3. Суару мелиорациясының түрлері
Топыраққа және өсімдікке тигізетін әсеріне қарай суарудың ылғалдандыру, қоректеңдіру, жылыту, күздік немесе қыстық суару, шаю сияқты тұрлері болады.
Ылғалдандыра суаруды топырақта өсімдікке қажетті ылғалдықты ұстап отыру үшін жүргізеді. Бұл ең маңызды суару. Оны өсімдіктің есіп-өну кезеңінде жүргізеді. Әр дақыл өз биологиялық ерекшелігіне байланысты әр түрлі суғарылады. Мұндай суаруды дер кезінде жүргізіп және қажетті су мөлшерін беріп отырса өсімдіктең тұрақты әрі жоғары өнім алуға болады.
Қоректендіре суаруда топырақ құнарсызданып кеткен жағдайда оған сумен бірге қажетті мөлшерде минералды тыңайтқыштар беріледі.
Жылыта суаруда көктемде өсімдікті үсік ұрып кетпес үшін, мүмкіндігі болса, жақын орналасқан зауыт, фабрика немесе ТЭЦ-тең шығып жатқан жылы сумен суғарады.
Суды оттегілеу кезінде суды оттегімен байытып барып суғарады. Мұндай әрекеттер оттегіге мұқтаж топырақта, күріш егілген жерлер мен өзен бойындағы ауыр салмақты топырақтарда жүргізгіледі.
Күздік суарудың мақсаты топырақта ылғал жинау. Оны күзде немесе қыста жүргізеді. Мұндай суаруда топырақ терең ылғалдандырылады.
Шая суару-топырақтағы тұзды шаю үшін күзді күні немесе ерте көктемде жүргізеді. Күздік және шая суаруын біріктіріп жүргізген тиімді болады.
Өсімдіктерді сумен қамтамасыз ету жолында суарудың екі түрі болады: мезгілді және бір рет суару.
Мезгілді суару дегеніміз өсімдікті еккен күннен жинап алған күнге дейін белгілі мөлшермен белгілі мерзімде суғарып отыру.
Бір рет суару дегеніміз өсімдіктің өсіп өну кезінен тыс уақытта жүргізетін суғарым.
Мезгілді суарудың екі түрі болады тынымсыз және мөлшерлеп.
Тынымсыз суару дегеніміз топыраққа суды өсімдікті еккен күннен жинап алғанға дейін тынымсыз тоқтатпай беру. Бұған тамшылата суару жатады.
Мөлшерлеп суару дегеніміз өсімдікті белгілі бір уақытта белгілі мөлшерде суару. Әр суарудың арасында бірнеше күн бос мерзім болады. Оны суару аралық күн деп атайды. Осы суару аралық күндерде барлық агротехникалық іс шараларды жүргізеді. Сонымен қатар үлкен және кіші суару болады.
Үлкен суару деп су шаруашылығы басқармасына қарасты күрделі суару жүйелерінде жүргізлетін суаруды айтады.
Кіші суару деп шаруашылыққа қарасты ішкі шаруашылық жүйесінде жүргізілген суаруды айтады. Қазіргі фермерлердің, жеке қожалықтардың, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтердің суғармалы жерлері мелиорацияның осы түріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |