Г. А. Ерғалиева Ә. М. Мұханбетжанова



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#123898
1   2   3   4   5

Әр тарихи кезеңнің өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптасып, оның өзегіне адам өмірінің мән-мазмұны, дүниеге деген көзқарасы алынатыны белгілі. Қазіргі кезеңдегі тәрбиенің басты мақсаты – жастардың тұлғалық қасиеттерін адамгершілік бағытта дамыту. Адамгершілік жалпы алғанда дүниетаным принципі десек, адам мүмкіншілігінің шексіз екендігін мойындау, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын және абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету- қоғамның түпкілікті мақсатына айналып отыр.


Студент тұлғасының өзін өзі тануының рухани адамгершілік-рухани құндылық бағдарының әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялар; отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік – психологиялық қырларын қарастырудың маңызы артып келеді. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, адамгершілік-рухани-қуатын қалыптастыруға назар аударылуда.

Философ, ойшыл Сократ: …бірінші кезекте адам рухы, табиғат, білімділік – дей келе, өз еңбегінде адамның рухани құндылығына ерекше мән бере отырып, “мейірімділік пен зұлымдылық жолында дұрыс таңдау жасау және әлеуметтік ортада өзінің орныңды табу мен өзіңді айқындау, өзіңді-өзің тани білгенде ғана орындалатын айқын нәрсе” [118] – адамгершілік-рухани құндылық бағдарының қалыптасуында адамның өзін-өзі тануының ролі атап көрсетілген. Аристотель: “Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады”-деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстайтындығын сипаттайды [119].

Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: “Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес”, -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамды алады. “Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, … “бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі”. Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән берген. Әл-Фараби Музыканы, тіл білімін және логиканы зерделей отырып, рухани құндылық бағдарының көзін ашып берді [120].

Бүгінгі күні Ш.Уалихановтың, Ы. Алтынсаринның, А. Құнанбаевтың моральдық-имани көзқарастарын Қазақстан жастарын тәрбиелеу теориясының негізі және теоретикалық - әдістемелік бастауы болып табылады деп толық мағанасында айтуға болады.

Жаңа дәуірдің, халықтың ұлттық сана сезімнің ояну дәуірінің жаршысы өзінің бүкіл қоғамдық – саяси әрі ағартушылық қызметі қараңғылық пен надандыққа, діни мұсылмандық фанатизмге қарсы қажырлы күреске өзек болған Ш. Уалихановтың моральдық идеяларының негізі – қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күресте, патша шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған әрі “жабайы” адамгершілік құндылықтарына:


  • “намыс”,

  • “әділдік”,

- “парыз” т.с. түсініктерді өздерінің саяси мақсаттарына жетуде пайдалана отырып мәнін ашып берді.

Ағартушы-демократ, қоғамдық қайраткер әрі ойшыл, реалист-ақын, ғылым және озық жаңашыл педагог Ы.Алтынсарин, білім берудің толып жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің рухани-имандылық негіздерін жасап, өз еңбектерінде мектеп пен отбасы тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді.

Шоқан сияқты Абай да арнайы педагогикалық еңбектер қалдырған жоқ, бірақ оның көркем шығармалары мен ағартушылық қызметінде жастарды рухани-имандылыққа тәрбиелеудің жалпыадамзаттық негіздерінің идеалдары, құныдылық бағдары және ұстанымдары көрінеді.

Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының ара қатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан-жақты әлеуметтік қарым – қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді-деп тұлғаның адамгершілік рухани қасиетінің дамуы, өзіне ғана қатыстылығын…“Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі кінәлі” десе, өзінің отыз жетінші сөзінде: “Мен заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды” деген кісінің тілін кесер едім немесе “Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. [16].” Абай Құнанбаевтың бұл сөзінен жақсы өмірдің бейнесін көруге болдаы. Адамның адамға қажеттілігі оның бақытының кепілдігі іспеттес. Тағы бір сөзінде Абай ”мінезге бай” болу керектігіне тоқталады. Шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін терең түсініп, өзара түсіністік қалыптасқанда ғана адамдар өз бойларындағы қалыптасқан құндылықтар мен асыл қасиеттерді көрсете алатындығын айтып жеткізіп кеткен.

Олай болса бүгінгі күні тарихтың әрбір тасын қалайтын келешек ұрпағымыздың жаман қасеиттерден ада болып, бойында адамгершілік, үзгіліктің нұры қалыптасуы үшін алдымен тек қана өз бойындағы қадір қасиеттерімен жаман қылықтарын аңғарып, солардан аулақ болудың жолын қарастыру қажет.

Бұл зерттеуіміздің де өзектілігі сонда, өзін білу, өз қасиетін тауып алу жас студенттің өзін-өзі бақылауы, өзіне есеп бере отырып, ғасыр дертіне айналған кеселді заттар мен бойындағы келеңсіз қылықтардан арылып, өзін жаңаша тәрбиелеуге жол ашады. Бұл орайда, адамның дамуына негіз болатын тұлғаның өз бойындағы жеке басының ақылдылығы, мінезі, адамгершілік қасиеттеріне әсер ететіндігін…

Ақыл, қайрат жол табар,

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шақпат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеуі соңғысыз,

Біте қалса қазаққа

Алдың-жалын, артың - мұз

Барар едің қай жаққа?

Ақыл мен қайратқа ғана ие адамды әдетте “жарты адам” дейді. Өйткені ол “суық ақылдың” ғана өкілі. Бойына осы ақылға қоса әділет пен шапағат біткен адам ғана “толық адам”, яғни ол нұрлы ақылдың өкілі деп танылады. [121] яғни адамгершіліктің негізгі тұтқасы адамның өз бойындағы ерекшеліктері екендігін дәлелдеді.

Абай тағылымдарында:



Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетін игіліктер:

- сезім,

- сана,

- ой;


Тыныштық қуаты – жүректе,

келісім қуаты – қайратты, ерікті, иманды кісіде.

Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде;

Адамның ең биік қасиеті-Адам бола білу;



Биік құныдылығы:

жан, тән, рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік.

бостандық;

бірігу идеясы;

азаттық;

даналық;/ақыл, өнер,бедел/;



таза өмірдің бастауы - адамгершілік қасиеттеріне: адамшылық, адалдық, әділеттілік, білімділік, еңбеккерлік, терең ой, кісілік, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сертке беріктік, татулық, тәуекелшілдік, имандылық т.б

Ал жаман қасиеттерге: арамдық, азғындық, арызқойлық, сараңдық, сайқалдық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, еріншектік, жалақорлық, залымдық, жылпостық, қанағатсыздық, жиіркенішті мінез-құлық қасиеттерін бөліп көрсетеді.

Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығы әрбір адамның санасына, тәрбиесіне пайдаланса, болашақ жастарымыздың ақыл-парасаттылығы мен ой тазалағы мүдделеріне сай келетініне көз жеткізуге болады.

Одан кейінгі ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдері Ш Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, С. Қалиев, Ш. Майғаранова т.б. өздерінің педагогикалық шығармаларында адамгершілік, парасаттылық идеяларын кеңінен уағыздап, мәдени, рухани-адамгершілік туралы көптеген мәдени деректер қалдырған. [17,19,119,122,123]. Мәселен Ш. Құдайбердиевтің “Үш анық” шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, ақыл мен мінез үйлесімділігін қалыптастыру сияқты парасаттылыққа шақырады. Шәкәрім рух пен нәпсі, ақыл мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани ілімді талдап берді. Адам өміріндегі мақсатты - өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны /жақсы ой мен жаман ойды/ ажыратып, тура жолын, өмірдегі өз орнын таба білу, рухын өсіріп, нәпсісін тиып тәрбиелеу Шәкәрімнің басты қағидасы болды. Яғни, адамның кез-келген іс-әрекеті ол жаны мен тәнінің ықыласынан туындайды, адам парасатты болу үшін ол өзінің ішкі жаны мен тәнінің тылысымын түсіну қажет екендігін өз ойларында дәлелдейді. Бұдан біздер, тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі биік адамгершілік тұрғыда көтерілгенде ғана соны тұлға өзін-өзі танып, өз бойынан көре білгенде ғана , іс-әрекет түрінде жүзеге асыра алады –деп ұғынуға болады.

Ал, рухани сананың мақсаты-өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі адамгершілік тұғырлары шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну; ерік арқылы мейірімділікке, рахымдылыққа ұмтылу.

Біздің зерттеуімізге негіз болып отырған рухани-адамгершілік құндылықтардың барлығын саралап жату мүмкін емес. Сондықтан біздер оның ең бастыларын студенттердің бойында өзіндік ішкі рухы “Мені” арқылы игертуге тырыстық. Сонымен бірге адамгершілік рухани аясы кең ұғымды қамтиды, ғұламалардың зерттеулерін зерделей отырып негізгі адамгершілік сапалары мен қадір-қасиеттерін саралап алуды жөн көрдік.

Адамгершілік сапалары:



  • адалдық;

  • махаббат;

  • сүйіспеншілік;

  • парасаттылық;

  • ізгілік;

  • моральдық сана сезім.

Адамгершілік тәрбие беруде жеке тұлғаның әлдебір әрекетке баруына түрткі болатын сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық қалыптасады. Олар өз кезегінде түрлі іс-әрекеттер арқылы көрніс тауып, тұлғаның өз қызметінде тікелей басшылыққа алынып отырады. Мұндай іс-әрекеттер мен себептер әрбір тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапасын ашып көрсетіп отырады.

Адамгершілік моральдық қадір – қасиеттеріне:



Қоғамға:

  • идеялық;

  • ұжымдық;

  • интернациональдық;

  • отаншылдық;

еңбекке оның нәтижелеріне:

  • еңбекқорлық;

  • тәртіптілік;

  • ұқыптылық;

өзіне және өзге де адамдарға:

  • қайрымдылық

  • мейірімділік;

  • принциптік;

  • табандылық;

Әрине, адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген категориялар – жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс, т.б. сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани - адамгершілік дүниесінің негізгі нысандары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.

“Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайлы қарайтын кейбір қоғам мүшелері, басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстағанымен шын мәнінде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы деп көрсетеді профессор С.Қалиев [123].

Осы тұрғыдан Ш.Құдайбердінің “Үш анық” атты философиялық еңбегінің тұлғаны рухани қалыптастыру мәселесіндегі маңызы ерекше екеніне тоқталуға болады. Ш.Құдайбердіұлы. Үш анық. Алматы: Қазақстан, 1991. [55].

Ол өзінің ұзақ жылдар бойы ізденіп, зерделенген ой түйінінде: философиялық танымның екі бағыты терең зерделенеді. Материализм жолындағы таным-бірінші анық, дін жолындағы идеалистік таным-екінші анық деп ара жігі ажыратылады. Ол өзінің көрегендігімен тек логикалық ойлау жүйесі арқылы дүниені тану мүмкін емес екендігін атап өтеді. Ол … адам жанының көрінісі ынсап, әділет, мейірім –үшеуі қосылып ар-ұждан деген ұғым беретінін, ол ар ілімінің негізі болатынын, оның үшінші анық екенін қисынды түрде тұжырымдады. Тән мен жанның үйлесімділігін, жанның саналы толысуын түсініп, ар-ұжданның өмірге таяныш екенін сезген адам ғана жүрегіндегі таза кіршіксіз махаббаты арқылы жаратушыны танып, өмірдің мәнін, өзінің өмірге не үшін келгенін саналы түрде ұғынып, жарқын болашаққа жететіндігінің ақиқаттылығына көзін жеткізді. Ш.Құдайбердіұлының еңбектеріндегі “жан, рух” жайындағы тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орынын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау т.б. ой жетегінен адамгершілік рухани қадір қасиеттердің біртұтастығын және оның қалыптасуы жан мен рухтың, тәннің үйлесімділігінен туындайтынын ұғынуға болады.

Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.

Студенттерді өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани құндылық баағдарын қалыптастыру өзінің жаңа мазмұнына сай ерекшеленеді, ол бұрынғы тәрбие іс-әрекетінің тәрбие, оқыту және білім беру түсігіне қосымша «өзін-өзі тану арқылы тәрбиелеу» «өзара қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу», түсініктерін енгізілуін көздейді.

Адамгершілік-рухани құндылық бағдар тәрбиесіндегі басты нысана студент тұлғасын құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем , ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлеммен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт.

Соңғы жылдарда педагогикада адамның өзін-өзі дамыту идеясына ерекше көңіл бөлінуде. Өзін-өзі дамыту тұлғаны өзгеден дараландыратын басты ерекшелік. Дүниені өзінше түсіну, сезіну адамдарды өзгелерден ерекшелендіреді. Осыдан туындайтын тәрбиенің мақсаты – студент өзінің даралық сипатын дамытып, бойындағы ерекшелігін өзгеге көрсетуі және оны басқаға үйрете білуі керек. Студенттерді өз бойындағы өз даралығына сенуге баулу, олардың қайталанбас даралық сипатына құрмет білдіру, осы қасиеттерді студенттің санасында орнықтыруы оқытушының бірден-бір мақсаты болуы тиіс. Сонда ғана оқытушы өз міндетін біршама орындап шығады. Студент өзінің даралық сипатын түсінуі арқылы өзін-өзі танып білуге, өзін-өзі дамытуға, шығармашылыққа, жағымды қарым-қатынас орнатуға жол ашады. Болашақ ұстаздар әрдайым өз қабілеті, жетістігі туралы ойлауы тиіс. Сонымен, жастарды адамгершілік-рунаи құндылық бағдарын қалыптастыру арқылы біз өз мәдениетімізді саралап, бағалаймыз. Жоғары мектеп қабырғасында курстар арасында “Діндер тарихы” немесе “Дін және мәдениет” атты арнайы семинарлар өткізуді ұсынып, студенттерді танымдық және тәрбиелік жағынан жетілдіруді іске асыруға болады. Ол үшін әрине, жоғарыда ұсынылған ой-түйіндерді іске асыратын, студенттердің адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыратын, адамгершілік, парасаттылық ой толғаныстарын қуаттайтын, жеткіншекті өмір жолында кездесетін түрлі жағдайды шешуге бағытталған, өзара қарым-қатынас құра білетін, ішкі сезімін дамытатын, өз іс - әрекетіне сындарлы көзқарасын жетілдіретін әдіснама қажет деп ойлаймыз.

Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап, өмірде болып жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайды қарамайтын шын мәнінде өмірдегі өзін қоршаған адамдарға жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарау сезімін бойына сіңіру үлкен абыройлы іс.

Ал, адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан: …“Әр адамның өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанын сүюі, оларға жақсылық тілеуі, өз елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеуі, пайда келтіруі, зиян келтірмей, басқаларға да зиян жасамауы – бұл ең басты міндеті болуы тиіс”[19]- деген ой тұжырымдарынан өзін-өзі сүй дегенде, өзінің іс-әрекеті мен ішкі сезіміне үңілу, өзін-өзі тану сол арқылы адамгершілік рухани құндылық бағдарын игертуге шақырады. Егер болашақ ұрпақ тәрбиесінің қамын ойласақ, бұдан бірнеше ғасыр бойы ұрпақ тәрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы ғұламалардың, парасатылыққа, адамгершілікке, тәрбиеленген озық үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс.

Жалпы, рухани жан көрністерін бақылау арқылы адамның ішкі дүниесіне көз жіберу немесе тексеру арқылы адамды тану біздің халқымызда өте жоғары деңгейде қалыптасқан. Мәселен, көру құралы – көз туралы мынандай тіркестер бар:”үлкендеу келген қоңырқай саналы көздер”, “нұрлы көз”, “ойлы, оты бар жанған көздер”, “ұялы қара көз”. Бұлар ойлылық, ақыл мен парасат, ізгілік пен ізеттілік, көңіл күйініші мен сүйенішін білдіреді, яғни жақсы адамгершілік көрністер белгісі. Ал енді “суық”, “жалтыраған”, “сығыр, “түссіз”, “жасқаншақ”, “қомағай”, “өлі қозғалыссыз” көздер ыза, ашу, нұрсыздық, ойсыздық тәрізді адам жанының ішкі көрнісін айқындайды. Сондықтан болар, ата-бабамыз: “Көреген болса балаңыз, күйіңді көзден болжайды” деген. Адамның тәрбиелігі – оның таза, ұқыпты жүруді түсінгендігімен ғана емес, осы қасиеттердің ол үшін табиғи қажетке айналғандығымен өлшенеді – деді халық даналары. Ол үшін әрбір тұлға өзінің осы қасиеттерін терең түсінуі қажет.

Халықтық дәстүрлерімізде сөздің қадір-қасиеті мен құннын белгендерге қарата айтылған “Қара қылды қақ жарған” деген ой түйіні кездеседі. Сондықтан жан тебірентер аталы сөздердің қадірін қазіргі жастардың жанына сіңіру адамгершілік-рухани тәрбиенің оңтайлы болуына өз әсерін тигізеді. Мәселен, Жүсіп Баласұғын әділдік туралы жырлары әділдіктің мән-жайын, оның құт құрығы екіндігін көрсетсе, Жүсіп Баласұғынның “Адамшылыққа-адамшылық, қайырымға – қайрым ету туралы” айтқан жыр жолдарында: қайырым ет, қайырым қылған жандарға… немесе, Адамшылық - адамға тән қазына… - [10]-деп ой түйеді. Осындай ақыл-ой, жүрек, ұждан тазалығын мұрат тұтқан данышпандар халық бас қосқан жиындарда баталы сөз айтып, халықтың ниетін ізгілікке бағыттап отырған. Осындай халық даналарының аузынан шыққан ойларын қауым болып қабыл алуы, ниеттестік деңгейде ізгілікке ұюы – рухани саулықтың кепілі немесе нәзік қуаттық деңгейде көпшіліктің ойын жақсылыққа адамгершілік рухқа бұру болып табылған. Ал қазақ халқының ел бірлігі мен билігін жырлаған ғұламалар ой түйіндерінен жастардың сана-сезімінің тазалығын, рухани байлығы мен сұлулығын тәрбиелеуге негіз бола алатын аталы сөздерге зер салсақ: Абыз ата мен Қазыбек бидің сөздеріне назар аударарлық. [125]Абыз ата: ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің… деп жастарды ата-ана қаідірін түсінуге, оны құрметтеуге шақырып отырған. Ал қазақтың ұлы билері мен шешендік қазыналарынан жастарды жаман қасиеттерден аулақ болуға, адалдыққа, парасаттылыққа, ізгілікке, қайырымдылыққа бағыттап отырған. Мәселен, Қаз дауысты Қазбек би: өркенім өссін десең - кекшіл болма… жанашыры жоқ жарлыға - жәрдемші бол асыға; елім өссін десең-өршіл болма, кесепатың тиер еліңе [126]-бұл ой тұжырымдарының ұрпақ дүниетанымын дамыту үшін құнды еңбек екені күмәнсіз. Ғұламалардың ғибараттары бүгінгі жастар арасында кеңінен етек алып бара жатқан келеңсіз құбылыстарды тоқтату тұлғаны рухани дамыту мәселесіне арналғандай сезіледі.

Тәуелсіз Республикамыздың болашақ азаматтарын тәрбиелеуде ой-санасы, көкірек көзі ашық, рухани жетілген тұлғалардың осы бағытта атқаратын міндеттері орасан зор. Рухани жетілген тұлғалардың айналасында ізгі ниетпен мақсатты көздеген адамдардың топтасуы, көпшіліктің сана-сезіміне, іс-әрекетіне ізгі әсер етеді. Сондықтан да жастарды дүниені ғылыми, философиялық, діни бірлікте тануға, ол үшін өзін-өзі жетілдіре білуге баулу қажет.

XX ғасырдың басындағы ағартушылар Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров, М. Қашимов және қазақтың алғашқы педагог-ғалымдары Ж. Аймауытов, Ж. Жұмабаевтар мәдениеттің қалыптасып, дамуына, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің мақсаты мен міндетін, әдісі мен құралын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосты.

Ойшыл –ақын Ш. Құдайбердиев “Этика”, “Әдептілік”- атты өз еңбектерінде моральдық идеалдар туралы толғанады, мейрім, махаббат, жауапкершілік, бекзаттық, кісілік, т.б. қасиеттерінің жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылығының маңызын дәлелдейді. Осыдан келіп адамгершілік-рухани дамыған тұлға –адамзат санасынан туындаған дүниелік құндылық бағдарын бойына жинақтайтын, сол арқылы дүниеге тұлғалық мәндегі объект ретінде қарайды. Олай болса, өмірге осындай дүниелік қатынастан, өмірге қанағаттанбаудан тұлға ізденіке түсіп, өзін-өзі дамытады. Өмірдегі қанағаттанбаушылық тұлғаның адамгершілік-рухани қалыптасуының белгісін көрсетеді. Адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастырудың маңызды педагогикалық міндеттері- студенттердің белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адам нормаларынан аутқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

Осыдан келіп, руханилық дегеніміз адамның өзіне және айналасына деген қарым – қатынасында байқалатын жоғарғы талаптар мен ықыластың ісіндегі себептер мен әрекетіндегі ынтаның жүйесі ғана деп айтуымызға болады.

Жоғары білім беру – бұл қоғам мүшелерінің, жеткіншек ұрпақтың адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.

С.А. Назарбаева өз сұқбатында “…Білім беру – бұл ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты-өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен оның интеллектін байыту. …Өзін-өзі тану бағдарламасының міндеті-тұлғаға өзін-өзі тануға өзін және әлеуметтік ортасын түсінуге және өмірдегі өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделуге көмектеседі… ”[203].

Олай болса, студенттерге жан-жақты сапалы білім беру, жалпы жоғары білім беру желісін жетілдіру – оны барынша ізгілендіруді, жас жеткіншек ұрпаққа адамгершілік тұрғыдан тәрбие беруді жаңартуды талап етеді. Біздің жас мемлекетіміз қоғамымыздың зиялылық әлеуетін сақтап қана қоймай, оны жаңа нарықтық қатынастар шеңберінде жаңалап түлетуге, жоғары білім даярлық аясында кәсіптік шеберлігі жоғары, адамгершілік, имандылық, ар-ұят, отаншылдық сияқты қадір-қасиеттерді бойына сіңірген ұлттық интеллегенцияның, зиялы қауымның жаңа легін даярлауға мүдделі болып отыр.

Осы орайда өзіндік таным жобасының авторы С.А.Назарбаеваның [191]. “Қазіргі уақытта қоғамдағы балалар мен жас жеткеншектердің тұлғалық дамуында рухани -өнегелі тәрбиесі, гормониялық дамуын зерттеу аса қажет” – деп көрсетеді. Бұл орайда С.Назарбаева қазіргі жастар тәрбиесінде [192] этика, эстетика, рухани жан азығын өмірге деген көзқарасты өзгертіп, барлығына тек қана сүйіспеншілікпен, махаббатпен, ізгілікпен қарауға, өзінің ішкі жан дүниесін өзгерткенде, толықтырғанда ғана ол адамнан жоғары білікті азамат шығатынын “Путь к себе” еңбегінде көрсетіп кетеді. [193]. “Быть здоровым человеком значит привести в равновесие тело, разум дух, установить мир и спокойствие в самом себе. Найти путь к себе. Без духовной любви всякое обучение бесполезно”-деп, бұл тұрғыда ғалым, білім алуда оны сүйе білуге, талпынысқа шқырады. Қоғамды ізгілендіру- XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жетуіне байланысты болып отыр, әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру мақсатына жету құралы зиялықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс болып табылады. Өйткені, біздің ертеңгі күні осы қазіргі мәдениетті, бүгінгі білім, тәрбие берудің аясында өзіміз қалыптастырған қоғамға қадам басатындығымыз айқын.

Құндылықтар - тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар- идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады. Құндылықтар – құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді бағдарды білдіреді. Құндылықтар- сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекет бағдарын белгілейді.

Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, солай бола тұра, субъективті, өйткені ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылық бағдарды игереді де, іс-әрекет етеді.


Құндылықтардың жіктелуі

Кесте №4

Жалпы адамзаттық құндылықтар

Жоғары сапа деңгейіндегі құндылықтар

Рухани – адамгершілік имани құндылықтар

-адам өмірі, бостандық, отбасы, қарым-қатынас, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, тәуесіздік

-адам конвенциясы, демократия, азаматтық қоғам, өркениет, әлеуметтік мәдениет т.б.

-мәдениет, саясат, әдебиет, Отан, Ана, Жер, дін, діл, ар-ождан, парыз, ерік, жігер, күш, махаббат, қайырымдылық, мейірімділік,

Педагогикалық тұлғаның өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыру бір бірімен тығыз байланыстағы ішкі құрлым жағдайында өзара ықпалдаса, өзара дамыта алатын субъектілік қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылады, соған орай педагогикалық рухани-адамгершілік құндылықтарының негізгі заңдылықтарын тереңірек қарастырудың маңызы зор.

Рухани адамгершілік құндылықтары өте ерте заманнан бастап-ақ ғалымдардың зерттеу назарын аударған мәселе болып табылады. Себебі рухани – адамгершілік құндылықтар тәрбие мен оқытудағы негізгі идеалдар.

Рухани даму дегеніміз-өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрлымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру [119].

Тұлғалық өзін-өзі тануын адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыру үрдісін студенттің бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның өз деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені, бүгінгі жаңа қоғамда білім алушы студентке жаңаша қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, тек қана өз басы үшін емес, сонымен бірге өз айналасындағы жолдастарына, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді.

Тұлғалық өзін-өзі тануы арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыру студенттің бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:



  • жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;

  • интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті;

  • ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық;

  • өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;

  • болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттілігінің болуы;

  • өз мамандығы бойынша студенттер өз бойындағы адамгершілікке жатпайтын олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы;

Біз жүргізген нақты сауалнамалық зерттеу мәліметтері көрсетіп отырғандай, студенттердің басым көпшілігі ізгілік, адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, ар-ұят, имандылық, адамшылық, сүйіспеншілік, от басы татулығы , т.с.с. өмірлік принциптік мәні бар құндылық бағдарды әрбір жеке бастың бойынан табылуға тиісті қадір-қасиеттерден гөрі, студент жастарымыздың арасында қазіргі уақытта белең алып отырған келеңіз қоғамға жат қылықтар да аз емес. Оларға қазіргі жастар арасындағы кездесетін әлеуметтік енжарлық , қоғамдық өмірге деген селқостық, жалпы мәдени деңгейлерінің төмен қарай қатты құлдырауы, ішкілікке, нашақорлыққа салыну, қылмыс жасау жайлып бара жатқандығы ақиқат. Сондай-ақ дүниеқоңыздық, пайдакүнемдік, экстремизм, қайткен күнде баюға жанталаса ұмтылу сияқты дерт те кеңінен жайылып отыр.

Әрине, студенттерді оқытып, тәрбиелеу процесінде олардың әрқайсысының жеке басын жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, тұлғалық, кісілік деңгейге жеткізу үшін көп іс атқарылуы тиіс. Себебі, студенттердің жеке тұлғасының, кемелдік бітім – болмысының қалыптасуына тек білім мен тәрбие беру процесі ғана әсер етпейді. Олардың жеке тұлғаларының қалыптасуына өзі өмір сүріп, іс-әрекет жасап отырған қоғамдық орта /ғылымда оны шартты орта деп атайды/, микроотра-нақты қоршаған орта, отбасы, ұжым, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, оқу орны, дос-жарандары, т.б. ықпал етеді. Үшіншіден, әрине, студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына білім беру мен тәрбиелеу процесі әсер етеді. Төртіншіден, олардың жеке бастарының жан-жақты әрі үйлесімді қалыптасуына өздерін-өзі тәрбиелеу жатады. Негізінен, осы жоғарыда аталған 4 фактордың ықпалының нәтижесінде студентердің жеке тұлғалық келбеті қалыптасып, нақтыланады.

Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында үлкен ізденістер қолға алынып келеді. Ондағы ұстанған басты қағида – Адамның кісілік келбеті мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін жүзеге асыру көзделуде.

Ойымызды қорытар болсақ, білім үрдісінің мақсаты – жастар рухының ішкі қуаты, ой-жігерін айқындауға, болашақ тұлғалық сапасын және осы өмірдегі өз міндетін анықтау ізденісіне басшылық жасау. Адам өзін-өзі танып, өз мақсатын анықтаса және оны ешқандай қиындықтарға қарамастан іске асыра білсе, сонда ғана ол тұлға бола алары сөзсіз. Осы орайда, [144] Ш. Амонашвлидің …тәрбие- материалистік тар ұғымдағы адамгершілік сапасының сыртқы мазмұны ғана емес, тәрбие алатын тұлғаның жан-рух дүниесінің өрлеуі, адам өмірін белгілі мақсатқа бағыттаушы бастауы. – деген тұжырымдарынан адамгершілік-рухани қадір қасиеттер, тұлғаның ішкі жан дүниесімен /жан, рухымен/ астасып жатуында екендігін көрсетеді. Адамгершілік тәрбиесі сыртқы жалаң түрде емес, адамның жан дүниесінен өзіндік орын алып, оның қажеттілігін жанымен сезінгенде ғана адамгершілік рухани қадір-қасиеттер өз бойында кемелдене дамып, сыртқа шапағатын төгері сөзсіз. Осыдан келе, қазіргі кезеңде жоғары рухани дүние құрылымын, табиғат заңдылықтарының сырын “жүрегі қатты, ойы суық адамдарға” айтып жеткізуге болмайды дегіміз келеді.

Жас ұрпақты тәрбиелеуді көздейтін дүние жөніндегі білім, табиғат, психика күштері адамды ізгілендіреді, олардың жүрегін оятады.

Рухтың ұясы-жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді.

Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Жастардың даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, біліммен бұрын қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн.

Ойымызды қорыта келе айтарымыз, болашақ жас мамандарға білім берудегі адамгершілік рухани құндылық бағдарын сезім мен ақыл-ойға тең дәрежеде сүйену қажет. Осы тепе – теңдіктің болмауынан білім жүйесінде сыңаржақты педагогикалық көзқарастар орын алып келгені белгілі. Содықтан да, жоғары оқу орындарында тәрбие адамгершілік-рухани құндылық – тұлғалық өзін-өзі тану арқылы өзін-өзі тәрбиелеу үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады.

Тәрбиедегі басты мәселе - студенттердің тұлғааралық қатынасын дамыту, яғни өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуі, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның құндылығын және даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түрде түсіне білуі және өзіне сырт көзбен қарап, өзінің көңіл-күйін, атқарған іс-әрекетінің себебін түсініп, істеген ісінің нәтижесінде өзіндік баға беруі тиіс.

Студенттердің танымдық ұмтылысын дамыту үшін олардың өз артықшылығы мен кемшілігін көре білуіне және өзінің жеке басының құндылығын, даралық сипатын саналы сезінуге тәрбиелеу қажет.

Студенттік өмірдің алғашқы жылдарында мамандығына қарай білімді игеруге қажетті қабілет пен дағдылардың дамуын қалыптастырумен бірге оқушыларды өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін саналы сезінуге бағыттау қажет.

Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат- студенттерді ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аудару.

Тұлғаға бағытталған тәрбиеде адамгершілік-рухани ұстанымдарын жүйелі түрде жүргізу тиімділікке жеткізеді. Ол үшін студенттердің мәдени құндылықтарды игеруіне, өзін-өзі дамыту дағдыларына, өмір сүре білуге бейімділігіне, тұлғааралық қатынастарды, дағдыларды игеруіне, өзіне және өзгеге жауапкершілікпен қарауына көмектесу басты нысана болып табылары сөзсіз.

Жетілген тұлға-ақыл-ойын, сезмін, еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген адам. Оның барлық ақыл-ойы мен іс-әрекетінің түп-төркінінде адамды құрметтеу, жақсы көру, сүю, өз махабатын адамдарға арнау ұмтылысы басым болады. Жетілген тұлғаның өзгелермен қарым-қатынасы махаббатқа негізделуі және оның бойындағы әдептік сипаттарын Майғаранова Ш. “Мектеп оқушыларына рухани-ізгілік тәрбие беру” еңбегінде төмендегідей тұжырымдайды [119] :



  • өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қою, кеңпейіл болу, тәккапарлыққа жол бермеу;

  • ата-анаға балалық құрмет көрсете білу, оларды құрметтеу, ата-анаға адал болу, оларды сүю;

  • достарының, отбасының Отанының сенімін ақтау;

  • өз ісін ізгілік мақсатқа арнау – басқалардың мүддесіне қызмет ету және маңызды істің шешіміне жету үшін өзінің іс-әрекетін, күш-қайратын жұмсау;

  • барлық адамдардың пікірін сабырлылықпен қабыл алу, алайда жағымсыз іс-қылықтардан, шектен шыққан істерден бойын аулақ сала білу;

  • шығармашылық ізденіске түсуден тайынбау, ортақ мақсатқа жету үшін көпшілікпен бірге жұмыс жасай білу;

  • жанашырлық таныту, өзгелердің қайғы-қасіретіне, мұң-мұқтажына ортақтаса білу, оларға көмектесу;

  • кешірімді болу, ренішке, өшпенділікке жол бермеу, ол үшін жамандық ойлап, кек алудан аулақ болу;

  • қайшылықтарды, түрлі көзқарастарды, ой-пікірлерді түсініп, ортақ шешім табудың жолын іздестіру;

  • рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл-күін алдын-ала сезе білу;

  • көмектесу, көмек күткен адамға көмек көрсетуге әзір тұру.

Рухани тұрғыда жетілген тұлғаның бойындағы адамгершілік ұстанымдар төмендегідей танымдық, әрекет-шығармашылық және тұлғалық компоненттерді қамту керек:

  • өзінің қадір-қасиетін сақтау, яғни кісінің кісілігін сақтап, өзіне-өзі сенімді болу;

  • жауапкершілік таныту, адал болу, ақиқатты көздеу, жалғандық, алдап-арбаудан аулақ болу;

  • ержүрек болу, қорқынышты, үрейді жеңе білу;

  • өзін-өзі бірқалыпты ұстау, өз ойын, сезімін, талап-тілегін, іс-қылықтарын үйлесімділікте ұстай білу;

  • ұқыптылық – қандай іс атқарса да ұқыптылық таныту, еңбек ете білу;

  • сергектік, іскерлік таныту, яғни көздеген мақсатқа өз мүмкіндігін шамалап, қажымай-талмай жете білу;

  • көргендік – алға қойылған әрбір мақсаттың нәтижесін алдын-ала көре білу; [119]

тән және жан сұлулығын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіну, денсаулығын сақтап нығайту.

Оқыту үрдісі –физиологиялық, психологиялық және педагогикалық заңдылықтар негізінде жүзеге асырылатын біртұтас әрекеттерін құрайды. Сондықтан тұлғалық рухани адамгершілік құндылықтар қалыптастырудың деңгейі осы заңдылықтардың тұтастығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл көзқарас бойынша оқыту-адамның мәдениетінің білімінің субъектісі болуға, өз өмірінде сергек қарауға үйрету- ол үшін өзіндік тетіктерін табу, іске қосу арқылы өзін-өзі оқытуға, дамытуға ынталандыру болып табылады. Бүгін оқытудың жаңа типі қалыптастыруда. Стандарт жүйесі өзгертілуде. Сабақ барысы копьютірлендіруде. Соған орай студенттің де жаңа типі қалыптасуда, ол өзіне қажет білімді өзі ала алады, ол үшін пәндік-ғылымдық білім алу – түпкі мақсат емес, әрі қарай дамудың құралы-деп келтіреді Д.М.Джусупалиева өзінің педагогика ғылымдарының докторлық диссертациясында, сонымен қатар қазіргі студент өзіне қажет ақпаратты көбін интернет жүйесі немесе т.б. тәсілдермен оқытушының көмегінсіз де ала алады- деп А.А.Калюжный өз докторлық диссертациясында дәлелдеп отыр .

Біз зерттеу барысында тұлғалық өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастырудың жолы арқылы бүгінгі білім беру құндылықтарын түсінудің, білімді студентке игертудің субъектілік бағытталған жолдарын іске асырудың мазмұнын, әдіс тәсілдерін айқындау мақсатын көздеген болатынбыз. Тұлғалық өзін-өзі тану арқылы білім беруді жүзеге асырушы субъектінің Ш.А. Амонашвили, В.В. Сериков еңбектерінде оқушы индивид ретінде өзін тану үшін өзі оған құндылық бағдарын таңдап алуы керек, білім әлеміне ену, ғылыми және өмірлік проблемаларды шешудің шығармашылық тәсілдерін меңгеру оның өзіндік «Мендік» рефлексивтік дүниесін ашуға ықпал етеді делінген. Осыған сәйкес зерттеушілер тұлғалық өзін-өзі тануда құндылық танымдық, әрекет-шығармашылық және тұлғалық компоненттерді қамтуы керек болады:

-құндылық компонент студенттердің құндылықтар әлеміне бойлап, дербес тұлғалық мәнді құндылық бағдар жүйесін таңдап алуына жағдай жасалады;

- танымдық компонент-студенттердің адамгершілік-рухани даму негізі ретінде адам, мәдениет, табиғат, ноосфера туралы ғылыми білімдерін қамтамасыз етеді;

- әрекет-шығармашылық компонент – студенттерде тұлға ретінде еңбек, ғылыми, көркемдік және басқа әрекет түрлерінде өзін жүзеге асыруына қажетті әртүрлі әрекет тәсілдерін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және жүзеге асырылады.

Біз зерттеу барысында тұлғалық өзін-өзі тануы арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдар қалыптастыру арқылы бүгінгі білім беру құндылықтарын түсінудің, білімді студентке игертудің субъектілік бағытталған жолдарын іске асырудың мазмұнын, әдіс тәсілдерін айқындау мақсатын көздеген болатынбыз. Тұлғалық өзін-өзі тану арқылы рухани адамгершілік құндылық бағдарын қалыптастыруды жүзеге асырушы субъектінің өз тұлғасын дамыту оның белсенді әрекеттерін қажет ететін орта тудыру арқылы мүмкін болады, өйткені қолайлы ортада ғана тұлғалық өзін-өзі тануының рухани адамгершілік негіздері ұштасады. Тұлғаның белсенді әрекетін қажеттіктер тудырады, сондықтан адамның өзінің субъектілік позициясы өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және оны керек ететін деңгейдегі жағдай туғызылуы тиіс.

Тұлғалық өзін-өзі тануы арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастыру білім беру үрдісіне қатысушылардың интерактивті, субъектаралық қарым-қатынасқа бағытталған әрекеттері арқылы жүргізіледі. Оның бірнеше сипаттарын анықтауға болады. Олар:

1/ ізгілік сипаты- адамды құрметтеу, оған сенім білдіру, студент пен оқытушыға деген тұтастық көзқарас және оларды дамыту бағытын мықтап ұстану;

2/ дамытушылық сипаты-университеттің үнемі дамып отыратын әлеуметтік-педагогикалық жүйесін көрсетеді, оны дамытудың басты құралы тұлғалық өзін өзі тануы; рухани - адамгершілік құндылық бағдарлылығы;

3/ сенімдік сипаты оқытудың ізгіліктік және демократиялық болуы педагогикалық ұжым мүшелерінің, оқушылардың өз шешімдері үшін жауапкершілігін арттыратын сипат береді;

4/ құндылық сипаты университет жағдайына өзінің адамгершілік рухани құндылық бағдарын жетілдіруге жағдай жасау, студентке сапалы білім беруге ынталандыру жатады.

Университетте тұлғалық өзін-өзі тануын рухани адамгершілік құндылық бағдарын қалыптастыру педагогикалық – бағдарламалардың мазмұнын да ішнара өзгертеді. Бұл жағдайда сабақта жаңа әдістемелерді /тренинг, ойындар, интерактивті әдістер т.б./ қолданудың мәні мен ерекшеліктері, тереңдігі студенттердің белсенділігін ұйымдастыру арқылы игеріледі. Сондықтан мазмұндық компоненттің студент үшін көкейтестілігіне назар аудару, жаңа талаптар мазмұнының білім беру бағдарламасы, стандарттарымен үйлесімді кірігуін ескеру маңызды мәселе. Студенттің әдістемелік даму деңгейіне, тұлғалық қажеттілігі мен сұранысына негізделе отырып, инновациялық жаңа талаптарға сай тәрбиелеу жүйесі нәтижелі болатыны белгілі.

Осымен өмірге қадам басқан “Өзін өзі тану” сабағы жаңа рухани-адамгершілік құндылық бағдармен ұштасқан, адамгершілік игіліктерге, жалпыадамзаттық пен азаматтықты қалыптастыратын ғылыми негіз. Негізгі мақсатында – адамның өзін-өзі тануына, танытуға талпыну, өзгелермен бірге болу, өзін-өзі адамгершілік тұрғыдан бағалауға үйренуі адамзаттық құндылықтармен сәйкес келеді. Егер осы күннен жас ұрпақ дағдысына “Өз өмірің -өз қолыңда” деген ұғым-дағдыларға қазірден қалыптастырсақ, бұл адами қалыптағы өмір сүру этикасын меңгерту болып табылады.

Өйткені, жоғарыда аталған ғылымдар мен зерттеуші ғалымдардың барлығы да өзін-өзі тану арқылы рухани –адамгершілік құндылық бағдарын қалыптастыру маңыздылығы туралы көзқарастары мен ой – тұжырымдары біздің ғылыми тұрғыда зерттеуімізге негіз бола алады.

Осылай, тұлғалық өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастырудың төмендегідей ерекшеліктері айқындалды:



  • білім беру үрдісі ізгіліктік және өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеу заңдылықтарына негізделді;

  • Студенттердің оқуға дегендегі белсенділігі мен адамгершілік-рухани құндылық бағдарын қалыптастырудың тиімділігін арттыруды көздейді;

  • оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігі қажетті құрал-жабдықтарды жаңартудан емес, өзара қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуынан көрінеді;

  • тәрбиенің тұлғалық өзін-өзі тану мазмұны білім беру үрдісіндегі тұлғалардың /студент, оқытушы/ өзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Алматы, - Изд. Дом «Дастан», 2000-322 б.

  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан –2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 171 б.

  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Білім-образование №1, 2004.

  4. Назарбаева С.А. «Самрпознание»-возраздение истоков духовности и нравственных ценностей. Обшественно политический литературно-художественный журнал. 2004. №1. с. 4.


  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет