Г. А. Мейірманова Өнер тaрихынa кіріспе



бет22/102
Дата29.12.2023
өлшемі1.95 Mb.
#488324
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102
онер тарихы книга

5-тaқырып.


ЕЖЕЛГІ РИМ ӨНЕРІ


Мaқсaты: Ежелгі Римнің көркемөнер мәдениетінің ерекшеліктері мен негізгі дaму кезеңдерін қaрaстыру.


І. Дәріс.


Ежелгі Рим өнерінің б.э.б. VIII ғасырдан б.э. V ғасырына дейінгі он екі ғасырдан астам кезеңді қамтитын тарихы бар. Ежелгі Рим адамзатқа орасан бай мәдени, көркем мұра қалдырды.
Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына Вергилийдің, Горацийдің Овидийдің поэзиялық туындылары, Ливий мен Та- циттің тарихи еңбектері, Лукрецийдің материалистік филосо- фиясы, Цицеронның шешендік өнері, Марциал мен Ювеналдың уытты сатиралары енді. Римдік құқық жүйесі заң туралы ойдың дамуында көрнекті рөл атқарды.
Ежелгі Рим шеберлері өзінен бұрынғы ерте дүние өркениет- тері көріп-білмеген алып сәулет ансамбльдері мен инженерлік ғимараттардың жаңа типін, реалистік мүсіндік портрет пен ға- жайып фрескаларды, мозайкалар мен көркемдік кәсіп шығарма- ларын тудырды.
Антик дүниесі өнерінің дамуы Рим өнерімен аяқталды. Ол ертедегі грек және ертедегі итальян өнерлерінің үздік жетістік- терін мұра етіп қабылдап, шығармашылықпен қайта өңдеді.
Рим шеберлері өздерінен бұрынғылардың дәстүрлерінен шабыт алғанымен, өздерінің өзгеше стилі мен шығармашылық даралығын әрдайым сақтай білді.
Рим мәдениеті, оның өнері сияқты, ең алдымен Ежелгі Ита- лия халықтары жасаған өркениет топырағында өсіп-өнді, олар- дың арасында саяси да мәдени тұрғыдан анағұрлым дамығаны этрустар болды.
Октавиан Августың мәрмәрден қашалған мүсіні оны қолбас- шы әрі мемлекет басшысы ретінде даңққа бөледі. Тәкаппар, ай- бынды кескін-келбет пен қолдың көсіле созылған әсерлі ишара- ты мүсінге монументтік сипат дарытады. Сулығы білегіне сән- мен оралған, күрзісі сардарлық өктемдігін нышандайды. Август бедерлі бейнелермен әшекейленген сауыт киген. Жетілген, атлет денелі алып тұлға, бұлшық еті ойнаған жалаңаш балтыр грек құдайлары мен қаһармандарының мүсіндерін еске түсіреді. Августың аяқ жағына мүсінші тәңірия Венераның баласы Амур бейнесін орналастырған. Август әулеті содан тарапты-мыс деген сөз бар. Августың бет-әлпеті шынайы бейнеленіп, ал келбетіне турашылдық, ерлік, адалдық сияқты қастерлі қасиеттер беріл- ген. Август, тарихшылардың айтуынша, әккі, қатал саясатшы бола тұрса да, оның бойында өнегелі азамат сипаттары баса көр- сетілген. Жарамсақтанған сенаторлар «отан әкесі» деп атаған императордың қаһарманға айналдырылған бейнесіне ақын Гора- цийдің: «От шашатын Юпитердің аспанды билеп-төстейтініне
сенеміз біз: Римге айбарлы британдықтар мен парсыларды ба- ғындырған Август жер бетіндегі тәңірі іспетті», – деген жолда- ры таңғажайып үндеседі.
Римнің ұлылығын мадақтау идеясы I – IV ғасырлардағы Империя дәуірінде жасалған сәулет өнерінің алып ескерткіште- рінде аса айқын бейнесін тапты. Рим сәулет өнерінде «әлем әміршісі» атанған халықтың талғамына тән ғимараттардың ерек- ше монументтілігі алдыңғы жүлдеге шықты. Құрылыс белгілі бір саяси мақсатты – билеушінің жомарттығын баса көрсету мен оның атын ұрпақтар есінде сақтау мақсатын көздеді. Алаңдар ансамблін, әкімшілік ғимараттары мен ойын-сауық құрылыста- рын тұрғызған императорлар бірімен-бірі бәсекеге түсті. Жазу- шылар император Август кірпіштен қаланған Римді қабылдап алып, оны мәрмәрден салып кетті деп жазған болатын. Витру- вийдің сөзіне қарағанда, Август «империя айбынын ғаламат қо- ғамдық ғимараттар салумен арттыра түсуді» ойлаған. Ақын Овидий біздің эрамыздың жол айрығында күллі әлемнің асыл қазынасына ие болған алтын Рим туралы айтқан. Екінші бір жазушы: «Рим барлық құдайлар мен адамдардың назарын аудар- ды», – деп есептеген. IV ғасырда Клавдиан ұлан-ғайыр аспаннан кең ештеңе жоқ, Римнің аумағын ешкім көзбен шола алмайды, оның сұлулығын ешқандай ақыл ұға алмайды, оны мақтауға жан баласының тілі жетпейді деуге хақылы еді. Замандастардың бұл пікірі, ең алдымен, қаланың сәулеттік келбетіне қатысты.
«Нан мен ойын-сауықты» талап еткен римдік тобырға кеңі- нен танылуға тырысып, императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор амфитеатрлар салғызды. Мұның 75 – 80 жылда- ры және орта ғасырларда Римде салынған ең ірісі «колоссеум» (алып) деген латын сөзінен Колизей деп аталды. Жоспары бойынша ол аумақты сопақ құрылыс (188х156 м). Колизейдің биіктігі – 50 м, қабырғасы ірі тас (травертин) блоктарынан қаланған. Күмбезді аркаларының үш қабаты қабырғаның ішкі жағындағы алып бағаналарға тіреледі. Қай нүктеден қарасаң да жақсы көрінетін олар театр қасбетін сан құбылған сәулелі кө- леңкеге бөлейді. Шексіз қайталанылатын аркадалардың салта- натты ырғағы ғимаратқа айбындылық пен монументтік сипат береді. Аркаларға тірек болған бағаналар конструкциялық мәнін жоғалтып, сәулеттік сәнін ғана сақтаған жартылай колонналар-
мен әдіптелген. Бірінші яруста бағаналарға  дорлық, екінші яруста  иониялық, үшінші яруста  коринфтік ордердің жарты- лай колонналары сүйелген, төртінші ярустың біркелкі тегіс қа- бырғасын коринфтік пилястрлер бөліп тұрады. Пилястрлер ара- сына үш-үштен қойылған діңгек тіреуіштердің үстінен көрер- мендерді күннің ыстығынан қорғайтын орасан зор құрама ша- тыр тартылған. Антаблементті көтерген жартылай колонналар ярустар жігін бөліп, қабырғаның биіктігін баса көрсетіп тұр. Ко- лизейде пайдаланылған ордерлік аркада Рим сәулетінің компо- зициялық аса маңызды түрі болды.
Колизейдің өзгеше бір сәні екінші және үшінші ярустар аркаларындағы мүсіндері еді. Амфитеатр өрт пен жер сілкінуден ауыр зардап шекті. Орта ғасырлар дәуірінде көп замандар бойы ол сарайлар мен шіркеулер құрылысына блоктар қопарып алы- натын, тас қашайтын орынға айналды.
Колизей жоспары жете ойластырылған дәл есебімен көзге түседі. Қасбеттерінің композициялық құрылысы ғимараттың іш- кі конструкциясын айқын жеткізеді. Қабырға ярустарына амфи- театр ішіндегі орындықтар белдігі сәйкес келеді. Орасан зор амфитеатр негізін шаршы төлке мен бетоннан қаланған сексен тарап қабырға құрастырып тұр. Олар жоғарғы ярустарға шыға- тын тепкішекпен тұтасып, көрермендер орындарын көтеріп тұр- ған бетон итарқаны мықтап тірейді. Көрермендердің сан мыңда- ған тобы Колизейге төменгі ярустың сексен аркасы арқылы еңіп, Колизей қабырғасымен қаз-қатар тартылған итарқа галереяға шығатын. Олардың төртеуі көрермендерге, ал мәрмәр, мозайка- лармен әрленіп әшекейленген бесіншісі гладиаторларға арнал- ған. Шеңбер галереялар жоғарғы екі яруста қайталанып, көрер- мендердің демалыс орын немесе нөсер жауғанда баспана мін- детін атқарды. Қақпалардың, басқыштар мен галереялардың же- те ойластырылған жүйесі амфитеатрға көрермендерді тез толты- руға да, кідіртпей тез босатуға да кең еркіндік береді.
Колизей ортасында гладиаторлар шайқасы үшін аңдар қуып шығарылатын алаң бар. Оның ағаш еденіне құм төселетіндіктен, алаң осылай  латынша «арена» сөзімен аталып кеткен. Арена астында аңдарға арналған тор, жараланған не өлген гладиатор- лар үшін бөлмелер мен су құбыры болатын. Құбыр арқылы аре- наға су толтырылып, теңіз шайқастары көрсетілетін. Арена ау-
мағы бірден үш мың жұп гладиатор кіргізуге мүмкіндік беретін. Аренаның үстінде сенаторларға арналған мәрмәр күрсілі кең алаң подиум тұратын, арнайы ложада император отыратын. Одан әрі беті мәрмәрмен көмкерілген тас орындықтардьщ үш ярусы тұр. Бұдан жоғарырақта қаз-қатар ағаш орындықтар мен көрермендер түрегеп тұратын галерея орналасқан. Колизейге елу мыңдай адам сиятын. Рим ақыны Марциал оны әлемнің ғаламаты деп атады.
Колизей конструкциясының негізін құрайтындар– арка мен итарқа күмбез: Грекия сәулетіне колонналар қандай тән болса, Рим сәулет өнеріне де бұлар сондай жарасатын. Бұл сәулеттік пішіндер Римнің дүниежүзілік өнерге қосқан өзгеше бір үлесі болатын. Аркалар Римге және Империяның басқа да қалаларына тау бұлақтарынан таза су жеткізіп беретін акведуктарды, су құ- бырларын салуда да пайдаланылды. Су құбырының жолында өзендер мен сайлар кездескенде, құрылысшылар су құбыры ка- налы көтеріп тұратын аркадалар жасады. Римдегі бірінші су құ- быры б.э.б. сонау IV ғасырда пайда болды, ал б.э. III ғасырының басында астана тұрғындары миллион адамнан асқан тұста қала- ның он бір акведугы болды.
Басқа акведуктарға қарағанда римдік Галлия провинциясын- да I ғасырда салынып, Рим қаласын ауыз сумен қамтамасыз ет- кен Гард көпірі жақсы сақталған. Су құбырының жалпы ұзын- дығы 50 шақырым болған. Бірақ одан қалған тек Гера өзенінің үстінен өтетін үш ярусты аркада, ұзындығы – 273 м, биіктігі – 49 м. Акведукты жасаушылардың батыл ойы тегеурінді құры- лыс тәсілін талап етті. Гард көпірі – қашалған тасты қалаудың ғажайып үлгісі. Құм қайрақ блоктарының жігі желім лайсыз мұқият жымдастырылған Аркалардың қалануы ерекше күрделі. Олардың арқалықтары 20 метрге жетеді, ал өзеннің екі жағасын қосатын орталық арканың арқалығы – 24,4 м. Айбынды акведук айналадағы пейзажбен астасып кеткен. Оның өн бойында Рим сәулет өнеріне тән инженерлік конструкцияның үйлесімді сұлу- лығы, қайталанылатын аркалардың қуатты ырғағынан көрінетін сәулетшілік ойдың айқын да сымбатты логикасы бүр атып тұр.
Римдіктер сәулет ғимараттарын аса қадірлеп, акведуктарын ерекше мақтан тұтты. II ғасырдың басында Римді сумен қамта- масыз етуге жетекшілік жасаған инженер Фронтин: «Акведук-
тар – Рим империясы айбынының басты куәсі», – деген пікір айтқан.
Римдіктер арка пішінін сардарлар мен императорлар жеңіс- терін мадақтайтын салтанатты ескерткіштер жасауға пайдалан- ды. Ең таңдаулы салтанат аркаларының бірі Рим форумына алып келетін қасиетті жолдың үстіне 81 жылы Иудея көтерілісін басқан император Титтің жеңісіне ескерткіш ретінде салынған. Мәрмәрден қаланған биіктігі 20 м арка император мен оның қасында төрт ат жеккен күймеде келе жатқан жеңіс тәңіриясы бейнеленген қола мүсіндер тобының тас тұғырына айналған. Арка астындағы биік тас тұғыр, қасбеттегі төрт әсем капителі бар жарты колонна ескерткіштің сәнді сымбатын тұлғаландыра түседі.
Арка маңдайшасына қашалған арнаулы жазу сенат пен Рим тұрғындары арканы құдіретті император Титке арнап салғанын баяндайды. Кең маңдайша император Титтің салтанатты шеруін бейнелейтін бедерлермен безендірілген. Оның біреуінде, күйме- де император, екіншісінде римдік легионерлер Иерусалим хра- мынан асыл олжа алып келеді. Тит аркасында ғажайып сәулеттік бейне мен оқиғаның тарихи мәнділігін ашатын мүсіндік әшекей- лер тұтастығы сақталған. Империя дәуіріндегі жиһазды үйлер- дің құрылысы жайлы Помпеи мен Геркуланумның жұртын қаз- ғанда ашылған ғимараттар айқын түсінік бере алады. Бұл шағын қалалар 79 жылы Везувийдің кенеттен атқылауы кезінде опат болды. XVIII ғасырдан бері жүргізіп келе жатқан қазба жұмыс- тары Помпеидің үштен екі бөлігін ашты. Көлденең қиылысатын оқтай түзу көшелер қаланы шаршы кварталдарға бөліп жатқан. Тіпті сауда дүкендері сығылысқан ең бай көшенің ені 10 метр- ден аспайтын, ал қаптал көшелердегі үйлердің арасы 3 метрден 6 метрге жететін.
Өткел жолдарға тас тақталар, ал олардың тоғысатын торап- тарына жаңбыр кезінде жүргіншілердің аяқтары суға тимеу үшін биіктігі тротуармен бірдей жалпақ тастар төселген. Тротуар ас- тынан су құбырының трубалары тартылған. Археологтар қала- ның сауда алаңын, әкімшілік ғимараттарын, храмдарды, қол- өнершілер шеберханаларын, гладиаторлық мектеп пен байлар- дың қыруар үйлерін ашты. Үйлер жоспары тап-тұйнақтай сим- метриясымен көзге түседі, бөлмелер үйдің орталық кіндігінің
жан-жағына орналасқан. Үй қонақтар шақырылатын ресми және отбасы тіршілік ететін жеке бөлмелер болып екі бөлікке бөлі- нетін. Бірінші жартысының орталығы атриум – салтанатты қа- былдау бөлмесі. Онда төрт бұрышты бассейн басты орын ала- тын, дәл үстінен төбеден жарық түсуі үшін формасы осындай тесік қалдырылған. Сол ашықтан мәрмәрмен көмкерілген бас- сейнге жаңбыр суы құйылатын. Бассейннің шетінде шатырды көтеретін колонналар, ал бассейннің ішінде фонтан қызметін атқаратын мүсін тұрды. Бір үйде бұл – қолына қабыршақ ұстап, күліп тұрған мәрмәр бала, екінші үйде – билеп жүрген қола сатир. Атриумға үйдің екінші жеке отбасылық бөлігі жанай са- лынған: үй иесінің жұмыс кабинеті мен архив сақталатын орын
– таблин, сондай-ақ ұзынша, жалпақ, ашық ішкі аула – перис- тиль болатын.
Мұндай аулашалар грек үйлерінде кең тараған еді, б.э.б. II ғасырдан бастап римдіктер соларды бай үйлердің міндетті түр- дегі бір құрамдас бөлігі ретінде пайдаланды. Перистиль сүйікті демалыс орнына айналды. Оның айналасынан үш жерден, кейде екі жақтан жабылған колоннада өтетін, ал орталығында шағын бақ болатын. Сырланған немесе мәрмәр түсті сылақпен сылан- ған колонналар, сылдырап аққан фонтандар, мозайка не қабыр- шақтармен көмкерілген қуыс текшелер, жасанды сарқырамалар, тамаша мүсіндер – осының бәрі перистильді сәнге бөлеп, оған таңғажайып сипат беретін. Атриум мен перистиль айналасында асханалар, ұйықтайтын бөлмелер, ас үйлер, моншалар мен басқа да орындар болған.
Үйлердің сәндік жиһаздар өнері Рим республикасының тек соңғы ғасырында кемелденді. Помпеи үйлерінде еден мозайка- мен әшекейленді. Сол жерден кезбе актерлерді, теңіздің түсін, таласып жатқан әтештерді, аузына бұлдырық тістеген мысық- тарды бейнелейтін мозайкалар табылды. Б.э.б. 100 жыл шама- сында жасалған ең қызық мозайка Фавн үйінен табылды. Ол би- леп жүрген сатирдің немесе фавнның атриумнан табылған қола мүсініне орай осылай аталған. Мозайка 15 шаршы метр аумақты алып жатыр, 1,5 миллион табиғи қиыршық тастардан құрасты- рылған. Мозайкашыға суретші Филоксеннің (б.э.б. IV ғасырдың аяғы) Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен шайқасын бейнелейтін картинасы түпнұсқа болған. Шебер қыр-
ғын соғыстың шешуші сәтін таңғажайып өнерпаздықпен сипат- таған. Оң жақта парсы атты әскері дүрліге қашып барады. Орта- дағы күймеде шошақ бас киімді, сол қолына садақ ұстаған Дарий бейнеленген. Оның көшірі жаралылар мен өліктерді баса- көктеген аттарды қамшылап барады. Парсы патшасына қарсы ұмтылған Александрдың дулығасы айқас қызуымен жерге ұшып түсіп, шаштары ұйпаланып қалған. Сақалы өскен, жүдеу, ажар- сыз жүзі қайсар-қайратқа толы. Патшаны қорғамақ болып, екі парсы шонжары жеңімпазға тап берген.
Суретші соғыстың алмағайып қауырт кезін, қару-жарақтың жарқылын, сарбаздардың әсерлі бет-әлпетін келісті жеткізген. Композиция шеберлігі, реалистік дәлдік, қара, ақ, сары және қызыл реңдер қоспасынан жасалған түр-түстер әсемдігі, бейне- лер даралығы – осының бәрі шебердің зор дарынын танытып, оның шығармасын антик мозайкасының аса көрнекті туындыла- рының қатарына қосады.
Бай үйлердің қабырғалары фрескалық өрнектермен сәндел- ген. Үстіне сыр жағылатын сылақ бірнеше қабаттан тұратын, әр қабат барған сайын бірте-бірте жұқарып, қабаттала беретін. Б.э.б. II ғасырда римдіктер гректерден түрлі түсті мәрмәрден қаланғандай әрленген қабырғаға өрнек салуды үйренді. Қызыл, сары, қара және ақ фрескалар бояу-реңінің құнарымен, тазалық- мөлдірлігімен көзге түсетін. Б.э.б. I ғасырда қабырғалық өрнек едәуір күрделіленді. Суретшілер қабырғаларда сәулет бөлшекте- рін – колонналарды, кенерелерді, пилястрлер мен капительдерді бейнеледі. Көп пішінді аумақты композициялар да пайда болды. Б.э.б. I ғасырдағы таңдаулы кескіндеме үлгілерінің бірі – фреска сюжетіне қарай Зікір салу вилласы деп аталған Помпеиге таяу қала сыртындағы вилланың бай өрнектері.Қабырғаға жайыла орналастырылған композицияда шарап құдайы Диониске табы- нуға байланысты тылсым оқиғалар бейнеленген. Суретші тұрқы тірі тұрпатымен шамалас дерлік жиырма тоғыз пішінді кескін- деген, олар қабырғаның нарт қызыл фонында айқын сүлде тү- рінде көрінетін жекелеген топтарға біріктірілген. Мифология- лық кейіпкерлер – Дионис, оның зайыбы Ариадна, сатирлер мен силендерден басқа да зікірге қатысушылар бейнелері көрермен- нің көз алдынан тізіліп өтеді. Әсіресе айбарлы қанатты тәңірия- ның тізе бүккен қызға ұзын қамшысын үйіріп, дүре соққалы
ұмсынған қалпын кейіптейтін көрініс аса әсерлі. Қыз бетін қо- лымен көлегейлеп, отырған әйелдің тізесіне құлай кеткен. Оның қара қоңыр сулығы нәзік тәнінің алтын сары реңін айқындап көрсетеді. Осы топтың іргесінде қолына соқпалы аспаптар ұста- ған жалаңаш биші, оның ар жағында күлгін күрең сулық киген қыз тұр. Сол сулықтың фонында бишінің қайратты да әсем пі- шіні тұлғалана көрінеді. Суретші бишінің күрделі қимыл-қозға- лысын, үлбіреген, майысқан ару сымбатын таңғажайып шебер- лікпен бере білген. Алтын реңдeс сары шарқаты қыздың ал қы- зыл алау тәніне жарасып-ақ тұр. Фреска бояуынан кескіндеме- шінің терең талғамы сезіледі: сары, жасыл рең күлгін, қан қызыл және қара күрең реңдермен етене қабысады. Қабырға фоны бояулардың шайдай шаңқай үндестігін аша түседі. Б.э. I ғасы- рында, Рим империясының дәуірінде, бай үйлердің қабырғала- рында суретші қиялынан туған фантастикалық ғимараттар мен таңғажайып аркалар пайда болды. Бұлдырап тым әріден көрін- ген колоннадалар, галереялар мен портиктер бөлме кеңістігін одан әрі кеңейте түсіп, көрерменнің көз алдынан шексіз жазық- тық ашады. Фрескалар көбінесе атақты грек суретшілерінің ми- фологиялық тақырыпқа арналған картиналарын қайталайтын, шеберлер тапсырма берушілер өтініші бойынша бүкіл сурет га- лереяларын қайта көшіріп шығатын.
Қабырғалық өрнектерде бақтар мен баулардың, қалалар мен айлақтардың, храмдар мен өзендердің бейнелері кездеседі. Бұ- лардан қала мәдениетіне тән пейзажға құштарлық байқалады. Суретшілер құстар мен хайуанаттарды, жанрлық оқиғаларды ас- қан шеберлікпен бере білген. Геркуланумдағы үйдің қабырға- сына салынған жемістер мен ыдыстардың суреттері жете ойлас- тырылған композициялық сұлулығымен назар аударады. Ағаш сөрелерге орналастырылған шабдалылар мен шыны құмыраға көз қарықтырмайтын жұмсақ жарық төніп тұр. Құмыраға епті қондырылған сәуле шынының жұқалығы мен мөлдірлігін ай- қындай түседі. Қызыл қоңыр фонда суретші әсем иіліп, сарғыш- тау жасыл жемістері мен күлгін жасыл жапырақтары жайқалған бұтақты көрсеткен. Бояуы еркін сүйкей жағылған фреска реңдік бейнелерінің жарасымды үндестігімен көз қуантады. Помпеиде- гі бай үйлердің жиһаздары – Империя дәуірінде сәндік қолөнер-
дің керемет жетілгендігінің айқын көрінісі. Римдіктердің бұл шығармаларға көзқарасын ақындардың бірі жақсы құрастырыл- ған мозайканы шебер жүйеленген шешен сөзге теңеу арқылы білдіргені қызық-ақ. Ғажайып фрескалар мен орындалуы жағы- нан кәміл кемелдікке жеткен мозайкалар тек Италия қалалары- нан ғана емес, сонымен қатар Кіші Азиядағы, Сириядағы, Мы- сырдағы, Солтүстік Африкадағы, Испаниядағы, Галлиядағы, Грекиядағы, Солтүстік Қара теңіз өңіріндегі барлық римдік про- винциялардың көптеген қоғамдық ғимараттары мен құл иелену- шілер виллаларынан табылды. I-II ғасырларда «мәңгі қаланың»

  • әлем астанасының ұлылығын баса көрсетуге тиісті сәулет өне- рінің тамаша ескерткіштерін жасаған Рим сәулетшілерінің же- тістіктері де бұдан кем емес еді. Мұндай құрылыстар қатарына, ең алдымен, императорлық Рим алаңдары жататын. Олар көрікті республикалық форум композициясынан симметриялық жоспа- рымен ерекшеленеді. Империя дәуірінің форумы ұзыншалау, түкпірінде төрт бұрышты храмы бар, портиктермен қоршалған сопақшалау алаң еді. Әрі жаңа император өз форумын бұрынғы форумдарға жанай салып, байлығы мен сәулетін одан асыра түсуге тырысатын. Алаңдарда қыруар қола, мәрмәр мүсіндер тұратын: IV ғасырда олардың саны он мыңға жетті, ал екі ғасыр өткен соң жазушы Кассиодор: «Римнің ішінде мүсіндерден тұратын тағы бір халық өмір сүретін сияқты», – деген болатын. Императорлық Рим алаңдарының ішінде 109-113 жылдары Римнің ұлы сәулетшілерінің бірі Аполлодор салған император Траянның форумы орасан зор аумағымен тұлғаланып тұрады. Форум төрт бұрышты алаңды (116х95 м) алып жатыр. Алаң ор- тасында атқа мінген Траянның қоладан құйылып, алтынмен ап- талған мүсіні бар. Форумды үш тарапынан портиктер қоршаған, колонналар арасында атақты сардарлар мен шешендердің мүсін- дері бар. Төртінші тарапында айбынды базилика ғимараты бол- ған. Оның ар жағында латын және грек қолжазбалары сақтала- тын екі кітапхана, Траян колоннасы мен императорға арналған храм орналасқан. Бүкіл сәулет ансамблі бір кіндіктің бойында. Оның жоспары ой-өріс батылдығымен, ерекше бітімімен көзге түседі. Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин бұл құрылыс –

дүниедегі құдайлар таңырқайтын бірден-бір ғимарат деп айта- ды. Уақыттан көп зардап шеккен форум ескерткіштерінің ішінде императорды мадақтайтын Римнің типтік монументі – тек Траян колоннасы ғана бүтін сақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет