Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет49/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
АШМ

9)Гидротехникалыц шаралар. Эрозияға қарсы гидротехникалық және орман мелиоративтік шаралармен бірге пайдаланса, эрозияға қарсы шаралардың ең тиімдісі болар еді. Оларды баурайларға оның жобасы мен табанындағы жыра, сайларға орналастырады. Гидротехникалық құрылымдар қарапайым, әрбір шаруашылықта оңай жасалынады, ал өте көп тармақты жыра сайларды тоқтату үшін, күрделі конструкциялар жасалынады.
Баурайдағы ағынды суды тоқтату және оны реттеуге көлденең және еңістігі сатылы, көлтабанды су тоқтатқыш және су қашыртқыш жолдар мен ағымды сулар бөліп таратып жіберетін әр түрлі арықтарды пайдаланады.
Сайдың жотасы, жақтауы мен табанының бұзылып, жырылуын бекіту үшін бас немесе жоталық, сайлы құрылыстарды яғни тез акқыш, құлама, жасалады. Сай табанының шайылып-жырылуын тоқтату үшін қамыс, ағаш, тас, бетон, темір-бетонды кедергілер орналастырылады.
Баурайдың еңістігі 3°-тең 8° аралығы жағдайында көлденең сатыны су өткізбейтін топырақтан жасайды. Бұл жағдайда ағынды суды толық тоқтатуға болады және топырақ батпақтанбайды. Еңістікті сатылы құрылысты ауыр топырақты жерде жасайды. Бұлар ағынды сулардың біраз бөлігін шыңдалған ор арқылы ағызып жібереді де, топырақтың эрозияға айналуын кемітеді. Саты еңістігі жуылып, жырылмауы үшін оның еңістгі 0,005-тең артпауы керек. Су токтатқыш жолдар мен арықтарды баурайлардағы сай жотасының алдына жасап, қардың еріген және нөсер суларын сайға ағызбай бүрады да, сайдың өсуін тоқтатады. Арықты жер бетінің бедеріне сәйкестеңдіре өсіп келе жатқан сай жотасынан жоғарырақ жасайды, ал одан қазылып алынған топырақтан биіктігі 0,5-1 м жол жасалынады. Жолдар мен арықтарды барлық суды немесе оның бөлігін ұстап қалады деген есеппен жобалайды. Жолдың ылғалды жақтауын шыммен бекітеді. Шымның өлшемі 30x20x6 см. Екі және төрт дана таяқшалармен жақтауға бекітеді де, ай сайын кем дегенде, екі рет суғарады. Жал мен арықтарды үлкен соқамен жасап, бульдозерлермен топырақты нығыздайды. Сай, жыралардың ары қарай үлкейюін тоқтату үшін, жал-арықтардан басқа су алып кеткіш жалдар мен арықтардьщ құрылысын жасайды. Оның топырақты жуып-шайып, су жинағыш ауданын, еңістігін жергілікті су ағу шараларына байланысты есептейді. Осы құрылыстар арқылы сай жобасынан суды алып кетеді де шымдалған жерлерден шайылып жуылмайтын бөлігімен ағызып жібереді. Бас немесе жоталық құрылыстарды сай, жыралардың өсуін өте қысқа мерзімде тоқтатып, бекіту үшін пайдаланады.
Судың ағу жылдамдығына байланысты жоталық, жылғалық құрылыстар үш түрге бөлінеді.
Тез ағызғыш - науамен ағызатын құрылыс. Олар пашынды (бір топ байланған шыбық арқылы), ағаштан, бетоннан және темір бетоннан жасалады.
Сатылы су құлама - саты санына қарай бір сатылы және көп сатылы (екі, үш сатылы т.б.) болады. Саты биіктігі шамамен 0,3-0,5 метр болады; ұзындығы биіктігінен 4-5 есе артық болады. Құламаның қимасы тік бұрышты ағаштан, бетоннан жасалады. Құламаның ені 2 метрден артық болмауы тиіс.
Су қашыртқы - суды тез ағызғыштың бір түрі, айырмашылығы су құрылысы аяғында еркін ауамен ағып құлап түседі. Мұның негізі құрылыс материалдары - ағаш, бетон және темір-бетон.
Сайдың жотасын суды тез агызғышпен, құламамен, су қашырткымен бекітумен қатар, сай табанын орып кетпес үшін, оны шыбықтап тоқылған пашынмен, таспен, бетонмен және басқа түптік бөгеулер арқылы бекіту керек. Бөгеулердің сайдың табанын одан ары қарай апарылуына, шайылмауына, сай жақтауының бекуіне себебі тиеді де, екпе ағаштардың өсуіне жағдай жасайды.
5. Жел эрозиясы орманы жоқ ашық, жаңбыр аз жауатын жазық далаларда болады. Қазақстанда тың жерлер жыртылғаннан кейін Павлодар, Торғай, Акмола, Қарағанды, Ақтөбе және т.б. аймактарында топырақтары қатты жел эрозиясынан зардап шекті. Жел эрозиясы кезінде топырақтың үстіңгі құнарлы, қарашірігі мол, жеңіл, қоректік заттарға бай, майда түйіршіктері ауаға көтеріліп, желмен бірге ұшып кетеді.
Күнделікті (жергілікті) эрозия. Әр жердің өзіне тән үйреншікті желі болады. Сол желдің әсерінен де үлкенді-кішілі сырмалар, құйындар болып тұрады. Бұл жерлер үйреншікті болған соң, оған көп көңіл бөлінбейді. Ал ғалымдардың есебіне Қарағанда олардан келер зиян аз емес. Мұндай эрозияның әсерінен күн сайын топырақтың құнарлығы кеміп отырады, желмен ұшқан майда түйіршіктерден өсіп тұрған дақылдардың өркендері зардап шегеді, олардың жапырақтары жырымдалып жыртылады.
Егер танап топырағының 50%-нен көбі диаметрі 1-2 мм-дей үлкен кесек түйіршіктерден тұрса, ондай танапта жел эрозиясы болмайды. Жел эрозиясының басталуына қатты әсерін тигізетін түйіршіктерге диаметрі 0,5-1 мм болатын топырақ кесектері жатады. Мұндай түйіршіктер қатты желдің әсерінен көтеріледі де, жер бетімен секіріп домалай бастайды. Осы кезде басқа кесектерге соғылып, олардың да орнынан қозғалуына себепші болады. Ол кесектер басқаларды қозғайды ақыры жел эрозиясына айналады. Диаметрі 0,1 мм-ден кем түйіршіктер қатты желдің әсерінен (жылдамдығы 15 м/сек) едәуір алысқа ұшып кетеді де, қалқалы бір жерге үйіліп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.
Эрозияга ұшыраған танаптарға себілген дақылдардың бәрінің өнімі төмендейді. Өнім кемуінің мөлшеріне байланысты дакылдар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа мақта, күнбағыс, картоп, темекі, сәбіз, тары, күздік жаздық бидайлар, жүгері, көкөніс дақылдары жатады. Бұл дақылдар өнімді қатты төмендетеді: топырағы эрозияға аздап ұшыраған жерлерде бұл дақылдардың өнімі 10-30%-кемиді, орташа бүлінген жерлерде 30-70%, қатты бүлінген жерлерде 65-90% кемиді.
Екінші топтағы эрозияга сезімтал - арпа, қарақұмық, сорго, бұршақ тұқымдас біржылдық шөптер сияқты дақылдар жатады. Бұл дақылдардың өнімі эрозиядан аздап бүлінген танаптарда 5-15%, орташа бүлінген жерлерде 30-35%, қатты бүлінген танаптарда 40-70% кемиді. Сұлы, қара бидай, көпжылдык шөптер эрозияға ұшырап, бүлінген жерлерде егілгенде, басқа дақылдарға қарағанда төзімді келеді. Бұл дақыл өнімі азғана бүлінген жерлерде 5-10, орташа бүлінген жерлерде 15-40, қатты бүлінген жерлерде 25-55%-ке кемиді.
Эрозияның әсерінен топырақтағы қарашіріктің мөлшері азайып, дақылдардың өнімінің төмендеуіне себеп болады. Соның салдарынан топырақтағы қоректік заттардың мөлшері кемиді, демек дакылдар қоректік заттардың тапшылығынан зардап шегеді. Топырақтағы органикалық заттардың кемуіне байланысты, оның физикалық қасиеттері де нашарлайды. Ондай топырақтар жаңбырдан кейін, суарудан сон тез қатып қалады. Топыраққа судың, ауаның енуі қиындайды.
Жел эрозиясы бар аймақтарда ерте пар қолданған дұрыс, яғни өңдеулер жайдақ жыртатын құралдармен жүргізілуі тиіс. Осылай еткенде жаз бойы жер бетінде аңыздар сақталады да, топырақ эрозиясы болмайды. Ғалымдар жүргізген көп жылдық зерттеулері жерді жайдақ жыртқанда күз, кыс кезінде болатын ылғалдың топыраққа толық сіңуіне мүмкіндік туатынын көрсетіп отыр.
Танапта бидайық сияқты көп жылдық арам шөптер болса, жайдақ өңдейтін құралдарды қолданған сайын, бұл арам шөптердің саны арта түседі. Сондықтан, мұндай танаптарды парға қалдырып, жаз бойы жерді 4-5 рет жайдақ культиваторлармен өңдеп, арам шөптерді танаптардан кетіру керек.
Парға қалдырылған танап жаз бойы бірнеше рет өнделетін болғандықтан, жаздың екінші жартысында жер бетіндегі аңыздың азаюы себепті жел эрозиясы болу қаупі туады. Сондықтан, парға қалдырылатын танапқа орақ кезінде астық сабанын жинамай, шашып кету керек, өйткені сабан топырақты эрозиядан сақтауға септігін тигізеді.
Жерді жайдақ жыртатын құралдармен өңдегенде арам шөптердің саны кейбір жағдайда көбейе түседі. Сондықтан топырақ қорғаудың бұл тәсілін қолданған кезде, ауыспалы eric жүйесі мүлтіксіз орындалуы керек. Сол ауыспалы егістің бір танабы міндетті түрде пар болуы тиіс. Егістің топырақ қорғайтын жүйесі терең (25-27см) және таяз (10-14 см.) жыртуды кезектестіре жүргізуді талап етеді. Парға қалдырылған танапта жер тамыз айының аяғында терең етіп КПТ-250 тәріздес құралмен өңделеді де, содан 2-3 жыл бойы топырақ тек 10-14 см. ғана өңделіп жүргізіліп отырады. Кей жағдайда парға қалдырылған танаптарга арам шөптерді жою үшін, культивациялаудың орнына, оған әртүрлі гербициттер қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет