Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет33/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
АШМ

Шаруа тұрмысындагы төгінді сулар қалалар мен үлкен қыстақтардағы тұрғын және өндірістік мекен жайлардан, қала ішінде орналасқан майда кәсіпорындардан пайда болады. Олардың химиялық күрамы әртүрлі болып келеді. Қүрамында қоректі заттар, микробтар болуы мүмкін. Бұл сулардың түдцылығы көп жағдайларда 800-1200мг/л-ден аспайды. Олардың қоректілік көрсеткіші онша жоғары емес: Механикалық және биологиялық тазартулардан өткен 1000 м.куб су шамамен 4...6 тонна көңге тең. Олай болса азот тыңайтқышын топыраққа толық беру үшін (120 ...200 кг/ га) ,10-12 млн. м1. төгінді су қажет. Әрине мұндай суару нормасы қажетті қалыппен 3-5 есе көп.
Аталган төгінді су көп жағдайларда егістікті суаруға жарамды болып табылады.
Мал қораларынан шығатын сулар азот, фосфор және калийге оте бай. Олардың молшері өсімдікке керек молшерден тым көп болады. Сондықтан оларды кэдімгі сумен қосып араластырып пайдаға асырады.
Өндірістегі төгінді сулар - улы заттарға, қоспаларға бай болады. Оларда ауыр металдар, микроэлементтер т.б. заттар болады. Сондықтан оларды пайдалану үшін алдын ала тазартып алған жөн. Төгінді суды жер суаруға пайдаланар алдында химиялық құрамын анықтап, ирригациялық әдіспен судың жарамды не жарамсыздығын анықтау керек. Ол үшін Можейко, Буданов, ВНИИГиМ, Ричардс, Стеблер т.б. үхынган әдістемелік нүсқауларды қолдану керек.
Төгінді суды пайдалану үшін су жүйелерін қүбырдан жасаган дұрыс. Қазіргі кезде төгінді суды пайдалану үшін әр түрлі су жүйелерінің сұлбасы бар (сурет).
Сурет. Төгінді суды пайдалану жүйелерінің сұлбалары:


Төгінді сулармен суарылатын өсімдіктер. Мұндай сулармен суару барысында дақылдардың түрін тандай білу керек. Олар топырақтағы биохимиялық процестерді жылдамдатып, соған себепкер болуы керек.
Ауыспалы егістіктегі өсімдік түрлерін N 3236-85, 26.03.85 санитарлық ережесі бойынша қабылдауы қажет. Бұл ереже бойынша төгінді сумен бір және көпжылдық шөптерді, мал азығы, техникалық, дәнді, сүрлемдік дақылдарды және отырғызылған ағаштарды суаруға болады. Ал көкөніс пен бау-бақшаны суаруға болмайды.
Ауыспалы егістіктердің қүрамын жасаған кезде көпжылдық шөптің еншісін көбейткен жөн, /65%-ке дейін/. Сонымен қатар көп таралмаған мал азығы дақылдарының да едэуір орын алғаны жон. Олар таза сумен суғарғанға қарағанда, төгінді сумен суғарған кезде онімді 30..50%-ға дейін көп береді. Жоңышқа, судан шөбі, көпжылдық шөп сияқты дақылдар тамырларын кең және терең жіберуі арқылы топырақтың күрамы мен қүнарлығын арттырып, топырақтың жоғарғы қабатьгаа төменгі деңгейдегі кальций қоспасын әкеліп, топырақтың қатталуына жол бермейді. Сонымен қатар, жоңышқа түзға өте төзімді болады да, жапырақтары арқылы топырақтан түздардың көпшілігін шыгарып отырады. Бұл дақыл жерде азот қорегінің көбейгенін байқалтады. Алматы, Тараз, Шымкент маңында топырақ ылғалдылыгы 70 тұрса 5...7 т/га өнім береді. Жүгері дақылы да өте көп онім береді. Ақтөбе облысында жаз кезінде егістікті екі рет суғарғанда жүгері 1.4 т/га қосымша дән береді. Жамбыл облысында 1 литр төгінді су қант қызылшасының түбіріне қосымша 11 кг салмақ берсе, ал кэдімгі сумен суғарғанда мұндай қосымша салмақ 9 кг ғана болтан.
Бұлармен қатар, ағаш отырғызу жұмыстары кеңінен жүргізілгені дұрыс. Әсіресе, тез өсетін терек тұрлері /"Қазақстан", "Қызылтаң", "Қайрат'7 өте пайдалы. «Іле» шаруашылығында «Қазақстан» терегі 7-ші жылы шаруашылық ісіне жарамды болған. Дәнді дакылдарды /арпа, бидай/ төгінді сумен суару көп таралмаған. Мұндай судағы азот әсерінен бұл дақылдардың сабаны өте көп, ал, дэні аз болады деген үгым бар. Бірақ, бұл дақылдардың онімі олардың сортына байланысты.


Мал қорадан шыққан төгінді сумен суару жүргісі. Мал қорадан шыққан суларды органикалық тыңайтқыш ретінде қолданган жөн. Сондықтан оларды пайдаланғанда ылғалдандыру-қоректеңдіру жүргісін жасайды.
Жыл бойында мал қорадан шыққан төгінді сумен суару мөлшерін төмендегі теңдеумен анықтайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет