
Абай Құнанбаев
Көкірегі кең, өз ісіне сенімді кішкене дененің әлем тарихын өзгертуге қауқары жетеді.
Оқып шыққаннан кейін оны өзім де жаза аламын деген ойға салатын кітаптар ең жақсылары болып табылады.
Блез Паскаль
Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей
Лев Николаевич Толстой
Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.
Ыбырай Алтынсарин
Барлық тамаша кітап бір-біріне ұқсас келеді, себебі олар өмірден шынайы.
Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар.
Жан-Жак Руссо
Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Классика
Классикаға дұрыстап мойын бұра алмай жүргендердiң қадірі қашуы мүмкiн. Ал классиканың қадiрi ешуақытта қашпайды. Өйткенi, ол – классика. Классика деген – мәңгiлiк тағдыр тапқан, мәңгiлiк тарих тапқан рухани дүние.
Әшірбек Төребайұлы Сығай Көңіл
Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды.
Шәкерім Құдайбердіұлы
Ақ көңілі сәбидей, сенгіш келер ұлы адам
Махмұд Қашқари
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.