Дәріс № 12.
Тақырыбы: «Топырақ эрозиясы және оларды болдырмаудың шаралары»
12.1. Топырақ эрозиясы туралы жалпы түсінік
12.2. Су эрозиясы және оның түрлері
12.3. Су эрозиясының пайда болу себептері
1. Эрозия деп, топырақтың жаңбыр, қар, жер суару кезінде беретін судың және желдің әсерінен бұзылуын айтады. Эрозия кезінде топырақтың майда құнарлы бөлігі сумен шайылып, желмен ұшырылып кетеді де, оның құнарлығы кемиді.
Топырақ эрозиясы жерді дұрыс жыртпау, танапты қорғайтын орман жолағының жоқтығынан, оның дұрыс орналастырылмауы, қар суының сіңуіне жағдай жасалмауы себептерінен болады. Жел эрозиясы кезінде топырақ ұшып, "қара дауыл" көтеріледі. Су эрозиясы кезінде танаптарда үлкенді-кішілі жыралар пайда болады.
Су эрозиясы кезінде танаптардан жаз айларында өте тапшы болатын сумен, көзге көрініп тұратын қарашіріктермен қатар әр түрлі қоректік заттар ағып кетеді.
Су және жел эрозиясымен күресу мемлекеттік маңызы бар, өте қажетті шара. Себебі, бұл жұмыстың нәтижесінде мемлекетіміздің ең басты байлығының бірі - жердің құнарлығы сакталады, жыл сайын танаптардан мол өнім алып тұруга мүмкіндік туады.
2. Су эрозиясы, оның түрлері - Соңғы кезде суғармалы жерде пайда болатын табиғи құбылыстың бірі - су эрозиясы. Оның пайда болуы суландыру жүйесіне және суландыратын жер аймағына тікелей байланысты, сонымен қатар, гидротехниктер мен агрономдардың суғармалы жерді дұрыс пайдаланбауы. Соңғы кезде су эрозиясын болдырмау шаралары анықталды, соны дер кезінде қолдану-гидротехниктер мен агрономдардың тікелей міндеті. Топырақ қабатын суару кезінде эрозияның мынадай түрлері кездеседі: жазықтық, ағыншалы және жыралы.
Жазықтық эрозия - топырақ беті бөлшектерінің бұзылуы және сол бөлшектердің өте көп ағыншалы судан пайда болған шұқанақтармен ағуы. Бұл қазыншалардың тереңдігі бірнеше миллиметрге жетеді. Жерді өңдеген кезде, ешқандай зиянсыз тегістеліп, жердің жалпы рельефін өзгертпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |