10-тaқырып.
XVIІ-XVІІІ ҒAСЫРЛAРДAҒЫ ФРAНЦИЯНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
Мaқсaты: XVIІ-XVІІІ ғaсырлaрдaғы Фрaнцияның көркемөнер мәдениеті- нің дaму кезеңдері мен ерекшеліктерін қaрaстыру, осы қaрaстырылып отырғaн кезеңдегі aтaқты шеберлердің шығaрмaшылығын зерттеу.
І. Дәріс.
VII – XVIII ғасырларда Еуропа бейнелеу өнерінің даму про- цесі күрделенді. Францияда (Ф. де ла Тур, Н. Пуссен, А. Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.О. Фрагонар), Италияда (М. Караваджо, Б. Тье- поло, Дж. Креспи, Ф. Тварди), Испанияда (Эль Греко, Д. Велас- кес, Ф. Сурбаран, Б. Мурильо, Ф. Гойя), Фландрияда (П.П. Рубенс, Я. Йорданс, А. ван Дейк, Ф. Снейдерс), Голлан- дияда (Ф. Хальс, Рембрандт, Я. Вермеер), Ұлыбританияда (Дж. Рейнольдс, Т. Гейнсборо, У. Хогарт), Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д.Г. Левицкий, В.Л. Боровиковский) ұлттық мектептер қалыпта- са бастады. Жанрлар жүйесі нақтыланды. Стильдік белгілері ор- тақ түрлі көркемдік жүйелер қалыптасты (тұйықталмаған, спи- ралды, композициялық, динамикалы барокко, қанық суретті, ай- қын сызықты классицизм, нәзік бояулы сұлу мүсінді, ойнақы та- биғатты рококо). XIX ғасырда Америка мен Азия бейнелеу өнерінің ұлттық мектептері қалыптаса бастады. Бұл аймақта реалистік тәжірибе жергілікті көне дәстүрлермен өріле дамып, ерекше өзіндік сипат алды (Үндістан, Жапон, Қытай). Сондай-ақ еуропалық бейнелеу өнерінің түрленіп дамуына Қиыр Шығыс елдері, Африка халықтарының алғашқы және көне дәуірдегі өнерлерінің ықпалы болды. Осы кезеңде бейнелеу өнерінде академизм, натурализм, т.б. бағыттар пайда болды (Францияда – Т. Жерико, Э. Делакруа, Германияда – К.Д. Фридрих, Ресейде – О. Кипренский, С. Федрин, К. Брюллов, А. Иванов). Барбизон
мектебінің шеберлері ақиқат нәрсені көріп-тану арқылы өмірдің шынайы бейнесін беруге зейін қойды (Ұлыбританияда Дж. Конетебл, Францияда О. Домье, Ресейде А.Г. Венецианов, П. Федотов). XIХ ғасырда француз бейнелеу өнерінде әлемнің табиғилығы мен өзгермелілігін бейнелеуге ұмтылған импрес- сионизм пайда болды (Э.Мане, К. Моне, О. Ренуар, К. Писсарро, А.Сислей, Э. Дега). XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырда түрлі реалистік және модерндік ағымдар пайда болып, бейнелеу өнерінің даму процесі күрделі де қайшылықты арнаға түсті. Осы кезеңде өзінің қайталанбас шеберлігімен өнерге Ван Гог келді. Өнердің постимпрессионизм (П. Гоген, А. Дерен), фовизм (А. Матисс), кубизм (П. Пикассо, П. Сезанн, Ж. Брак), футуризм (У. Боччони, К. Малевич), дадаизм (М. Дюшан, Ф. Пикабия, М. Эрност), сюрреализм (С. Дали), неопластицизм (П. Мон- дриан, Т. ван Дусбюрг), т.б. авангардтық бағыттары дамыды. XX ғасырда адамның ішкі әлеміндегі күрделі өзгерістерді бар- лық қырынан көрсетуге ұмтылыс нәтижесінде түрлі бағыттағы мәңгілік туындылар дүниеге келді. 1910-13 жылдпры кубизм, экспрессионизм, футуризмнің тармақталуы нәтижесінде абс- трактілі өнер (затсыздық) белең алды.Сәулет және бейнелеу өнеріндегі классицизмге тоқталсақ, архитектура мен бейнелеу, сән және қосалқы өнерде классицизм бароккомен, XVIII ғасыр- дандан бастап рококомен жарыса дамыды. Классицизмге қатаң үйлесім, көбінесе, салтанатты сипат тән. Оның негізіне пішін- дердің айқындығы мен тектоникалығы, композицияның жина- қылығы мен орнықтылығы, қатаң ритм мен пропорциялылық алынды. Архитектурадағы классицизмде ежелгі дәуір сәулет өнерінің көптеген принциптері мен жекелеген желілері көрініс тапты. Архитектурадағы классицизм құрылыстарының бітімінде геометрикалық өлшем дәлдігі және симметриялы түзу сызықтар үстемдік етеді. Сәулет ғимараттары алдында асқақ бағаналары бар, қасбеті үшбұрышты, ежелгі дәуір ғимараттарына ұқсасты- рыла тұрғызылды. Мұндай құрылыстар біртіндеп бүкіл Еуро- паға тарады. Мүсін мен сурет өнеріндегі классицизмге компо- зиция тұйықтығы, түрдің пластикалық шешімі тән болып келеді. Классицизм белгілері алғаш XVI ғасырдың 2-жартысында Италияда пайда болды. Ал біртұтас стильдік жүйе түрінде
XVII ғасырдың 1-жартысында Францияда қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |